Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 81 «Об утверждении типового договора на туристское обслуживание»

Бұйрық · № 105 · қабылданған 10.05.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-81/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 81 «Об утверждении типового договора на туристское обслуживание» Қолданыста Бұйрық ·№ 105 ·10.05.2024
10.05.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 81 «Об утверждении типового договора на туристское обслуживание»

Қолданыста Бұйрық ·№ 105 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 81 «Об утверждении типового договора на туристское обслуживание»
Атауы (қаз.)
«Туристік қызмет көрсетуге үлгілік шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 81 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
105
Қабылданған күні
10.05.2024
Көрсетілген редакция
10.05.2024 196668_699955.kaz
Соңғы өзгеріс
10.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034363
ЭКБ идентификаторы
196668
Редакция идентификаторы
196668_699955
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:36

0 «Туристік қызмет көрсетуге үлгілік шартты бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы № 81 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Туристік қызмет көрсетуге үлгілік шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 81 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10604 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 20-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Туристік қызмет көрсетуге үлгілік шартта:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Саяхатқа дайындық кезінде, оны жасау уақытында, транзитті қоса алғанда, Тұтынушы мыналарға:
1) оның жеке қауіпсіздігіне немесе мүлкіне қол сұғылған жағдайда консульдық, дипломатиялық, өзге де мемлекеттік, сондай-ақ туристік өкілдіктерге өтiнiшпен жүгiнуге;
2) уақытша болатын елге (жерге) кіру, сондай-ақ уақытша болатын елден (жерден) шығу және онда болу қағидалары туралы, уақытша болатын елдің (жердің) заңнамасының ерекшеліктері, жергілікті халықтың дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрыптары, киелі жерлері, табиғат, тарих, мәдениет ескерткіштері және ерекше қорғауға алынған басқа да туристік көрсету объектілері, қоршаған ортаның жай-күйі туралы қажетті және дұрыс ақпарат алуға;
3) туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін сақтандыру ұйымын таңдауға және сақтандыру сертификатын алуға;
4) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға туристiк қызмет көрсету шартын орындамаған жағдайда келтiрiлген залал мен моральдық зиянның Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтелуiне;
5) туристерге келтiрiлетiн залалдар мен моральдық зиянды «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес өтеуге;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптармен және тәртіппен Шартты өзгерту, толықтыру және бұзуға;
7) Орындаушыға Шартты орындаудан бас тарту туралы хабардар етілгенге дейін көрсетілген қызметтері үшін олардың іс жүзінде тартқан шығындарын төлеген кезде, саяхат басталғанға дейін Шартты орындаудан бас тартуға;
8) шетелдік туристерге құқықтық және өзге көмек түрлерін алуда Қазақстан Республикасы мемлекеттік билік органдарының жәрдемдесуіне;
9) қолда бар байланыс құралдарына кедергісіз қол жеткізуге;
10) шұғыл медициналық жәрдем алуға;
11) Қазақстан Республикасының және уақытша болатын елдегі (жерде) заңнамамен анықталған құқықтарға құқылы.»;
8-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«8-тарау. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері
______________________________________ _____________________________________
(Орындаушының толық атауы) (Тұтынушының тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда)
______________________________________ _____________________________________
(мекенжайы, телефоны, факсы) (мекенжайы, телефоны, факсы)
______________________________________ _____________________________________».
(қолы) (қолы)

2 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

Қолданыстағы