О внесении дополнений в постановление акимата от 30 декабря 2015 года № 566 «Об утверждении регламентов государственных услуг»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата от 30 декабря 2015 года № 566 «Об утверждении регламентов государственных услуг»
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 566 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 52
- Қабылданған күні
- 01.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 13.01.2020 109805_438998.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17N0006832
- ЭКБ идентификаторы
- 109805
- Редакция идентификаторы
- 109805_438998
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:18
0 Әкімдіктің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 566 «Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер регламенттерін бекіту туралы»
қаулысына толықтырулар енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 579 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14368 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 566 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6185 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 ақпанда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету», «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектерге кресло-арбалар беру», «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету», «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу», «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.».