О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 сентября 2015 года № 766 «Об утверждении правил обеспечения лекарственными средствами граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 сентября 2015 года № 766 «Об утверждении правил обеспечения лекарственными средствами граждан»
- Атауы (қаз.)
- «Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 766 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- ҚР ДСМ-51/2020
- Қабылданған күні
- 19.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 20.08.2021 142984_536081.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020672
- ЭКБ идентификаторы
- 142984
- Редакция идентификаторы
- 142984_536081
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:28
0 «Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 766 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 83) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 766 бұйрығына (Нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12199 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2015 жылғы 27 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
6-тармақтың екініші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«ТМККК және МӘМС шеңберінде амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың медициналық ұйымдары меншік нысанына қарамастан жоспарланған жылдың алдындағы ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін, ақпараттық жүйеде дәрілік заттарға бөлінген қаржыландыру шеңберінде түпкілікті өтінімді қалыптастырады және оған бірінші басшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады.»;
6-тармақтың төртінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қор республика бойынша жиынтық түпкілікті өтінімнің жобасын қалыптастырады және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға нозологиялар, дәрілік заттардың атаулары мен саны, пациенттердің саны бөлінісінде келісу үшін жібереді.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. ТМККК және МӘМС шеңберінде жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмекті көрсетуге арналған дәрілік заттар келіп түскен кезде медициналық ұйымның мөртаңбасымен белгіленеді (медициналық ұйымының атауы, оның мекенжайы көрсетілетін медициналық ұйымның мөртаңбасымен және «Тегін» деген белгімен).
ТМККК және МӘМС шеңберінде тегін берілетін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар дәрігердің рецептісі бойынша халыққа берілген кезде медициналық ұйымның мөртаңбасымен белгіленеді (медициналық ұйымының атауы, оның мекенжайы көрсетілетін медициналық ұйымның мөртаңбасымен және «Тегін» деген белгімен).».