Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 748 «Об утверждении Правил проведения и использования анализа регуляторного воздействия регуляторных инструментов и (или) требований»

Бұйрық · № 170 · қабылданған 29.09.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-748-ekb-186697/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 748 «Об утверждении Правил проведения и использования анализа регуляторного воздействия регуляторных инструментов и (или) требований» Қолданыста Бұйрық ·№ 170 ·29.09.2023
29.09.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 748 «Об утверждении Правил проведения и использования анализа регуляторного воздействия регуляторных инструментов и (или) требований»

Қолданыста Бұйрық ·№ 170 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 748 «Об утверждении Правил проведения и использования анализа регуляторного воздействия регуляторных инструментов и (или) требований»
Атауы (қаз.)
«Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
170
Қабылданған күні
29.09.2023
Көрсетілген редакция
29.09.2023 186697_658387.kaz
Соңғы өзгеріс
29.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033487
ЭКБ идентификаторы
186697
Редакция идентификаторы
186697_658387
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 16:33

0 «Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12517 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларында:
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктер филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру брокерлері филиалдарының және сақтандыру топтары мен банк конгломераттары құрамына кіретін тұлғалардың қызметін реттеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның валюталық реттеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына қолданылмайды.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Реттеуші мемлекеттік орган/әзірлеуші орган уәкілетті органның атына мынадай құжаттарды жолдайды:
1) реттеушілік әсерді талдау нәтижелері, ол:
құқықтық акт жобасы бойынша жалпы ақпаратты;
реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды қалыптастыру шарттарына сәйкестікті бағалауды;
реттеушілік әсерді талдаудың талдамалық нысанын қамтиды;
2) жаңа реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату үшін осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құқықтық актінің, сондай-ақ құжаттардың жобасы;
3) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталынан (бұдан әрі – «Ашық НҚА» порталы) жүктеуді және қоғамдық талқылаулардың хаттамасын қоса бере отырып, қоғамдық талқылаулардың қазақ және орыс тілдеріндегі есебі;
4) Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 10 тамыздағы № 198/НҚ бұйрығымен бекітілген Бәсекелестікке әсерге бағалау жүргізу қағидаларына сәйкес монополияға қарсы орган толтырған бәсекелестікке әсер етуді бағалаудың талдамалық нысаны.».

2

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы