Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 7-1/68 «Об утверждении Правил идентификации сельскохозяйственных животных»

Бұйрық · № 146 · қабылданған 05.05.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-7-168-ekb-209931/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 7-1/68 «Об утверждении Правил идентификации сельскохозяйственных животных» Қолданыста Бұйрық ·№ 146 ·05.05.2025
05.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 7-1/68 «Об утверждении Правил идентификации сельскохозяйственных животных»

Қолданыста Бұйрық ·№ 146 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 7-1/68 «Об утверждении Правил идентификации сельскохозяйственных животных»
Атауы (қаз.)
«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
146
Қабылданған күні
05.05.2025
Көрсетілген редакция
05.05.2025 209931_758651.kaz
Соңғы өзгеріс
05.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036089
ЭКБ идентификаторы
209931
Редакция идентификаторы
209931_758651
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:37

0 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында:
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Жеке тұлғаларға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарының жасына жеткенге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жүзеге асырылады.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, шаруа және фермер шаруашылықтарына тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын тиісті бөлімшесіне (бұдан әрі – ЖАО бөлімшесі) және ветеринариялық ұйымға басшы ұсынған алдағы бұзаулау (төлдеу, торайлау) графигіне сәйкес жүзеге асырылады.
Ауыл шаруашылығы жануарының төлін бірдейлендіру кезінде ол туралы мәліметтер осы Қағидаларға 5-қосымшада белгіленген нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы ведомосте көрсетілген енесінің жеке нөмірі көрсетіле отырып, дерекқорға және ветеринариялық паспортқа енгізіледі.»;
30-1-тармақ алып тасталсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму,
инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

1 Ветеринариялық паспорт Ветеринарный паспорт

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 5 мамырдағы
№ 146 бұйрығына
1-қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Ветеринариялық паспорт
Ветеринарный паспорт
Берді/Выдан
______________________
(облыстың, республикалық
маңызы
бар қаланың, астананың
жергілікті
атқарушы органы құрған
ветеринариялық ұйымның атауы,
/
наименование ветеринарной
организации, созданной местным
исполнительным органом
области,
города республиканского
значения, столицы)
Ветеринариялық паспорттың нөмipi/Номер ветеринарного паспорта: ________*
Ауыл шаруашылығы жануары иесiнiң аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі /Фамилия, имя, отчество (при наличии) или наименование владельца сельскохозяйственного животного, индивидуальный идентификационный номер или бизнес-идентификационный номер
______________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Ауыл шаруашылығы жануары иесiнiң мекенжайы/Адрес владельца сельскохозяйственного животного _________________________________________________
Ауыл шаруашылығы жануарының түрі/Вид сельскохозяйственного животного_________________________________________________________
Ветеринариялық паспорт берілген топтағы (отардағы) жануарлар саны (ұсақ мал мен шошқа тобына (отарына) ветеринариялық паспорт берілген кезде)/ Количество животных в группе (отаре), на которых выдан ветеринарный паспорт (при выдаче ветеринарного паспорта на группу (отару) мелкого рогатого скота и свиней)_____________________________________
Ауыл шаруашылығы жануары туралы деректер/Данные о сельскохозяйственном животном:
Р/с №
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­а­ры­ның же­ке нө­мі­рі/Ин­ди­ви­ду­аль­ный но­мер сель­ско­хо­зяй­ствен­но­го жи­вот­но­го
Жы­ны­сы /Пол
Түci /Масть
Аты /Клич­ка
Жа­сы (ту­ған кү­ні) /Воз­раст (да­та рож­де­ния)
Бiр­дей­лен­дi­ру әдici/Спо­соб иден­ти­фи­ка­ции
Мал­дың ата-ене­сі ту­ра­лы де­ректер (асыл тұқым­ды жа­ну­ар үшін)** /Дан­ные о ро­ди­те­лях (для пле­мен­но­го жи­вот­но­го)**
Ене­сі­нің же­ке нө­мі­рі / Ин­ди­ви­ду­аль­ный но­мер ма­те­ри
Берiлген күнi 20 __ жылғы __ _______/Дата выдачи __ _____ 20 _ года
Электрондық құжаттың түпнұсқалығын Сіз egov.kz сайтында, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталының мобильді қосымшасы арқылы тексере аласыз.
Проверить подлинность электронного документа Вы можете на сайте egov.kz, а также посредством мобильного приложения веб-портала «электронного правительства».
Бұл құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе.
Ескертпе/ Примечание:
* ветеринариялық паспорттың нөмipi ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмiрiне сәйкес келедi. Ұсақ мал, шошқа тобына (отарына) ветеринариялық паспорт беру кезінде ветеринариялық паспорттың нөмірінде ауыл шаруашылығы жануарының тиісті түрінің жеке нөмірінің алғашқы төрт символы көрсетіледі/Номер ветеринарного паспорта соответствует индивидуальному номеру сельскохозяйственного животного. При выдаче ветеринарного паспорта на группу (отару) мелкого рогатого скота, свиней в номере ветеринарного паспорта указываются первые четыре символа индивидуального номера соответствующего вида сельскохозяйственного животного;
** асыл тұқымды жануардың жеке нөмірі/индивидуальный номер племенного животного.

2 Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы ведомость

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 5 мамырдағы
№ 146 бұйрығына
2-қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы ведомость
Р/с

Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­а­ры ти­е­сі­лі же­ке тұл­ға­ның аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), те­гі неме­се заң­ды тұл­ға­ның ата­уы
Ие­сі­нің ме­кен-жайы
Жа­ну­ар­лар өсі­ру­ді жү­зе­ге асы­ра­тын өн­ді­ріс объ­ек­ті­сі­нің есеп­тік нө­мі­рі
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры ту­ра­лы де­ректер
Қай­та­лап бір­дей­лен­ді­ру
Ес­керт­пе
Бір­дей­лен­ді­ру жүр­гі­зі­л­ген күн
Же­ке нө­мі­рі
Ене­сі­нің же­ке нө­мі­рі
Бір­дей­лен­ді­ру әді­сі
Тү­рі
Жы­ны­сы
Тұқы­мы
Тү­сі
Аты
Жа­сы
(ту­ған кү­ні)
Ал­дың­ғы бір­дей­лен­ді­ру нө­мі­рі
Қай­та­лап бір­дей­лен­ді­ру се­бе­бі
Ведомость жасалған күн 20__ жылғы____ ___________
Ветеринариялық дәрігер ____________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
Мөрдің орны

Қолданыстағы