Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 июля 2015 года № 639 «Об утверждении Правил формирования цен на лекарственные средства и изделия медицинского назначения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи»

Бұйрық · № 820 · қабылданған 23.10.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-639-ekb-94814/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 июля 2015 года № 639 «Об утверждении Правил формирования цен на лекарственные средства и изделия медицинского назначения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи» Күшін жойған Бұйрық ·№ 820 ·23.10.2015
19.04.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 июля 2015 года № 639 «Об утверждении Правил формирования цен на лекарственные средства и изделия медицинского назначения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 820 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 июля 2015 года № 639 «Об утверждении Правил формирования цен на лекарственные средства и изделия медицинского назначения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи»
Атауы (қаз.)
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға бағаларды қалыптастыру қағидаларын бекіту» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 639 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
820
Қабылданған күні
23.10.2015
Көрсетілген редакция
19.04.2019 94814_403926.kaz
Соңғы өзгеріс
19.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012201
ЭКБ идентификаторы
94814
Редакция идентификаторы
94814_403926
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:55

0 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы
бұйымдарға бағаларды
қалыптастыру қағидаларын бекіту»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы
30 шілдедегі № 639 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру
енгізу туралы
Дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға бағаларды қалыптастыру қағидаларын бекіту» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 639 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11887 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2015 жылы 14 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға бағаларды қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі -Қағидалар) бекітілсін;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 4 және 25-тармақтарын қоспағанда, мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұл ретте Қағидалардың 3-1- тармағы 2016 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға бағаларды қалыптастыру қағидалары:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. ММБ шекті бағасы ТМККК шеңберінде сатып алынатын дәрілік нысаны мен оның дозасын есепке ала отырып, бір ММБ бөлінісінде 15%-дан аспайтын көтерме үстеме бағаны ескере отырып, тіркелген бағалардың арасындағы орташа арифметикалық мәні ретінде айқындалады.
Долларға қатысты теңгенің ресми бағамы 15 пайыздан аса өзгерген жағдайда шекті бағаны қалыптастыру кезінде долларға қатысты теңге бағамының өзгеру коэффициенті ескеріледі.
2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған ұзақ мерзімді шарттардың шеңберінде отандық өндірушілер жеткізетін дәрілік заттарға шекті баға көтерме үстеме баға ескеріле отырып, GMP жағдайларында өндірілген отандық тауар өндірушілердің алдыңғы жылғы нақты сатып алынған дәрілік заттарының бағасының негізінде белгіленеді және жыл сайын келесі 5 жыл ішінде алдыңғы жылдың шекті бағасынан 5 пайызға төмендейді. 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған ұзақ мерзімді шарттардың шеңберінде GMP жағдайында өндірілетін және отандық өндірушілер жеткізетін дәрілік заттарға шекті баға, егер мәлімделген баға алдыңғы жылғы нақты сатып алу бағасынан төмен болса, онда шекті баға көтерме үстеме баға ескеріле отырып мәлімделген баға бойынша айқындалады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 14 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Қолданыстағы