О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 7-1/68 «Об утверждении Правил идентификации сельскохозяйственных животных»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 7-1/68 «Об утверждении Правил идентификации сельскохозяйственных животных»
- Атауы (қаз.)
- «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 330
- Қабылданған күні
- 25.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 02.12.2025
- Көрсетілген редакция
- 25.09.2025 214901_784740.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036971
- ЭКБ идентификаторы
- 214901
- Редакция идентификаторы
- 214901_784740
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:01
0 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері үшін қосымша мынадай тәсілдермен жеке нөмір беруге жол беріледі:
электрондық бірдейлендіру тәсілі (ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін пайдаланылатын радиожиілікті белгісі бар сырғалар, болюстер, чиптер және басқа бұйымдар (құралдар);
татуировка;
таңба басу.
Бұл ретте, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда ауыл шаруашылығы жануарларына осы тармақта көрсетілген тәсілдермен жеке нөмір беру:
жануарлар бастарын ішкі шаруашылық есепке алуды жүргізу үшін;
осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тәсілдермен жеке нөмір берілгенге дейін, ауыл шаруашылығы жануарларына уақытша жеке нөмір беру үшін жүргізіледі.
Ауыл шаршылығы жануарларына уақытша жеке нөмір беру осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес жүргізілген жеке нөмірлердің эмиссиясына сәйкес кезектілікпен жүзеге асырылады.
Үшінші елдерге немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге әкетуге арналған жануарларды (ірі қара малды, ұсақ малды, шошқаларды, түйелерді) карантиндеу кезеңінде қосымша электрондық бірдейлендіру тәсілімен (радиожиілікті белгісі бар сырғалар), жеке нөмір беру жүзеге асырылады.
Осы тармақта көрсетілген тәсілдермен ауыл шаруашылығы жануарларына жеке нөмір беруді жануарлардың иесі жүзеге асырады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі