Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 555 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере железнодорожного транспорта»

Бұйрық · № 792 · қабылданған 16.11.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-555-ekb-117392/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 555 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере железнодорожного транспорта» Күшін жойған Бұйрық ·№ 792 ·16.11.2017
05.10.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 555 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере железнодорожного транспорта»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 792 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 555 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере железнодорожного транспорта»
Атауы (қаз.)
«Теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
792
Қабылданған күні
16.11.2017
Көрсетілген редакция
05.10.2020 117392_486840.kaz
Соңғы өзгеріс
05.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700016181
ЭКБ идентификаторы
117392
Редакция идентификаторы
117392_486840
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:15

0 «Теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11428 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:
4 - тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді;»;
3, 4 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
өкілдің өкілеттігін растайтын құжат;
тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат;
кепілдік туралы шарт немесе кепілдік талаптары қамтылған шарт.
Тiркелген кепiлге өзгерiстердi, толықтыруларды тiркеу және тоқтату үшін өтініш беруші не өтініш берушінің уәкілетті өкілі «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес құжаттардың қосымшасын қоса бере отырып, осы Стандартқа 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, жеке басын растайтын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметті Мемлекеттік корпорация қызметкері «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілі) құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жібереді;
2) ЕДБ-де:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес ЕДБ қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған өтініш;
тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Тiркелген кепiлге өзгерiстердi, толықтыруларды тiркеу және тоқтату үшін өтініш беруші не өтініш берушінің уәкілетті өкілі «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 17–бабына сәйкес құжаттардың қосымшасын қоса бере отырып, осы стандартқа 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады.
ЕДБ-де құжаттарды қабылдауды және электрондық өтінішті жіберуді ЕДБ қызметкері жүзеге асырады;
3) порталда:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-1-қосымшаға сәйкес кепіл берушінің және кепіл ұстаушының ЭЦҚ қол қойылған хабарлама нысанында өтініш;
портал арқылы өтінішті жолдаған кезде жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
Тiркелген кепiлге өзгерiстердi, толықтыруларды тiркеу және тоқтату үшін өтініш беруші не өтініш берушінің уәкілетті өкілі «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 17–бабына сәйкес құжаттардың қосымшасын қоса бере отырып, осы стандартқа 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады.»;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
_________________ Д. Абаев
2017 жылғы «____» _______
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы «____» ___________

1 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және
даму министрінің
2017 жылғы 16 қарашадағы
№ 792 бұйрығына
1-қосымша
«Жылжымалы құрамды
мемлекеттік тiркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан
______________________________________________
(иесiнiң толық атауы) тиесiлi жүк жылжымалы құрамының тiзбесi
Р/с№
Ва­гон түрi
Са­на­ты
Жал­ға алушы
Жал­ға алу мер­зі­мі
Қа­ты­нау өңі­рі
За­уыт нө­мiрi
Тү­ген­деу нө­мiрi
Жа­сал­ған кү­ні
1
2
3
4
5
6
7
8
9
кестенің жалғасы
Нор­ма тив­тік қыз­мет ету мерзi­мi
Нақ­ты қыз­ме­те­ту мер­зі­мі
Соң­ғы жөн­деу кү­ні (ДЖ)*
Соң­ғы жөн­деу күнi (КЖ)**
Ке­ле­сі жөн­деу кү­ні
Тех­ни­ка­лық жай-күйі
Дей­ін жа­рам­ды
Тір­кел­ген оры­ны
(КЖ) ***
(ҰҚЖ)***
жа­рам ды
есеп тен шы­ға­рыл ған
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
Басшы ______________________/_________________________________/
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған кезде)
Мөр орны (заңды тұлға және дара кәсiпкер үшiн)
Ескертпе:
*(ДЖ) – деполық жөндеу
**(КЖ) – күрделi жөндеу
***(ҰКЖ) – қызмет мерзімін ұзарта отырып күрделi жөндеу
**** жүк вагондарының меншiк иелерi үшiн

2 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және
даму министрінің
2017 жылғы 16 қарашадағы
№ 792 бұйрығына
2-қосымша
«Жылжымалы құрамды
мемлекеттік тiркеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша
Нысан
______________________________________
(иесiнiң толық атауы) тиесiлi жолаушы жылжымалы құрамының
және оған теңестірілген почта, почта-багаж және багаж
жылжымалы құрамының тiзбесi
Р/с№
Ва­гон түрi
Са­на­ты
Жал­ға алушы
Жал­ға алу мер­зі­мі
Қа­ты­нау өңі­рі
За­уыт нө­мiрi
Тү­ген­деу нө­мiрi
Жа­сал­ған кү­ні
1
2
3
4
5
6
7
8
9
кестенің жалғасы
Нор­ма­тив тік қыз мет ету мерзi­мi
Нақ ты қыз мет ету мер­зі­мі
Соң­ғы жөн­деу кү­ні (ДЖ) *
Соң­ғы жөн­деу күнi (КЖ)
Ке­ле сі жөн деу кү­ні
Тех­ни­ка­лық жай-күйі
Дей­ін жа­рам­ды
Тір­кел ген де­по­сы
(КЖ-1)
***
(КЖ-2)
***
(ҚМҰКЖ)
(ҚККЖ) *****
жарм­ды
есеп тен шы­ға­рыл ған
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
Басшы ______________________/_________________________________/
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған кезде)
Мөр орны. (заңды тұлға және дара кәсiпкер үшiн)
Ескертпе:
*(ДЖ) – деполық жөндеу
**(КЖ) – күрделi жөндеу
***(ҚМҰКЖ) – қызмет мерзімін ұзарта отырып күрделi жөндеу
**** жүк вагондарының меншiк иелерi үшiн

3 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және
даму министрінің
2017 жылғы 16 қарашадағы
№ 792 бұйрығына
3-қосымша
«Жылжымалы құрамды
мемлекеттік тiркеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
5-қосымша
Нысан
_____________________________________
(иесiнiң толық атауы) тиесілі арнайы жылжымалы құрамының тiзбесi
Р/с№
Серия сы
Санаты
Жалға алушы
Жалға алу мерзімі
Қатынау өңірі
Зауыт нөмiрi
Түгендеу нөмiрi
Жасалған күні
1
2
3
4
5
6
7
8
9
кестенің жалғасы
Норма тивтік қызмет ету мерзiмi
Нақты қыз мет ету мерзімі
Соңғы жөндеу күнi
Келесі жөндеу күні
Техникалық жай-күйі
Дейін жарамды
Тіркел ген орыны
(КЖ-1)**
(КЖ-2)***
жарамды
есеп тен шығарыл ған
10
11
12
13
14
15
16
17
18
Басшы ______________________/_________________________________/
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған кезде)
Мөр орны
(заңды тұлға және дара кәсiпкер үшiн)
Ескертпе:
*(КЖ-1) – 1-көлемдегі жөндеу
**(КЖ-2) – 2-күрделi жөндеу

4 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және
даму министрінің
2017 жылғы 16 қарашадағы
№ 792 бұйрығына
4-қосымша
«Жылжымалы құрам кепілін
мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан
_________________________________________________
(тіркеуші органның атауы)
№ _____ Өтініш
Кепіл беруші______________________________________________________
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), жеке сәйкестендіру
нөмірі (ЖСН); атауы, заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ________сериясы _________№_____________
___________________________ берілді, берілген күні _________________________
(құжатты берген органның атауы)Почталық мекенжайы,
телефон _________________________________________
Кепіл ұстаушының банктік реквизиттері ______________________________________
____________________________________________________________________________
атынан әрекет етеді
(уәкілетті өкілдің деректемелері)
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
негізінде (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
Кепіл ұстаушы_______________________________________________________________
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), жеке сәйкестендіру
нөмірі (ЖСН) немесе атауы немесе заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі
(БСН) ______________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ________сериясы _________№_____________
___________________________ берілді, берілген күні _________________________
(құжатты берген органның атауы)Пошталық мекенжайы,
телефон_______________________________________
Кепіл ұстаушының банктік реквизиттері ______________________________________
____________________________________________________________________________
атынан әрекет етеді (уәкілетті өкілдің деректемелері)
____________________________________________________________________________
__________________________________________________ негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
Кепілдің өзгеруін және/немесе толықтыруын немесе тоқтауын тіркеуді өтінемін:
____________________________________________________________
(керек емесін сызып тастау)
Тіркеуші орган берген жылжымалы мүлік кепілінің тіркеу нөмірі
(активтер мен міндеттемелерді бір уақытта беру туралы шарт негізінде
өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу жағдайларын қоспағанда)
____________________________________________________________________________
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың сипаттамасы немесе кепілді
тоқтату негізі
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Кепіл шартына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда:
Шарттың жасалған күні_______________________________________________________
Кепілдің мәні туралы мәліметтер (жылжымалы мүліктің сипаттамасы)
____________________________________________________________________________
Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы__________
Шарттың қолданылу мерзімі __________________________________________
Кепілге салынған мүлік______________________________________________
кепіл берушінің_____________________________________________________
кепіл ұстаушыныңиелігінде және пайдалануында қаладыОны пайдалануға болатыны:
Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау)Қайталама кепiл туралы мәлiметтер:
Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау)
Өтінішке мыналарды қоса беремін: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, қашанжәне
кім берген)1. Төлем туралы құжат: түрі________№____________
___________сомасына2._______________________________________________________
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет пе:Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау
керек)Кепіл берушінің немесе оның өкілінің қолы және заңды тұлға үшін мөр
(бар болған кезде): ________________________________________________________
Кепіл ұстаушының (өкілінің) қолы және заңды тұлға үшін мөр (болған жағдайда):
_________________________________________________________
Өтініш берілген күн: 20__ жылғы _______________
Өтініш қабылданған күн: 20___ жылғы ___________

Қолданыстағы