О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 599 «Об утверждении Положения о комиссии по аттестации лиц, претендующих на право занятия деятельностью частного судебного исполнителя»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 599 «Об утверждении Положения о комиссии по аттестации лиц, претендующих на право занятия деятельностью частного судебного исполнителя»
- Атауы (қаз.)
- «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау бойынша комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 529
- Қабылданған күні
- 04.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 04.11.2019 135942_427186.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.11.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019575
- ЭКБ идентификаторы
- 135942
- Редакция идентификаторы
- 135942_427186
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:59
0 «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау бойынша комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау бойынша комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетіңн атқарушының 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12347 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау бойынша комиссия туралы ережеде:
1 тарауың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1 тарау. Жалпы ережелер»;
4, 5 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер және жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарында тағылымдамадан өткен тұлғалар облыстардың, республикалық мәні бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органы (бұдан әрі - аумақтық әділет органы) жанынан құрылатын Комиссияда аттестаттаудан өтеді.
5. Комиссия тұрақты қызмет ететін орган болып табылады және жеті адамнан – жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысымен қоса екі жеке сот орындаушысынан, әділет органының екі өкілінен, ғалым-құқықтанушыдан, мәслихат депутатынан және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшелерінен жұртшылық өкілінен тұрады. Комиссияның құрамы және оның жұмысының регламенті уәкілетті органның аумақтық органы басшысының бұйрығымен бекітіледі.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мәслихат депутатының кандидатурасын облыстардың, республикалық мәні бар қалалардың және астананың мәслихаттары ұсынады.»;
2 тарауың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2 тарау. Аттестаттау комиссиясының өкілеттіктері»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Осы Ереженің 14-тармағында көрсетілген мән-жайлар болған кезде Комиссияның мүшесі өздігінен бас тартады.
Өздігінен бас тартпаған жағдайда отырысқа қатысатын Комиссияның мүшелері не үміткер қарсылық білдіреді.
Осы Ереженің 14-тармағында көрсетілген мән-жайлар болған кезде Комиссия мүшесі аттестаттау уақытында қатысқан жағдайда аттестаттау нәтижелері жарамсыз деп еспетеледі.».