О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 599 «Об утверждении типового положения о службах внутреннего аудита»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 599 «Об утверждении типового положения о службах внутреннего аудита»
- Атауы (қаз.)
- «Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 367
- Қабылданған күні
- 19.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 19.04.2021 154917_528527.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022574
- ЭКБ идентификаторы
- 154917
- Редакция идентификаторы
- 154917_528527
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:34
0 «Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12544 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 18 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережеде:
12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) орталық мемлекеттік органның бірінші басшысымен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімімен келісілген, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін, құрамына ІАҚ кіретін мемлекеттік органның қаржылық есептілігінің аудитіне қатысады;»;
14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) ІАҚ-ның жылдық жұмыс жоспарын әзірлейді, бірінші басшыға (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі) бекітуге ұсынады және орындалуын қамтамасыз етеді.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. ІАҚ қызметі оларға жүктелген міндеттер мен өкілеттіктерді іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында олардың бірінші басшылары бекітетін ІАҚ-ның жылдық жұмыс жоспарына және тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.