Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 7-1/393 «Об утверждении Правил отбора проб перемещаемых (перевозимых) объектов и биологического материала»

Бұйрық · № 64 · қабылданған 13.02.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-7-1393/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 7-1/393 «Об утверждении Правил отбора проб перемещаемых (перевозимых) объектов и биологического материала» Қолданыста Бұйрық ·№ 64 ·13.02.2019
13.02.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 7-1/393 «Об утверждении Правил отбора проб перемещаемых (перевозимых) объектов и биологического материала»

Қолданыста Бұйрық ·№ 64 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 7-1/393 «Об утверждении Правил отбора проб перемещаемых (перевозимых) объектов и биологического материала»
Атауы (қаз.)
«Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
64
Қабылданған күні
13.02.2019
Көрсетілген редакция
13.02.2019 129162_390410.kaz
Соңғы өзгеріс
13.02.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018317
ЭКБ идентификаторы
129162
Редакция идентификаторы
129162_390410
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:07

0 «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11618 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 17-1)-тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) Қан алу жүйесі – тасымалдауға арналған және элементтерді қан алу үшін қайта пайдалануды болдырмайтын, саңылаусыз жабылған шыны түтікшеге (котейнер) тікелей қан алуды жүргізуге мүмкіндік беретін, өзара байланысқан бір реттік элементтердің қосындысы.»;
9-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) шыны бойынша қарындаш (маркер), пастер пипеткалары, шыны түтіктер, қан алу жүйесі, саптыаяқтар, стақандар, нормативтік құжаттарға сәйкес келетін диаметрі мен ұзындығы әртүрлі металл және пластмасса құбырлар;»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Зерттеу үшін іріктелген сұйық сынамаларды құрғақ таза шыны немесе полиэтиленді ыдысқа немесе біржолғы түтіктерге, сусымалы сынамаларды тығыз полиэтиленді қаптарға орналастырады.
Шыны, полиэтиленді ыдыстарды, түтіктерді, қаптарды пергамент қағазға орайды, жіппен байлайды және мөрлейді.
Сынамалардың оралған үлгілерін арнайы лайықталған жәшікке орналастырады, жөнелтілетін өнімнің тұтастығын қамтамасыз ету үшін қағазбен жабады.»;
1-қосымшада:
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Сұйық биологиялық материалды (қан, қан сарысуы, лимфа, жұлын сұйықтығы, өт және басқалар) диагностикалық зерттеулердің барлық кешенін жүргізуге мүмкіндік беретін көлемде бір рет қолданылатын инелер арқылы бір реттік шыны түтіктерге, қан алу жүйесіне пункция арқылы жинайды. Түтіктерді жануарлардың бірдейлендіру нөмірлерін жазып, таңбалайды.
Бактериологиялық және вирусологиялық зерттеулер үшін сұйық патологиялық материалды (қан, ірің, зәр, өт, экссудаттар) мыналар арқылы жібереді:
1) дәнекерленген пастер пипеткаларында, материалды алу алдында пипетканың екі шетін фламбирлейді, ал жіңішке шетін тік бұрыш етіп иеді, сындырады және күйдірілген жерден ағзаға терең енгізеді, материалды сорып алғаннан кейін пипетканың қызып кетуіне жол бермей, оны екі шетінен дәнекерлейді, кейін әр пипетканы мақтаға орайды және түтікке орналастырады;
2) инесі бар қайнатылған шприцтің көмегімен жиналған резеңке тығынмен нығыздап жабылған стерильденген түтікте.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5 5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы