Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 7-1/68 «Об утверждении Правил идентификации сельскохозяйственных животных»

Бұйрық · № 412 · қабылданған 30.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-7-168-ekb-151160/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 7-1/68 «Об утверждении Правил идентификации сельскохозяйственных животных» Қолданыста Бұйрық ·№ 412 ·30.12.2020
30.12.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 7-1/68 «Об утверждении Правил идентификации сельскохозяйственных животных»

Қолданыста Бұйрық ·№ 412 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 7-1/68 «Об утверждении Правил идентификации сельскохозяйственных животных»
Атауы (қаз.)
«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
412
Қабылданған күні
30.12.2020
Көрсетілген редакция
30.12.2020 151160_506376.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000022011
ЭКБ идентификаторы
151160
Редакция идентификаторы
151160_506376
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:11

0 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 38) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 38) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәртібін, сондай-ақ «Ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор (бұдан әрі – дерекқор) – диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын және ветеринария саласындағы уәкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алудың бөлігі;
2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру – дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтерді енгізе отырып және ветеринариялық паспорт бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу рәсімі;
3) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы (бұдан әрі – жеке нөмірлер эмиссиясы) – ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің дәйекті нөмірленуін айқындау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы және оларды республиканың әкімшілік-аумақтық бірліктері бойынша бөлу;
4) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін пайдаланылатын сырғалар (аспалы, радиожиілік таңбасы бар), болюстер, чиптер және басқа да бұйымдар (құралдар);
5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттар – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін пайдаланылатын құрал-саймандар мен аспаптар;
6) процессингтік орталық – функцияларын Заңға сәйкес жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның құрылымдық бөлімшесі;
7) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;
8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Бірдейлендіруге жататын ауыл шаруашылығы жануарлар басының саны осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірі символдарының санынан асқан жағдайда, осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірі символдарының санын ауыл шаруашылығы жануарының реттік нөмірін бір символға ұлғайту жолымен ұлғайтуға жол беріледі.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру рәсіміне мыналар кіреді:
1) осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тәсілдердің бірімен ауыл шаруашылығы жануарларына жеке нөмір беру;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6321 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидаларына сәйкес мәліметтерді дерекқорға енгізу;
3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорт беру.»;
19, 20, 21, 22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған ветеринариялық ұйым (бұдан әрі – ветеринариялық ұйым) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындайды және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган):
1) ағымдағы жылғы 1 ақпанға дейін – ағымдағы жылға ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілік бойынша;
2) ағымдағы жылғы 1 наурызға дейін – келесі жылға ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілік бойынша;
3) осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген жағдайлардың туындауына қарай ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттіліктің туындауына қарай ақпарат береді.
20. Жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес алынған ақпарат негізінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілік туралы ақпаратты айқындайды және процессингтік орталыққа:
1) ағымдағы жылғы 15 ақпанға дейін – ағымдағы жылға ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілік бойынша;
2) ағымдағы жылғы 15 наурызға дейін – келесі жылға ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілік бойынша;
3) осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген жағдайлардың туындауына қарай ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттіліктің туындауына қарай ақпарат береді.
21. Процессингтік орталық осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес алынған ақпарат негізінде жеке нөмірлердің эмиссиясын жүргізеді:
1) жеке нөмірлердің жүргізілген эмиссиясының нәтижелерін жергілікті атқарушы органдарға жеткізеді;
2) ірі және ұсақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдауды (жеткізуді) және жергілікті атқарушы органдарға беруді жүзеге асырады.
22. Облыстың жергілікті атқарушы органы:
1) процессингтік орталықтан ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді, жеке нөмірлердің эмиссиясын жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың алынуына қарай ветеринариялық ұйымдарға олардың қажеттіліктеріне сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды, жеке нөмірлердің эмиссиясына сәйкес жылқылар мен тақ тұяқты жануарлардың жеке нөмірлерін және ветеринариялық паспорттарды бөледі;
2) жүргізу мерзімін анықтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді ұйымдастырады;
3) тұрақты негізде дерекқорды жүргізуді ұйымдастырады.
23. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы:
1) процессингтік орталықтан ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді, жеке нөмірлердің эмиссиясын жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың алынуына қарай ветеринариялық ұйымға олардың қажеттіліктеріне сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды, жеке нөмірлердің эмиссиясына сәйкес жылқылар мен тақ тұяқты жануарлардың жеке нөмірлерін және ветеринариялық паспорттарды береді;
2) жүргізу мерзімін анықтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді ұйымдастырады;
3) тұрақты негізде дерекқорды жүргізуді ұйымдастырады.»;
24-тармақ алып тасталсын;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Ветеринариялық ұйым:
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу уақыты мен орнын айқындайды;
2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізеді;
3) жануарға осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген сәйкестендіру тәсілдерімен жеке нөмір береді;
4) дерекқорды жүргізуді жүзеге асырады (дерекқорға деректерді енгізу);
5) жануар иесіне осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес ветеринариялық паспорт береді.»;
28-тармақ алып тасталсын;
29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) бүлінген немесе жоғалған кезде (ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірін айқындау мүмкін болмаған жағдайда) жануар иесі басқа ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін ветеринариялық паспорттармен және дерекқормен салыстырып тексергенге дейін жануарды оқшаулайды.
Егер ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) бірнеше ауыл шаруашылығы жануарларынан жоғалған жағдайда, ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін анықтау ветеринариялық паспортта (ауыл шаруашылығы жануарының жынысы, түсі, қосымша белгілері) көрсетілетін қосымша деректер бойынша жүргізіледі.
Көрсетілген жағдайларда ауыл шаруашылығы жануарларының иесі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық ұйымына жүгінеді. Ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін белгілеу ауыл шаруашылығы жануарларының иесі өтініш берген күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Осы тармақта көрсетілген себептер бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын қайта бірдейлендіру жануар иесі өтініш берген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде ауыл шаруашылығы жануарына жаңа жеке нөмір бере отырып, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығы жануарына жаңа жеке нөмір беру кезінде дерекқорда және ветеринариялық паспортта ауыл шаруашылығы жануарын қайта бірдейлендіру себептерін көрсете отырып және осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген шараларды қабылдай отырып, ауыл шаруашылығы жануарының алдыңғы жеке нөміріне байланыстыра отырып, тиісті ақпарат (қайта бірдейлендірілді) көрсетіледі.
30. Жеке тұлғаларға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының төлін бірдейлендіру осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарының жасына жеткенге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жүзеге асырылады.
Ауыл шаруашылығы құралымдары мен шаруа қожалықтарына тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның тиісті бөлімшесіне және ветеринариялық ұйымға басшы ұсынған алдағы бұзаулау (төлдеу, торайлау) кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«3 тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Мемлекеттік қызметті ветеринариялық ұйымдар көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ветеринариялық ұйым арқылы не портал арқылы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 6-1-қосымшаға сәйкес «Ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастау туралы мәліметтерді ветеринариялық ұйым «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.
Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 31-1, 31-2 және 31-3-тармақтармен толықтырылсын:
«31-1. Ветеринариялық ұйымның жұмыскері өтініш түскен күні оны тіркеуді жүзеге асырады және оны жауапты ветеринариялық дәрігерді тағайындайтын ветеринариялық ұйымның басшысына жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ветеринариялық ұйымда қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы белгі қою болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
31-2. Жауапты ветеринариялық дәрігер өтініш тіркелген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, жауапты ветеринариялық дәрігер өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.
31-3. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жауапты ветеринариялық дәрігер дерекқордағы ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірін тексереді, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдейді – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорт не осы Қағидаларға 6-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.
Ветеринариялық паспорт қағаз нысанында ресімделеді. Ветеринариялық паспортқа мәліметтерді ветеринариялық ұйымның ветеринариялық дәрігері енгізеді, ветеринариялық ұйымның ветеринариялық дәрігерінің қолымен және мөрімен бекемделеді.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» ветеринариялық паспортты алу орны, күні және уақыты туралы ақпарат не ветеринариялық ұйымның уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мерзімі өтініш берілген сәттен бастап үш жұмыс күнін құрайды.»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Ауыл шаруашылығы жануарына жүргізілген ветеринариялық дауалау және диагностикалық зерттеулер туралы мәліметтер және ауыл шаруашылығы жануары туралы басқа да мәліметтер (ауыл шаруашылығы жануарының жынысы, түсі, жасы, қосымша белгілері) дерекқорға енгізіледі.»;
38, 39 және 40-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Жануар өлген жағдайда, сондай-ақ осы Қағидалардың 29-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде ветеринариялық паспорттарды және ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіруге арналған бұйымдарды (құралдарды) жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелеріне тиісті ақпаратты жолдай отырып, ветеринариялық ұйымдар жояды.
39. Ветеринариялық паспорттың телнұсқасын беру ол жоғалған немесе бүлінген кезде жүргізіледі.
Ветеринариялық паспорттың телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ветеринариялық ұйым арқылы не портал арқылы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Жоғалған, бүлінген ветеринариялық паспорттар ауыл шаруашылығы жануарларының иелері осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі.
Ветеринариялық паспорттың телнұсқасын алуға өтініш келіп түскен кезде ветеринариялық ұйымның ветеринариялық дәрігері өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірін тексереді, жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазумен және ветеринариялық паспорттың бастапқы берілген күні мен оны қайта ресімдеу күнін көрсете отырып, ветеринариялық паспорттың телнұсқасын ресімдейді не осы Қағидаларға 6-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартады.
40. Ветеринариялық паспорттан үзінді көшірме алу қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы ветеринариялық ұйым арқылы не портал арқылы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Ветеринариялық ұйымның ветеринариялық дәрігері отыз минут ішінде өтінішті қарайды және ветеринариялық паспорттан үзінді көшірмені береді не осы Қағидаларға 6-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартады.»;
мынадай мазмұндағы 40-1 және 40-2-тармақтармен толықтырылсын:
«40-1. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының ветеринариялық паспорт алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ветеринариялық паспорт алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.
40-2. Ветеринариялық ұйым Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.»;
мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:
«4-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ветеринариялық ұйымдардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
41. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ветеринариялық ұйымның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым ветеринариялық ұйым, жергілікті атқарушы орган басшысының атына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
42. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
ветеринариялық ұйым, жергілікті атқарушы орган – оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
43. Ветеринариялық ұйымның, жергілікті атқарушы органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
44. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.»;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес 6-1 және 6-2-қосымшалармен толықтырылсын;
көрсетілген Қағидаларға 7 және 8-қосымшалар осы бұйрыққа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

1 Ветеринариялық паспорт Ветеринарный паспорт

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 412
бұйрығына 1-қосымша
Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіру
қағидаларына 2-қосымша
Нысан
(1-бет)/(страница 1)
Ветеринариялық паспорт
Ветеринарный паспорт
_____________________ село/аудан/район (қала/город)
_____________________ облыс/область
(2-бет)/(страница 2)
Ветеринариялық паспорттың нөмipi/Номер ветеринарного паспорта: ____*
Жануар туралы деректер / Данные о животном:
Tүpi / Вид __________________________________________________________
Жынысы / Пол ______________________________________________________
Аты / Кличка ________________________________________________________
Жасы (туған күні) / Возраст (дата рождения) _____________________________
Бiрдейлендiру әдici / Способ идентификации ____________________________
Малдың ата-енелері туралы деректер (асыл тұқымды жануар үшін) /
Данные о родителях (для племенного животного) ________________________
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры ти­е­сі­лі иесiнiң аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), те­гі неме­се заң­ды тұл­ға­ның ата­уы/ фа­ми­лия, имя, от­че­ство (при на­ли­чии) вла­дель­ца или на­име­но­ва­ние юри­ди­че­ско­го ли­ца, ко­то­ро­му при­над­ле­жат сель­ско­хо­зяй­ствен­ные жи­вот­ные
Иесiнiң неме­се заң­ды тұл­ға­ның ме­кен­жайы /Ад­рес вла­дель­ца или юри­ди­че­ско­го ли­ца
Топ­қа (отар­ға) пас­порт бер­ген кез­де ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры­ның бір­дей­лен­ді­ру нө­мі­рі / Иден­ти­фи­ка­ци­он­ный но­мер сель­ско­хо­зяй­ствен­ных жи­вот­ных при вы­да­че пас­пор­та на груп­пу (ота­ру)
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры­ның иесi ауы­сты­ры­л­ған күн/ Да­та сме­ны вла­дель­ца сель­ско­хо­зяй­ствен­ных жи­вот­ных
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры иесiнiң ауы­сты­ры­луын рас­тай­тын, жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган құр­ған мем­ле­кет­тік ве­те­ри­на­ри­я­лық ұй­ым­ның ве­те­ри­на­ри­я­лық дә­рі­ге­рі­нің қо­лы мен мөpi/ Под­пись и пе­чать ве­те­ри­нар­но­го вра­ча го­су­дар­ствен­ной ве­те­ри­нар­ной ор­га­ни­за­ции, со­здан­ной мест­ным ис­пол­ни­тель­ным ор­га­ном, под­твер­жда­ю­ще­го сме­ну вла­дель­ца сель­ско­хо­зяй­ствен­ных жи­вот­ных
Берiлген күнi 20 __ жылғы __ ________ / Дата выдачи __ ________ 20 __ год
(ветеринариялық паспорт берген,
жергілікті атқарушы орган
құрған мемлекеттік ветеринариялық
ұйымның ветеринариялық дәрігерінің мөpi/
печать ветеринарного врача государственной ветеринарной
организации, созданной местным
исполнительным органом, выдавшей
ветеринарный паспорт) __________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы / фамилия, имя,
отчество (при наличии), подпись)
Ескертпе: *ветеринариялық паспорттың нөмipi ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмiрiне сәйкес келедi. Паспортты ауыл шаруашылығы жануарларының тобына (отарына) берген кезде төртінші жеті сан (бірдейлендіру нөмipiнiң жеке тасымалдаушысы) көрсетілмейді. Бұл сандар жануарлар паспорты кecтeciнiң 3-бағанында көрсетіледі/Примечание: *номер ветеринарного паспорта соответствует индивидуальному номеру сельскохозяйственных животных. При выдаче паспорта на группу (отару) сельскохозяйственных животных четвертые семь цифр (индивидуальный носитель идентификационного номера) не указывается. Эти цифры указываются в 3 графе таблицы паспорта животного.

2 Өтініш

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 412
бұйрығына 2-қосымша
Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіру
қағидаларына 6-қосымша
Нысан
___________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құрған ветеринариялық ұйымның атауы)
кімнен_______________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі/заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Мекенжайы__________________________
_______________________
Өтініш
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу нәтижелері бойынша ветеринариялық паспорт беруді сұраймын.
Жануардың түрі _____________________________________________
Жануардың саны _______________________________________
Ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі __________
Бірдейлендіру тәсілі (сырғалау, таңба басу, чип салу, татуировка) (керегінің астын сызу).
Байланыс телефондары _________ Электронды мекенжайы _________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.
Қолы/ Көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасы
_______________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Күні __________________

3 «Ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 412
бұйрығына 3-қосымша
Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіру
қағидаларына 6-1-қосымша
«Ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті об­лы­стар­дың, Нұр-сұл­тан, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры құр­ған мем­ле­кет­тік ве­те­ри­на­ри­я­лық ұй­ым­дар (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші) көр­се­те­ді.
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші;
2) www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
1) ве­те­ри­на­ри­я­лық пас­порт бе­ру ке­зін­де – 3 (үш) жұ­мыс кү­ні ішін­де;
2) ве­те­ри­на­ри­я­лық пас­порт­тың тел­нұс­қа­сын бе­ру ке­зін­де – 2 (екі) жұ­мыс кү­ні ішін­де;
3) ве­те­ри­на­ри­я­лық пас­порт­тан үзін­ді кө­шір­ме бе­ру ке­зін­де – 30 (отыз) ми­нут ішін­де.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық/қа­ғаз тү­рін­де.
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Ве­те­ри­на­ри­я­лық пас­порт­ты, ве­те­ри­на­ри­я­лық пас­порт­тың тел­нұс­қа­сын, ве­те­ри­на­ри­я­лық пас­порт­тан үзін­ді кө­шір­ме бе­ру не мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден уәжді бас тар­ту.
Ве­те­ри­на­ри­я­лық пас­порт қа­ғаз ны­са­нын­да бе­рі­ле­ді.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы пор­тал ар­қы­лы жү­гін­ген кез­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті ада­мы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да ве­те­ри­на­ри­я­лық пас­порт­ты алу ор­ны, кү­ні және уа­қы­ты ту­ра­лы ақ­па­рат жі­бе­рі­ле­ді.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Те­гін.
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де – 2015 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі-жұ­ма ара­лы­ғын­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру Ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 17.30-ға дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Бел­гі­лен­ген жұ­мыс уа­қы­ты­нан тыс құ­жат­тар­ды қа­был­да­уды және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші жұ­мыс уа­қы­ты­ның кесте­сіне сәй­кес бел­гі­лей­ді;
2) пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Ко­дек­с­ке сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың, аста­на­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры­ның ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған: www.​gov.​kz.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
Ве­те­ри­на­ри­я­лық ұй­ым­ға жү­гін­ген кез­де:
1) ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
2) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат және (неме­се) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы өкі­лі­нің өкі­лет­тікте­рін рас­тай­тын құ­жат (же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін та­лап еті­ле­ді);
пор­тал­да:
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш.
Же­ке тұл­ға­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны тір­кеу (қай­та тір­кеу), да­ра кә­сіп­кер­ді тір­кеу ту­ра­лы не да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де қыз­мет­ті ба­стау ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дан ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден алы­нуы мүм­кін құ­жат­тар­ды та­лап ету­ге жол бе­ріл­мей­ді.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ве­те­ри­на­ри­я­лық пас­порт алу үшін ұсын­ған құ­жат­та­ры­ның және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі­нің анық­та­луы
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 30 қаң­тар­да­ғы № 7-1/68 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 11127 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бір­дей­лен­ді­ру қа­ғи­да­ла­рын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты ве­те­ри­на­ри­я­лық пас­порт алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма қыз­ме­ті­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры: 8 (7172) 701 998, мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.

4 Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 412
бұйрығына 4-қосымша
Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіру
қағидаларына 6-2-қосымша
Нысан
Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту
Сіздің 20 ___ жылғы ________ № __________ өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды.
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________.
(бас тартуға негіздеме)
_________________________________________________________________________________________
(қол қоюшының лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы / электрондық цифрлық қолтаңба)

5 Өтініш

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 412
бұйрығына 5-қосымша
Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіру
қағидаларына 7-қосымша
Нысан
_______________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құрған ветеринариялық ұйымның атауы)
кімнен_______________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты( бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі/заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Мекенжайы ________________________
Өтініш
Ветеринариялық паспорттың телнұсқасын беруді сұраймын.
Себебі _____________________________________________
Жануардың түрі _____________________________________________
Жануардың саны _______________________________________
Ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі __________
Байланыс телефондары _________ Электронды мекенжайы _________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.
Қолы/Көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасы
__________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Күні __________

6 Өтініш

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 412
бұйрығына 6-қосымша
Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіру
қағидаларына 7-қосымша
Нысан
___________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құрған ветеринариялық ұйымның атауы)
кімнен_____________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты( бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі/заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Мекенжайы ____________________
Өтініш
Ветеринариялық паспорттан үзінді көшірме беруді сұраймын.
Ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі __________
Байланыс телефондары ____________ Электрондық мекенжайы_________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.
Қолы/ Көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасы
____________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Күні ___________________

Қолданыстағы