Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 79 «Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к туристской операторской деятельности и перечня документов, подтверждающих соответствие им»

Бұйрық · № 19 · қабылданған 18.01.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-79/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 79 «Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к туристской операторской деятельности и перечня документов, подтверждающих соответствие им» Қолданыста Бұйрық ·№ 19 ·18.01.2024
18.01.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 79 «Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к туристской операторской деятельности и перечня документов, подтверждающих соответствие им»

Қолданыста Бұйрық ·№ 19 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 79 «Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к туристской операторской деятельности и перечня документов, подтверждающих соответствие им»
Атауы (қаз.)
«Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 79 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
19
Қабылданған күні
18.01.2024
Көрсетілген редакция
18.01.2024 192783_681341.kaz
Соңғы өзгеріс
18.01.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400033925
ЭКБ идентификаторы
192783
Редакция идентификаторы
192783_681341
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:28

0 «Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 79 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 79 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10484 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында қолданысқа енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастыруды;

3 3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

8 Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 18 қаңтардағы
№ 19 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 79 бұйрығымен
бекітілген
Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі
Р/с №
Бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры мы­на­лар­дың бо­луын қам­ти­ды:
Құ­жат­тар
Ес­керт­пе
1
2
3
4
1
Қа­лып­та­сты­ры­л­ған ту­ри­стік өнім
Қа­лып­та­сты­ры­л­ған ту­ри­стік өнім­ге кі­ре­тін же­ке­ле­ген ту­ри­стік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ге ар­нал­ған үшін­ші тұ­лға­лар­мен жа­са­сы­л­ған шар­ттар ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер­дің ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)
2
Ең­бек өті­лі бір жыл­дан кем емес, ту­ри­стік бі­лі­мі бар, ке­мін­де бір қыз­мет­кер­дің бо­луы
Ди­плом, жа­са­сы­л­ған ең­бек шар­ты және ең­бек кі­тап­ша­сы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер­дің ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)
3
Же­ке мен­шік құқы­ғын­да­ғы неме­се өзге­де заң­ды негіз­де­гі кең­се­ге ар­нал­ған үй-жай
Же­ке мен­шік құқы­ғын неме­се өзге де заң­ды негіз­дер­ді рас­тай­тын құ­жат­тар ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер­дің ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)
4
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ту­ри­стік қыз­мет ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 27-3-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғы­ның 1) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның екін­ші дең­гей­де­гі банк­пен жа­сал­ған банк­тік ке­піл­дік шар­ты
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның екін­ші дең­гей­де­гі банк­пен жа­сал­ған банк­тік ке­піл­дік шар­ты ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер­дің ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)
шы­ғу ту­риз­мі са­ла­сы­ның ту­ро­пе­ра­тор­ла­ры үшін

1 Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер нысаны

Туристік операторлық қызметке
қойылатын біліктілік талаптары
мен олардың сәйкестігін растайтын
құжаттардың тізбесіне
қосымша
Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер нысаны
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарына ұсынады
Әкімшілік деректердің нысаны www.tsm.gov.kz және www.elisence.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: «Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер»
Индекс: 1-КТ
Кезеңділігі: біржолғы
Есепті кезең: ағымдағы кезең
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: туристік операторлардың қызметін бастайтын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: туристік операторлар қызметінің басталғаны туралы құжаттарды беру кезінде
Р/с №
Қа­лып­та­сты­ры­л­ған ту­ри­стік өнім
Ең­бек өті­лі бір жыл­дан кем емес, ту­ри­стік бі­лі­мі бар ке­мін­де бір қыз­мет­кер­дің бо­луы
Мен­шік құқы­ғын­да­ғы неме­се өзге заң­ды негіз­дер­де­гі кең­се­ге ар­нал­ған үй-жай
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ту­ри­стік қыз­мет ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 27-3-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғы­ның 1) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның екін­ші дең­гей­де­гі банк­пен жа­сал­ған банк­тік ке­піл­дік шар­ты
1
2
3
4
5
қа­лып­та­сты­ры­л­ған ту­ри­стік өнім­ге кі­ре­тін же­ке­ле­ген ту­ри­стік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ге ар­нал­ған үшін­ші тұ­лға­лар­мен жа­са­сы­л­ған шар­ттар­дың нө­мір­ле­рі
шар­ттар жа­са­сы­л­ған кү­ні
ма­манды­ғы мен бі­лік­ті­лі­гі
ли­цен­зи­я­ла­на­тын қыз­мет тү­рі­нің бей­і­мі бой­ын­ша жо­ға­ры неме­се ор­та кә­сіп­тік бі­лі­мі ту­ра­лы ди­плом­ның нө­мі­рі
ди­плом­ның бе­рі­л­ген кү­ні
оқу ор­ны­ның ата­уы
ту­ри­стік бі­лі­мі бар қыз­мет­кер­дің ең­бек өті­лі
кең­се­ге ар­нал­ған үй-жай­ға құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тың ата­уы, нө­мі­рі және кү­ні
шы­ғу ту­риз­мі са­ла­сы­ның ту­ро­пе­ра­тор­ла­ры үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның екін­ші дең­гей­де­гі банк­пен жа­сал­ған банк­тік ке­піл­дік шар­ты ту­ра­лы ақ­па­рат
Телефоны ________________________________________________________
Электрондық почта мекенжайы ______________________________________
Орындаушы _______________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ___________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

1.1 «Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер» туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме

Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер нысанға
қосымша
«Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер» туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме
1. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.
2. 2-бағанда қалыптастырылған туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтерді көрсетуге арналған үшінші тұлғалармен жасасылған шарттардың нөмірлері, шарттар жасасылған күні көрсетіледі.
3. 3-бағанда мамандығы мен біліктілігі, лицензияланатын қызмет түрінің бейімі бойынша жоғары немесе орта кәсіптік білімі туралы дипломның нөмірі, дипломның берілген күні, оқу орнының атауы, туристік білімі бар қызметкердің еңбек өтілі көрсетіледі.
4. 4-бағанда кеңсеге арналған үй-жайға құқық белгілейтін құжаттың атауы, нөмірі және күні көрсетіледі.
5. 5-бағанда шығу туризмі саласының туроператорлары үшін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкпен жасалған банктік кепілдік шарты туралы ақпараты көрсетіледі.

Қолданыстағы