Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 747 «Об утверждении формы и Правил выдачи нарядов на выпуск материальных ценностей или реализацию утилизированных товаров из государственного материального резерва»

Бұйрық · № 63 · қабылданған 28.02.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-747/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 747 «Об утверждении формы и Правил выдачи нарядов на выпуск материальных ценностей или реализацию утилизированных товаров из государственного материального резерва» Қолданыста Бұйрық ·№ 63 ·28.02.2022
28.02.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 747 «Об утверждении формы и Правил выдачи нарядов на выпуск материальных ценностей или реализацию утилизированных товаров из государственного материального резерва»

Қолданыста Бұйрық ·№ 63 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 747 «Об утверждении формы и Правил выдачи нарядов на выпуск материальных ценностей или реализацию утилизированных товаров из государственного материального резерва»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге нарядтар беру нысанын және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 747 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
63
Қабылданған күні
28.02.2022
Көрсетілген редакция
28.02.2022 165099_563417.kaz
Соңғы өзгеріс
28.02.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200027050
ЭКБ идентификаторы
165099
Редакция идентификаторы
165099_563417
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:19

0 «Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге нарядтар беру нысанын және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 747 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге нарядтар беру нысанын және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 747 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12516 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немес кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге наряд нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге нарядтар беру қағидаларында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Нарядтар беруді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті (бұдан әрі – Комитет) мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды оларды жаңартуға байланысты (оның ішінде, материалдық құндылықтардың сапалық жай-күйі мен техникалық регламенттерінің талаптарына және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкестігі бойынша сараптама жүргізу үшін, басқа мемлекеттік органдардың балансына беру үшін), қарызға беру, броньнан шығару және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу кезінде жүзеге асырады.»;
3-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Қарызға беру тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – «Азаматтық қорғау туралы» Заңы) 11-бабының 42) тармақшасына сәйкес қабылданатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі және мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын қарызға беру туралы алушымен шарт (келісім-шарт) негізінде жүзеге асырылады.»;
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен оның салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-1-бабының 5-1-тармағына сәйкес қабылданатын әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.»;
11-тармақтың төртінші бөлігі алып тасталсын:
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
«14-1. Нарядтағы жаңылыс жазуларды және (немесе) арифметикалық қателерді өзгерістер енгізу туралы наряд түзетеді және ол осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге наряд нысаны бойынша және осы Қағидалардың 18 және 19-тармақтарында көзделген даналар мөлшерінде жазып береді.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Сақтау филиалдарынан материалдық құндылықтарды шығару немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізу кезінде нарядқа Комитеттің бірінші басшысы немесе оның орынбасары, Комитеттің мемлекеттік материалдық резервті есепке алуды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің басшысы және наряд беруге жауапты қызметкері, Комитеттің бас бухгалтері, Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымының бірінші басшысы, оның орынбасары, Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымының бас бухгалтері және Комитеттің мемлекеттік материалдық резервті есепке алуды жүзеге асыратын ведомстволық бағынысты ұйымының құрылымдық бөлімшесінің басшысы, олар болмаған жағдайда, оларды ауыстыратын адамдар өз қолымен немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды.
Сақтау пункттерінен материалдық құндылықтарды шығару немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізу кезінде нарядқа Комитеттің бірінші басшысы немесе оның орынбасары, Комитеттің мемлекеттік материалдық резервті есепке алуды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің басшысы және наряд беруге жауапты қызметкері, Комитеттің бас бухгалтері, олар болмаған жағдайда, оларды ауыстыратын адамдар өз қолымен немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2022 жылғы «__» _______
№ _____ бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 747 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің
Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті
Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды
шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге
№ ___ наряд
20___ жылғы «_____» ___________
Кімге__________________________________________________________
Мекенжайы_____________________________________________________
Жүк жіберуші___________________________________________________
Жүк алушы _____________________________________________________
Төменде көрсетілген мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары немесе кәдеге жаратылған тауарлары
Р/с №
Ма­те­ри­ал­дық құн­ды­лық­тар­дың неме­се кә­де­ге жа­ра­ты­л­ған та­у­ар­лар­дың ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Дай­ын­дал­ған/ сақ­тал­ған кү­ні
Өн­ді­ру­ші
Са­ны
Бір­лік үшін ба­ға­сы, тең­ге
Со­ма­сы, тең­ге
______________(жазбаша) сомасына оның ішінде қосылған құн салығы ________________теңге.
Шығару: жаңартуға байланысты (оның ішінде: сараптама жүргізу үшін, басқа мемлекеттік органдардың балансына беру үшін), қарызға беру тәртібімен, броньнан шығару тәртібімен, кәдеге жаратылған тауарларды өткізу тәртібімен жүргізіледі (қажеттісінің астын сызу керек).
Материалдық құндылықтарды шығарудың немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізудің негізі:____________________________________________
Материалдық құндылықтарды (жаңартуға байланысты және мемлекеттік материалдық резервтің номенклатурасы өзгерген кезде броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде) немесе кәдеге жаратылған тауарларды (кәдеге жаратылған тауарларды өткізу кезінде) шығару мерзімі______________________________________________________________
Нарядқа қол қоюға уәкілетті адамдар:
_________________ _____________________________________ _____________
(лауазымы) (аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (қолы)
_________________ _____________________________________ _____________
(лауазымы) (аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (қолы)
_________________ _____________________________________ _____________
(лауазымы) (аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (қолы)
Мөрдің орны

2 Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге нарядтар беру журналы

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2022 жылғы «__» _______
№ _____ бұйрығына
2-қосымша
Мемлекеттік материалдық
резервтен материалдық
құндылықтарды шығаруға
немесе кәдеге жаратылған
тауарларды өткізуге нарядтар
беру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға
немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге нарядтар беру журналы
Р/с №
На­ряд­тың нө­мі­рі мен кү­ні
Же­ке тұл­ға­ны­ңа­ты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да), те­гі, заң­ды тұл­ға­ның ата­уы
Ма­те­ри­ал­дық құн­ды­лық­тар неме­се кә­де­ге жа­ра­ты­л­ған та­у­ар­лар шы­ға­ры­ла­тын сақ­тау фи­ли­а­лы­ның/сақ­тау пунк­ті­нің ата­уы және ор­на­лас­қан же­рі
Шы­ға­ру (жа­ңар­ту, жал­ға бе­ру бронь­нан шы­ға­ру тәр­ті­бі­мен) неме­се өт­кі­зу тәр­ті­бі, на­ряд бе­ру­ге негіз­де­ме
На­ряд­тар да­на­ла­ры­ның са­ны
Орын­да­у­шы
На­ряд­ты ал­ған адам­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), қо­лы және на­ряд­ты ал­ған кү­ні
Же­ке неме­се заң­ды тұл­ға­дан алушы
Ко­ми­тет­тің ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты ұй­ы­мы­нан алушы
Фи­ли­ал­дар­дан/сақ­тау пунк­те­рі­ніен алушы

Қолданыстағы