Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 7-1/68 «Об утверждении Правил идентификации сельскохозяйственных животных»

Бұйрық · № 412 · қабылданған 24.12.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-7-168-ekb-204714/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 7-1/68 «Об утверждении Правил идентификации сельскохозяйственных животных» Қолданыста Бұйрық ·№ 412 ·24.12.2024
24.12.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 7-1/68 «Об утверждении Правил идентификации сельскохозяйственных животных»

Қолданыста Бұйрық ·№ 412 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 7-1/68 «Об утверждении Правил идентификации сельскохозяйственных животных»
Атауы (қаз.)
«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
412
Қабылданған күні
24.12.2024
Көрсетілген редакция
24.12.2024 204714_735275.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035519
ЭКБ идентификаторы
204714
Редакция идентификаторы
204714_735275
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 07:30

0 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында:
8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) электрондық бірдейлендіру тәсілі (маралдар және ауыл шаруашылығы өндiрiсiне тiкелей қатысы бар бизондар).»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Процессингтік орталық осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес алынған ақпарат негізінде жеке нөмірлердің эмиссиясын жүргізеді және оның нәтижелерін жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізеді.»;
22-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың сатып алынуына және процессингтік орталықтан жүргізілген жеке нөмірлердің эмиссиясы нәтижелерінің алынуына қарай ветеринариялық ұйымдарға ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды, жылқылар мен тақ тұяқты жануарлардың жеке нөмірлер эмиссиясының қажеттілігіне сәйкес олардың жеке нөмірлерін бөледі;»;
23-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың сатып алынуына және процессингтік орталықтан жүргізілген жеке нөмірлердің эмиссиясы нәтижелерінің алынуына қарай ветеринариялық ұйымға ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды, жылқылар мен тақ тұяқты жануарлардың жеке нөмірлер эмиссиясының қажеттілігіне сәйкес олардың жеке нөмірлерін береді;»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған Қазақстан Республикасының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың литерлік және сандық кодтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларына арналған сандық кодтар

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 412 бұйрығына
қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған Қазақстан Республикасының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың литерлік және сандық кодтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларына арналған сандық кодтар
Р/с №
Литерлік код
Штрих-кодқа арналған сандық код
Атауы
1.
KZ
398
Қазақстан Республикасы
2.
С
01
Ақмола облысы
3.
B
02
Алматы облысы
4.
D
03
Ақтөбе облысы
5.
E
04
Атырау облысы
6.
F
05
Шығыс Қазақстан облысы
7.
H
06
Жамбыл облысы
8.
L
07
Батыс Қазақстан облысы
9.
P
08
Қостанай облысы
10.
M
09
Қарағанды облысы
11.
N
10
Қызылорда облысы
12.
R
11
Маңғыстау облысы
13.
S
12
Павлодар облысы
14.
T
13
Солтүстік Қазақстан облысы
15.
Х
14
Түркістан облысы
16.
Q
18
Абай облысы
17.
J
19
Жетісу облысы
18.
U
20
Ұлытау облысы
19.
A
15
Алматы қаласы
20.
Z
16
Астана қаласы
21.
Ү
17
Шымкент қаласы
Ауыл шаруашылығы жануарларына арналған сандық кодтар:
1 – ірі қара мал
2 – ұсақ мал
3 – шошқалар
4 – жылқылар
5 – түйелер
6 – тақ тұяқты жануарлар
7 – маралдар
8 – ауыл шаруашылығы өндiрiсiне тiкелей қатысы бар бизондар

Қолданыстағы