Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 79 «Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к туристской операторской деятельности и перечня документов, подтверждающих соответствие им»

Бұйрық · № 92 · қабылданған 12.04.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-79-ekb-179748/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 79 «Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к туристской операторской деятельности и перечня документов, подтверждающих соответствие им» Қолданыста Бұйрық ·№ 92 ·12.04.2023
12.04.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 79 «Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к туристской операторской деятельности и перечня документов, подтверждающих соответствие им»

Қолданыста Бұйрық ·№ 92 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 79 «Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к туристской операторской деятельности и перечня документов, подтверждающих соответствие им»
Атауы (қаз.)
«Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 79 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
92
Қабылданған күні
12.04.2023
Көрсетілген редакция
12.04.2023 179748_626352.kaz
Соңғы өзгеріс
12.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032302
ЭКБ идентификаторы
179748
Редакция идентификаторы
179748_626352
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:54

0 «Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 79 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 79 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10484 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында қолданысқа енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастыруды;

3 3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсіп
министрлігі

0 Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2023 жылғы 12 сәуірдегі
№ 92 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 79 бұйрығымен
бекітілген
Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі
Р/с №
Бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры мы­на­лар­дың бо­луын қам­ти­ды:
Құ­жат­тар
Ес­керт­пе
1
2
3
4
1
Қа­лып­та­сты­ры­л­ған ту­ри­стік өнім
Қа­лып­та­сты­ры­л­ған ту­ри­стік өнім­ге кі­ре­тін же­ке­ле­ген ту­ри­стік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ге ар­нал­ған үшін­ші тұ­лға­лар­мен жа­са­сы­л­ған шар­ттар ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер­дің ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)
2
Ең­бек өті­лі бір жыл­дан кем емес, ту­ри­стік бі­лі­мі бар, ке­мін­де бір қыз­мет­кер­дің бо­луы
Ди­плом, жа­са­сы­л­ған ең­бек шар­ты және ең­бек кі­тап­ша­сы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер­дің ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)
3
Же­ке мен­шік құқы­ғын­да­ғы неме­се өзге­де заң­ды негіз­де­гі кең­се­ге ар­нал­ған үй-жай
Же­ке мен­шік құқы­ғын неме­се өзге де заң­ды негіз­дер­ді рас­тай­тын құ­жат­тар ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер­дің ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)

0.1 Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер нысаны

Туристік операторлық қызметке
қойылатын біліктілік талаптары мен
олардың сәйкестігін растайтын
құжаттардың тізбесіне
қосымша
Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер нысаны

1 1. Қалыптастырылған туристік өнім:

1 1) қалыптастырылған туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтерді көрсетуге арналған үшінші тұлғалармен жасасылған шарттардың нөмірлері ___________________________________________________________;

2 2) шарттар жасасылған күні ______________________________________.

2 2. Еңбек өтілі бір жылдан кем емес, туристік білімі бар кемінде бір қызметкердің болуы:

1 1) мамандығы мен біліктілігі _____________________________________;

2 2) лицензияланатын қызмет түрінің бейімі бойынша жоғары немесе орта кәсіптік білімі туралы дипломның нөмірі____________________;

3 3) димломның берілген күні ______________________________________;

4 4) оқу орнының атауы ___________________________________________;

5 5) туристік білімі бар қызметкердің еңбек өтілі ______________________.

3 3. Меншік құқығындағы немесе өзге заңды негіздердегі кеңсеге арналған үй-жай _____________________________________________________________;

(кеңсеге арналған үй-жайға құқық белгілейтін құжаттың атауы, нөмірі және күні).

Қолданыстағы