Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в совместный приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года № 835 и Министра энергетики Республики Казахстан от 15 декабря 2015 года № 721 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочного листа в области охраны окружающей среды, воспроизводства и использования природных ресурсов»

Бұйрық · № 448 · қабылданған 12.12.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-835-15-2015-no-721-ekb-118742/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в совместный приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года № 835 и Министра энергетики Республики Казахстан от 15 декабря 2015 года № 721 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочного листа в области охраны окружающей среды, воспроизводства и использования природных ресурсов» Қолданыста Бұйрық ·№ 448 ·12.12.2017
12.12.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в совместный приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года № 835 и Министра энергетики Республики Казахстан от 15 декабря 2015 года № 721 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочного листа в области охраны окружающей среды, воспроизводства и использования природных ресурсов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 448 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в совместный приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года № 835 и Министра энергетики Республики Казахстан от 15 декабря 2015 года № 721 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочного листа в области охраны окружающей среды, воспроизводства и использования природных ресурсов»
Атауы (қаз.)
«Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 835 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 721 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
448
Қабылданған күні
12.12.2017
Көрсетілген редакция
12.12.2017 118742_291796.kaz
Соңғы өзгеріс
12.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700016159
ЭКБ идентификаторы
118742
Редакция идентификаторы
118742_291796
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:52

0 «Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 835 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы №721 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1. «Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 835 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 721 бірлескен бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12779 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 және 2-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 1 және 2- қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті:

1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің төрағасы
Б. Мусин
2017 жылғы «___» ___________

1 Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 15 желтоқсан
№ 419 және Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің 2017 жылғы
12 желтоқсан № 448 бірлескен
бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 желтоқсанындағы
№ 835 және Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 15 желтоқсанындағы
№ 721 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және
пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 722 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12389 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкін қоспағанда) тәуекелді бағалау жүйесін қалыптастыруы әдістемесіне (бұдан әрі - Әдістеме) сәйкес қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тексеру субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежесіне жатқызу анықтау үшін қалыптастырылды.

2 2. Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1

1) болмашы бұзушылықтар – қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, халықтың өміріне және денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіру алғышарттарын тудырмайтын, бірақ қызметін жүзеге асыру барысында табиғат пайдаланушыларға орындалуы міндетті болып табылатын талаптарды бұзу; сондай-ақ расталған бір өтініш немесе шағымның болуына; аудиттiң нәтижелерi бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасына өзгерiстер енгiзу ұсынымдарын беруге мүмкіндік беретін фактілердің болуына байланысты бұзушылықтар;

2

2) елеулі бұзушылықтар - қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, халықтың өміріне және денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіру алғышарттарын тудыратын бұзушылықтар; сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы есеп жүргізуге; міндетті экологиялық сақтандырудың болмауына,дұрыс емес есептілікті тапсыруға; белгiленген есептілікті бермеуге;бақылаудағы субъекті бойынша расталған екі өтініш пен шағымның болуына; аудиттің нәтижелері бойыншаэмиссияларға рұқсат талаптарына өзгерiстер енгiзуге мүмкіндік беретін фактілердің бар болуына байланысты бұзушылықтар;

3

3) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тәуекел – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде адам өмірі немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдылығы;

4

4) өрескел бұзушылықтар – қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, заңнаманың тыйым салатын нормасын сақтамауына байланысты бұзушылықтар (тыйым салынады, жол берілмейді, рұқсат берілмейді); сондай-ақ аудиттiң нәтижелерi бойынша аудиттелетiн субъектiнiң қызметiн тоқтата тұруға әкелетін фактілердің болуы; сондай-ақ расталған үш және одан да көп өтініш пен шағымның болуы;бақылаудың өзге нысандарының нәтижелері бойынша анықталған ластаушы заттардың төгінділері мен шығарындылары, сондай-ақ өндіріс пен тұтыну қалдықтарын белгіленген лимиттен тыс орналастыру; атмосфералық ауаның, жер бетінің, жер асты суларының және топырақ жамылғысының жоғары және өте жоғары ластануы, табиғат қорғау заңнамасын бірнеше рет бұзу (соңғы жылда жылына2 рет);

5 5) тәуекелді бағалау жүйесі – тексерулерді белгілеу мақсатында бақылау және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;

6

6) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) –белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке тексерілетін субъектіге (объектіге) тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарі;

7 7) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметі нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

3 3. Ішінара тексеру жүргізу мерзімділігі жылына бір реттен аспайды.

4

4. Ішінара тексерулер жүргізілетін талдау және бағалау нәтижелері бойынша жартыжылдыққа қалыптастырылатын, реттеуші мемлекеттік органның бірінші басшысымен бекітілген ішінара тексерулердің тізімдері негізінде жүргізіледі.Ішінара тексерулер тізімдері тиісті есептік кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша уәкілетті органға жіберіледі.

5 5. Ішінара тексерулердің тізімдері:

1 1) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесініңең жоғары көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдығын;

2 2) мемлекеттік органның тексерулерді жүргізетін лауазымдық тұлғаларына түсетін жүктемелерін ескере отырып жасалады.

2 2-тарау. Ішінара тексерулер жүргізуге арналған тәсілдер

6 6. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы ішінара тексерулерге арналған тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.

1 1-параграф. Объективті өлшемшарттар

7

7. Бірінші кезекте табиғат пайдаланушыларды тәуекел дәрежесі бойыншатексерілетін субъектілерге (объектілерге) жатқызу тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары негізінде іске асырылады. Тәуекелді анықтағаннан кейін тексерілетін субъектілер (объектілер) екі тәуекел дәрежесі бойынша (жоғары және жоғары дәрежеге жатпайтын) бөлінеді.
Жоғары тәуекел дәрежесінің объективті өлшемшарттарына:

1 1) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 40-бабына сәйкес 1, 2-санаттағы шаруашылық қызмет субъектілері (объектілері);

2 2) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 40-бабына сәйкес 3, 4-санаттағы шаруашылық қызметтің келесі субъектілері (объектілері) қоршаған ортаға әсерінің сипаты және дәрежесі бойынша:

химиялық өндіріс;
металлургиялық, машина жасау объектілері;
пайдалы қазбаларды барлау және өндіру бойынша объектілер;
құрылыс өнеркәсібі (цемент және жергілікті цементті өндіру, асбест және одан жасалған бұйымдарды өндіру, шахталы, айналмалы және басқа пештерде күйдірумен магнезит, доломит және шамот өндірісін, стационарлық зауыттардағы асфальтбетон, темірбетоннан жасалған бұйымдар өндірісін, сондай-ақ құрылыс материалдарын қабылдау, сақтау және өткізу), шығарындылардың көлемі жылына 50 тоннадан асатын құрылыс саласындағы қызмет;
микробиологиялық өнеркәсіп;
отын жағудан шығатын электр және жылу энергиясын өндіру (отын ретінде көмір, мазут, табиғи газ пайдаланатындар);
Парниктік газдар шығарындаларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына енгізілген парниктік газдарды квоталау субъектілері;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру және рекреациялық мақсатындағы қорғау аймағы шекарасының шегінде қызметінжүзеге асыратынсубъектілер;
өндiрiс және тұтыну қалдықтарын қабылдау, кәдеге жарату, өңдеу, орналастыруды жүзеге асыратын субъектілер;
коммуналдық шаруашылық субъектілері (оның ішінде, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бөлу, коммуналдық қалдықтарды жинақтау, сақтау және өңдеу объектілері), сондай-ақ қоршаған ортаға әсер ететін стратегиялық маңызды субъектілер (су электр станциялары, жинақтағыштар, су қоймалары және басқалары);
мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау және өткізуді жүзеге асыратын субъектілер;
көлік құралдарын шығаратын және көлік құралдарымен (жүк, жеңіл, теміржол, ауа, су, автобус) тасымалдау саласында қызмет ететін субъектілер жатады.
Объективті өлшемшарттар бойынша талдау жасалғаннан кейін осы тармақтың 1), 2) тармақшаларына кірмеген субъектілер (объектілер) объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайтын субъектілерге жатқызылады.
Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған субъектілер (объектілер) одан әрі субъективті өлшемшарттар бойынша бағалауға жатады.

2 2-параграф. Субъективті өлшемшарттар

8 8. Субъективті өлшемшарттарды анықтау мынадай:

1 1) ақпарат жинау және деректер базасын қалыптастыру;

2 2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.

9 9. Деректер базасын қалыптастыру мақсатында ақпарат жинау заңнаманы бұзатын тексерілетін субъектілерді (объектілерді) анықтау үшін жүргізіледі және мынадай ақпарат көздерінен:

1 1) тексерілетін субъектілермен (объектілермен) ұсынылатын есептілікті мониторингілеу нәтижелері;

2 2) бұрынғы тексерулер нәтижелерінен жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте, бұзушылықтың ауыртпалық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парағында көрсетілген заңнама талаптарын сақтамау жағдайында белгіленеді;

3 3) жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен расталған өтініш пен шағымдардың болуы және олардың саны;

4 4) жүргізілген экологиялық аудит нәтижелері.

5 5) бақылаудың өзге нысандарының нәтижелері;

6 6) уәкілетті органдармен және ұйымдармен ұсынылатын мәліметтер талдауының нәтижелері.

10 10. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары үш бұзушылыққа бөлінеді: өрескел, елеулі, болмашы.

Тексерілетін субъектіні тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің келесі тәртібі қолданылады.
Бір өрескел бұзушылық анықталған кездетексерілетін субъектіге тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші белгіленеді және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі.
Егер өрескел бұзушылықтар анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіштерінің қосынды мәні есептеледі.
Елеулі дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі:
ΣРз = (ΣР2 х 100/ΣР1) х 0,7
мұндағы:
ΣРз– елеулі дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіші;
ΣР1–елеулі дәрежедегі бұзушылықтардың жалпы саны;
ΣР2– анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.
Болмашы дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі:
ΣРн = (ΣР2 х 100/ΣР1) х 0,3
мұндағы:
ΣРн– болмашы дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіші;
ΣР1–болмашы дәрежедегі бұзушылықтардың жалпы саны;
ΣР2– анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.
Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (ΣР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және көрсеткіштерді қосу арқылы келесі формула бойынша анықталады:
ΣР = ΣРз + ΣРн
мұндағы:
ΣР–тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
ΣРз– елеулі дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіші;
ΣРн– болмашы дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіші.
Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары осы Өлшемшарттарға Қосымшада келтірілген.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект (объект) мыналарға жатқызылады:

1 1) жоғары тәуекел дәрежесі – 60-тан 100-ге дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі;

2 2) жоғары дәрежеге жатпайтын тәуекел дәрежесі – 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізілмейді.

11 11. Талдау мен бағалау кезінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері қолданылмайды.

1-1 Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

Қоршаған ортаны қорғау, табиғи
ресурстарды молықтыру және
пайдалану саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау критерийлеріне
қосымша
Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары
Ақ­па­рат кө­зі
Өл­шем­шар­ттар
Бұ­зу­шы­лық­тар дә­ре­же­сі
мін­дет­ті есеп­ті­лік­ті мо­ни­то­рин­гі­леу нәти­же­ле­рі
Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ға бел­гі­лен­ген есеп­ті­лік­ті ұсын­бау
Еле­улі
Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ға дұ­рыс емес есеп­ті­лік­ті тап­сы­ру
Еле­улі
Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ға бел­гі­лен­ген мер­зім­дер­ді бұ­за оты­рып, есеп­ті­лік­ті тап­сы­ру
Бол­ма­шы
ал­дың­ғы тек­се­ру­лер нәти­же­ле­рі
Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау са­ла­сын­да­ғы есеп
Өн­ді­ріс және тұ­ты­ну қал­дық­та­рын есеп­ке алу, кә­де­ге жа­ра­ту және за­лал­сыздан­ды­ру ере­же­ле­рін бұ­зу
Еле­улі
Жал­пы эко­ло­ги­я­лық та­лап­тар
Өнер­к­әс­iп, энер­ге­ти­ка, көлiк және бай­ла­ныс объ­ек­тiлерiн, ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­да­ғы және ме­ли­о­ра­ци­я­лау объ­ек­тiлерiн пай­да­ла­ну бел­гi­лен­ген эко­ло­ги­я­лық та­лап­тар ес­керiлiп және эко­ло­ги­я­лық тұр­ғы­дан негiз­дел­ген тех­но­ло­ги­я­лар, қор­ша­ған ор­та­ның ла­ста­нуын бол­дыр­май­тын қа­жет­тi та­зар­ту құ­ры­лы­ста­ры мен са­ни­тар­лық кү­зет ай­мақ­та­ры пай­да­ла­ны­ла оты­рып жү­зе­ге асы­ры­лу­ға тиiс. Атал­ған объ­ек­тiлер­дi пай­да­ла­ну кезiн­де эко­ло­ги­я­лық қа­уiп­сiздiк­тi қам­та­ма­сыз ететiн аз қал­дық­ты және қал­дық­сыз тех­но­ло­ги­я­лар ен­гiзiлу­ге тиiс
Еле­улі
Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау са­па­сы­ның нор­ма­тив­те­рін сақ­та­уын қам­та­ма­сыз ете­тін қа­уіп­ті қал­дық­тар­ды, шы­ға­рын­ды­лар­ды, тө­гін­ді­лер­ді та­зар­ту, за­лал­сыздан­ды­ру және кә­де­ге жа­ра­ту бой­ын­ша қон­дыр­ғы­лар мен жаб­дық­тар­сыз кә­сі­по­рын­дар­ды, има­рат­тар­ды және бас­қа объ­ек­ті­лер­ді пай­да­ла­ну­ға тый­ым са­лы­на­ды.
Өрес­кел
Қор­ша­ған ор­та­ға эмис­си­я­лар­ға рұқ­сат­тың бол­мауы
Өрес­кел
Қор­ша­ған ор­та­ға эмис­си­я­лар­ға рұқ­са­тын­да көр­се­ті­л­ген та­би­ғат пай­да­ла­ну шар­тта­рын орын­да­мау
Өрес­кел
Әр­бiр объ­ек­тi­де өн­дiрiстiк эко­ло­ги­я­лық ба­қы­ла­уды ұй­ым­да­сты­ру­ға, жүр­гiзу­ге және ба­қы­ла­у­шы ор­ган­дар­мен өза­ра iс-қи­мыл жа­са­у­ға жа­у­ап бе­ретiн ар­найы бөлiм­ше неме­се та­ғай­ын­дал­ған қыз­мет­кер­дiң бол­мауы
Бол­ма­шы
Өн­ді­рі­стік эко­ло­ги­я­лық ба­қы­лау бағ­дар­ла­ма­сын әзір­ле­мей, сон­дай-ақ оны жү­зе­ге асы­ру­сыз және рас­тай­тын құ­жат­тар­сыз өн­ді­рі­стік эко­ло­ги­я­лық ба­қы­ла­уды іс­ке асы­ру
Еле­улі
Анық­тал­ған­с­әт­тен ба­стап екі са­ғат­тың ішін­де қор­ша­ған ор­та­ны ла­ста­уы­мен ава­рия болға­ны ту­ра­лы, со­ны­мен қа­та­рүш жұ­мыс кү­ні ішін­де өн­дiрiстiк эко­ло­ги­я­лық ба­қы­лау жүр­гi­зу про­цесiн­де анық­тал­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның эко­ло­ги­я­лық заң­на­ма­сын бұ­зу фак­тiлерi ту­ра­лы қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау са­ла­сын­да­ғы уәкiлет­тi ор­ган­ға­ха­бар­ла­мау
Еле­улі
Ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның тех­ни­ка­лық рет­теу ту­ра­лы заң­на­ма­сын­да бел­гi­лен­ген тәр­тiп­пен ак­кре­дит­тел­ген өн­дiрiстiк неме­се тәу­ел­сiз зерт­ха­на­лар­мен шар­ттың бол­мауы
Еле­улі
ша­ру­а­шы­лық және өзге де қыз­мет­тiң эко­ло­ги­я­лық қа­уiп­тi түр­лерiн жү­зе­ге асы­ра­тын тұ­лға­лар үшін «Мiн­дет­тi эко­ло­ги­я­лық сақ­тан­ды­ру ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес мiн­дет­тi эко­ло­ги­я­лық сақ­тан­ды­ру­шар­ты­ның бол­мауы
Еле­улі
Қор­ша­ған ор­та­ға терiс әсерiн тигi­зетiн ав­то­мо­биль және өзге де көлiк құ­рал­да­ры үшін бел­гі­лен­ген­шек­ті жол берiлетiн шы­ға­рын­ды­лар нор­ма­тив­терiн сақ­та­мау
Еле­улі
Анық­тал­ған кем­шiлiк­тер­дi жо­ю­дың мерзiм­дерiн көр­сетiп, эко­ло­ги­я­лық қа­уiп­сiздiк­тiң жай-күй­iн жа­за­тын тек­се­ру жур­нал­да­ры­ның бол­мауы
Еле­улі
Та­би­ғат пай­да­ла­ну­шы­да Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы эко­ло­ги­я­лық заң­на­ма­сы­ның бұ­зы­луы­ның, дү­лей зiл­за­ла­лар мен та­би­ғи ка­та­клизмдер­дiң нәти­же­сiн­де туын­да­ған ава­ри­я­лық жағ­дай­лар­ды жою неме­се оқ­ша­у­лау жөнiн­де­гi iс-қи­мыл­дар жос­па­ры­ның бол­мауы
Еле­улі
Тек­се­ру нәти­же­сін­де анық­тал­ған бұ­зу­шы­лық­тар­ды жою жө­нін­де­гі ұй­ға­рым­дар­ды орын­да­мау
Еле­улі
Мем­ле­кет­тік эко­ло­ги­я­лық са­рап­та­ма объ­ек­ті­ле­рі
Қор­ша­ған ор­та­ға әсер ете­тін жос­пар­ла­на­тын қыз­ме­тіне жо­ба ал­ды және жо­ба­лық құ­жат­та­ры­на, са­ты­лар­ға сәй­кес қор­ша­ған ор­та­ға әсе­рін ба­ға­лау іле­с­пе ма­те­ри­ал­да­ры­мен, мем­ле­кет­тік эко­ло­ги­я­лық са­рап­та­ма­қо­ры­тындыс­ы­ның бол­мауы
Өрес­кел
Қор­ша­ған ор­та­ға эмис­си­я­лар нор­ма­тив­те­рі жо­ба­сы­на мем­ле­кет­тік эко­ло­ги­я­лық са­рап­та­ма қо­ры­тындыс­ы­ның бол­мауы
Өрес­кел
іс­ке асы­ры­луы қор­ша­ған ор­та­ға терiс әсер­лер­ге әкеп со­ғуы мүм­кiн Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы нор­ма­тив­тiк құқық­тық ак­тiлер­ге, нор­ма­тив­тік-тех­ни­ка­лық және нұс­қа­улық-әді­сте­ме­лік құ­жат­тар­ға мем­ле­кет­тік эко­ло­ги­я­лық са­рап­та­ма­қо­ры­тындыс­ы­ның бол­мауы
Өрес­кел
Ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар­ды құ­ру және ке­ңей­ту, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар мем­ле­кет­тік та­би­ғи қа­у­мал­дар мен мем­ле­кет­тік қо­рық ай­мақ­та­рын та­ра­ту және олар­дың аумақ­та­рын кі­ші­рей­ту жө­нін­де­гі жа­ра­ты­лы­ста­ну-ғы­лы­ми және тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме­лер­дің жо­ба­ла­ры­на мем­ле­кет­тік эко­ло­ги­я­лық са­рап­та­ма­қо­ры­тындыс­ы­ның бол­мауы
Өрес­кел
Өсiм­дiк­тер мен жа­ну­ар­лар дү­ни­есi ре­сур­ста­рын алу мен пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған био­ло­ги­я­лық негiз­де­ме­ле­рі­не­мем­ле­кет­тік эко­ло­ги­я­лық са­рап­та­ма­қо­ры­тындыс­ы­ның бол­мауы
Өрес­кел
Қа­ла­лар мен аумақ­тар­ды, оның iшiн­де ар­найы эко­но­ми­ка­лық ай­мақ­тар аумақ­та­рын және ша­ру­а­шы­лық қыз­ме­тін жүр­гi­зудiң ай­рық­ша ре­жи­мiн­де­гi аумақ­тар­ды са­лу­дың (да­мы­ту­дың) бас жос­пар­ла­ры­ның жо­ба­ла­ры­на мем­ле­кет­тік эко­ло­ги­я­лық са­рап­та­ма­қо­ры­тындыс­ы­ның бол­мауы
Өрес­кел
Осы аумақ­тар­ды эко­ло­ги­я­лық зі­л­за­ла неме­се тө­тен­ше эко­ло­ги­я­лық жағ­дай ай­мақ­та­ры­на жат­қы­зу­ды негiз­дей­тiн аумақ­тар­ды зерт­теу ма­те­ри­ал­да­ры­на мем­ле­кет­тік эко­ло­ги­я­лық са­рап­та­ма­қо­ры­тындыс­ы­ның бол­мауы
Өрес­кел
Шек­тес мем­ле­кет­тер­дiң қор­ша­ған ор­та­сы­на әсер етуi мүм­кiн неме­се оны жү­зе­ге асы­ру үшiн шек­тес мем­ле­кет­тер­мен ор­тақ та­би­ғи объ­ек­ті­лер­ді пай­да­ла­ну қа­жет бо­ла­тын не шек­тес мем­ле­кет­тер­дiң Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ха­лы­қа­ра­лық шар­тта­рын­да ай­қын­дал­ған, оның ішін­де "Бай­қо­ңыр" ке­ше­ні бой­ын­ша мүд­де­лерiн қоз­ғай­тын ша­ру­а­шы­лық қыз­метжо­ба­ла­ры­на мем­ле­кет­тік эко­ло­ги­я­лық са­рап­та­ма­қо­ры­тындыс­ы­ның бол­мауы
Өрес­кел
Жер­дi пай­да­ла­ну кезiн­де­гi эко­ло­ги­я­лық та­лап­тар
То­пы­рақ­тың ла­ста­нуы, қо­қы­ста­нуы, то­зуы және құ­нар­лы­лы­ғы­ның тө­мен­де­уі,сон­дай-ақ то­пы­рақ­тың құ­нар­лы қа­ба­тын алу
Еле­улі
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну жөнiн­де­гi опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гi­зу кезiн­де­гi эко­ло­ги­я­лық та­лап­тар
Уыт­ты заттар­дың та­би­ғи объ­ек­тiлер­ге кө­шуiн бол­ғы­з­бау үшiн тех­но­ло­ги­я­лық алаң­дар­ды гид­ро­ло­ги­я­лық оқ­ша­у­лай оты­рып, жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­дың қал­дық­та­рын ұй­ым­дас­қан түр­де жи­нау мен сақ­та­удың ин­же­нер­лiк жүй­есi­нің­бол­мауы
Еле­улі
Ұң­ғы­ма құ­ры­лы­сы ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар­да са­лын­ған жағ­дай­лар­да, ұра­сыз тех­но­ло­ги­я­ның бол­мауы
Еле­улі
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну жөнiн­де­гi опе­ра­ци­я­лар кезiн­де шлам­дар­ды кә­де­ге жа­ра­ту және бұр­ғы­лау про­цесiн­де қай­та­дан пай­да­ла­ну, қор­ша­ған ор­та­ға қай­та­ру үшiн, пай­да­ла­ны­л­ған бұр­ғы­лау ерiтiн­дiлерiн, бұр­ғы­ла­удан, ка­рьер­лер­ден және шах­та­дан шық­қан сар­қын­ды су­ды бей­та­рап­тан­ды­ру жөнiн­де­гi жұ­мыстар­ды бел­гi­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес жүр­гiз­беу
Еле­улі
Қыз­метi жер асты суы объ­ек­тiлерiнiң жай-күй­iне зи­ян­ды әсер ететiн неме­се зи­ян­ды әсер етуi мүм­кiн ша­ру­а­шы­лық субъ­ек­ті­ле­рі­нің су объ­ек­тiлерiнiң ла­ста­нуын және тар­ты­луын бол­ғы­з­бай­тын ша­ра­ла­рын қа­был­да­мауы
Еле­улі
пай­да­ла­ну­дан шы­ға­ры­л­ған су­ды сiңiр­ме ұң­ғы­ма­лар­ға ай­дау жүр­гiзiлетiн аудан­да жа­қын жер­де­гi ұң­ғы­ма­лар­да­ғы, бұ­лақ­тар­да­ғы, құ­дық­тар­да­ғы су­дың са­па­сы­на қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау, су қо­рын пай­да­ла­ну және қор­ғау са­ла­сын­да­ғы уәкiлет­тi мем­ле­кет­тiк ор­ган­дар­мен және ха­лық­тың са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­у­ат­ты­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тiк ор­ган­мен келiсiл­ген жос­пар бой­ын­ша су пай­да­ла­ну­шы­лар­дың кү­шi­мен жүй­елi зерт­ха­на­лық бай­қа­у­лар ұй­ым­да­сты­ры­лу­ға тиiс
Бол­ма­шы
Жер асты су­ла­рын бар­лау және (неме­се) шы­ға­ру кезiн­де­гi эко­ло­ги­я­лық та­лап­тар
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның эко­ло­ги­я­лық заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген та­лап­тар­ды­о­рын­дау бө­лі­гін­де­жер асты су­ла­ры­ның кен орын­да­рын бар­лау мен иге­ру келiсiм­шар­ты­ның шар­тта­рын сақ­та­мау
Еле­улі
Жер асты су­ла­ры­на бар­лау және (неме­се) оны шы­ға­ру жұ­мыста­рын жүр­гiз­ген кез­де ке­шен­дi қал­пы­на кел­тi­ру жұ­мыста­рын жүр­гiз­беу
Бол­ма­шы
Жер асты­ның ашы­л­ған су тұт­қыш жи­ек­терi­нің ла­ста­нуын бол­ғы­з­бай­тын­дай сенiм­дi оқ­ша­у­ла­у­мен қам­та­ма­сыз ет­пеу
Еле­улі
Су объ­ек­тiлерiн пай­да­ла­ну кезiн­де­гi эко­ло­ги­я­лық та­лап­тар
Су объ­ек­тiлерiнiң жай-күй­iне әсер ететiн кәс­i­по­рын­дар мен бас­қа да құ­ры­лы­стар­ды қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғаудың, жер қой­на­уын қор­ғаудың, су ре­сур­ста­рын мо­лай­ту мен ұтым­ды пай­да­ла­ну­дың та­лап­та­ры мен ере­же­лерiн сақ­тай оты­рып, сон­дай-ақ атал­ған объ­ек­тiлер қыз­метiнiң эко­ло­ги­я­лық сал­дар­ла­рын ес­ке­ре оты­рып ор­на­ла­сты­ру
Еле­улі
Сар­қын­ды су­ды ағы­зып жi­бе­ру кезiн­де­гi эко­ло­ги­я­лық та­лап­тар
Та­би­ғат пай­да­ла­ну­шы сар­қын­ды су жи­нақ­та­уы­штар­дың қор­ша­ған ор­та­ға әсе­рін тигіз­беу бой­ын­ша, осы жи­нақ­та­уы­штар алып жа­тқан жер­лер­ді, пай­да­ла­ну­ды тоқ­та­тқан­нан кей­ін құ­нар­лан­ды­ру бой­ын­ша ша­ра қол­дан­ба­уы
Еле­улі
же­ра­с­ты су­ла­ры ми­не­рал­ға қа­нық­қан, ауыз­су, баль­нео­ло­ги­я­лық, тех­ни­ка­лық қа­жет­ті­лік­тер үшін, сон­дай-ақ ир­ри­га­ция және мал ша­ру­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­да пай­да­ла­ныл­май­тын неме­се пай­да­ла­ну­ға бол­май­тын, же­ра­с­ты су­тұт­қыш бел­де­улер­ге сар­қын­ды су­лар­ды ай­да­уды қо­с­па­ған­да, нор­ма­тив­ті көр­сет­кіш­тер­ге дей­ін та­зар­тыл­ма­ған су­лар­ды тө­гу
Өрес­кел
Сар­қын­ды су­ды, олар­дың та­за­ла­ну дең­гей­iне қа­ра­ма­стан, ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған ауыз су­мен жаб­дық­тау көз­дерiнiң са­ни­тар­лық қор­ға­лу ай­мақ­та­рын­да­ғы, ку­рорт­тар­да­ғы, су­ға тү­су­ге ар­нал­ған жер­лер­де­гi су ай­дын­да­ры­на ағы­зып жi­бе­ру
Өрес­кел
Сар­қын­ды су­ды су объ­ек­ті­ле­ріне, жер қой­на­уы­на, сар­қын­ды су жи­нақ­та­уы­штар­ға, жер­гі­лік­ті жер­дің ре­лье­фіне ағы­зу­ды жү­зе­ге асы­ра­тын неме­се су бө­лу­дің тұй­ық­тал­ған цик­лін­де жұ­мыс іс­тей­тін та­би­ғат пай­да­ла­ну­шы­лар­дың су кө­ле­мін есеп­теу және су тұ­ты­ну мен су бө­лу ас­пап­та­рын пай­да­лан­ба­уы
Еле­улі
Кас­пий те­ңі­зі­нің сол­тү­стік бө­лі­гін­де­гі мем­ле­кет­тік қо­рық ай­ма­ғын­да ша­ру­а­шы­лық және өзге де қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де­гі эко­ло­ги­я­лық та­лап­тар
Ай­на­лым­ға тар­тыл­май­тын және жер қой­на­уы­на ай­дал­май­тын бұр­ғы­лау қал­дық­та­рын (шлам­дар мен қо­с­па­лар­ды) за­лал­сыздан­ды­ру мен сақ­тау жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар­ды жү­зе­ге асы­ру үшін Кас­пий те­ңі­зі­нің сол­тү­стік бө­лі­гін­де­гі мем­ле­кет­тік қо­рық ай­ма­ғы­нан тыс­қа­ры жер­де ар­найы по­ли­гон­ның бол­мауы
Бол­ма­шы
Бұр­ғы­лау плат­фор­ма­сын­да (бар­ждаа) және оған қыз­мет ете­тін ке­ме­лер­де сар­қын­ды су­лар­ды та­зар­ту мен за­лал­сыздан­ды­ру­ға неме­се сар­қын­ды су­лар­ды жи­на­у­ға, сақ­та­у­ға және кей­ін ар­на­у­лы ке­ме­лер­ге неме­се жа­ға­ла­уда­ғы қа­был­дау құ­ры­л­ғы­ла­ры­на бе­ру­ге ар­нал­ған қон­дыр­ғы­лар­дың бол­мауы. Қо­қы­сты жи­нау неме­се өң­деу (ұн­тақ­тау неме­се сығ­ым­дау) үшін ти­іс­ті құ­ры­л­ғы­лар­дың бол­мауы. Мем­ле­кет­тік эко­ло­ги­я­лық са­рап­та­ма­ны жа­са­май ме­ди­ци­на­лық және та­мақ қал­дық­та­рын бұр­ғы­лау плат­фор­ма­ла­ры­на (баржа­лар) ин­си­не­ра­ци­я­лау
Еле­улі
Бұр­ғы­лау қон­дыр­ғы­ла­рын­да Ха­лы­қа­ра­лық те­ңіз ұй­ы­мы­ның тұн­шық­ты­ра­тын газ шы­ға­рын­ды­ла­ры­ның шек­ті мән­де­рі жө­нін­де­гі та­лап­та­ры­на сай ке­ле­тін іш­тен жа­ну дви­га­тель­де­рі­нің бол­мауы
Еле­улі
Те­ң­із­де мұ­най опе­ра­ци­я­ла­рын жүр­гі­зу ке­зін­де, мұ­най мен құ­ра­мын­да мұ­най бар жүк­тер­ді та­сы­мал­дай­тын әр­бір те­ңіз құ­ры­лы­сын­да және әр­бір ке­ме­де тө­гі­лу­дің за­рдап­та­рын шек­теу және жи­нау үшін ма­те­ри­ал­дар мен аб­сор­бент­тер­дің бол­мауы
Еле­улі
Те­ң­із­де­гі өн­ді­рі­стік (бұр­ғы­лау, өн­ді­ру, пай­да­ла­ну) объ­ек­ті­лер­де және олар­ға қыз­мет көр­се­те­тін ке­ме­лер­де сар­қын­ды су­лар­ды та­зар­ту мен за­лал­сыздан­ды­ру­ға неме­се сар­қын­ды су­лар­ды жи­на­у­ға, сақ­та­у­ға және кей­ін­нен ар­на­у­лы ке­ме­лер­ге неме­се жа­ға­ла­уда­ғы қа­был­дау құ­ры­л­ғы­ла­ры­на бе­ру­ге ар­нал­ған қон­дыр­ғы­ның бол­мауы.
Қо­қы­сты жи­нау неме­се өң­деу (ұн­тақ­тау неме­се сығ­ым­дау) үшін ти­іс­ті құ­ры­л­ғы­ның бо­луы
Бол­ма­шы
Те­ң­із­де бар­лау мен өн­ді­ру ке­зін­де­гі эко­ло­ги­я­лық та­лап­тар
Ке­ме қа­ты­на­у­ға бо­ла­тын ак­ва­то­рий­де мұз қа­ба­ты болған жағ­дай­да бұр­ғы­лау баржа­сы­нан неме­се плат­фор­ма­сы­нан бұр­ғы­лау жұ­мыста­рын жүр­гі­зу, кө­мір­су­те­гі­нің ық­ти­мал тө­гі­лу­ін тұм­ша­лау үшін қа­жет­ті жаб­дық­та­ры бар мұз­жар­ғыш тү­рін­де­гі ке­ме­нің ұдайы бір­ге бо­луы­мен жү­зе­ге асы­ры­лу­ға ти­іс.
Еле­улі
мұ­най опе­ра­ци­я­ла­рын жүр­гі­зу ке­зін­де ава­ри­я­лық тө­гі­лу­лер­дің ал­дын алу, шек­теу және олар­ды жою жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар­дың бол­мауы
Еле­улі
Ке­ме жү­зу­іне қой­ы­ла­тын эко­ло­ги­я­лық та­лап­тар
ке­ме­лер­ді отын­ды жа­бық алып жү­ру жүй­е­ле­рі­мен, ла­стан­ған су­лар мен тұр­мыстық қо­қы­стар­ды жи­най­тын ыдыс­тар­мен, ашық су ай­ды­ны­на тө­гін­ді­лер мен шы­ға­рын­ды­лар­ға мүм­кін­дік бер­мей­тін құ­ры­л­ғы­лар­мен жаб­дық­тау
Еле­улі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның са­уда мақ­са­тын­да те­ң­із­де жү­зу заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес су­сы­ма­лы ма­те­ри­ал­дар­ды, хи­ми­я­лық ре­а­гент­тер мен қа­уіп­ті жүк­тер­ді та­сы­мал­дау үшін олар­дың қор­ша­ған ор­та­ға жай­ы­луын бол­дыр­май­тын жа­бық кон­тей­нер­лер­дің және ар­на­у­лы ыдыс­тар­дың бол­мауы
Еле­улі
Те­ң­із­де ке­ме­лер­ге май құю отын­ның және жа­нар-жа­ғар май ма­те­ри­ал­да­ры­ның тө­гі­луі мен ағып ке­ту­ін бол­дыр­май­тын жүй­е­лер­дің бол­мауы
Еле­улі
Ке­ме­лер­ді ке­ме па­лу­ба­ла­ры­ның мұ­най өнім­де­рі­мен ла­ста­нуы­на, су ай­дын­да­ры­на ла­стан­ған сар­қын­ды су­лар­дың ағуы­на жол бер­мей­тін жаб­дық­пен жа­рақ­тау
Еле­улі
Кас­пий те­ңі­зі­нің сол­тү­стік бө­лі­гін­де­гі мем­ле­кет­тік қо­рық ай­ма­ғын­да­ғы қор­ша­ған ор­та­ның мо­ни­то­рин­гі
Кас­пий те­ңі­зі­нің сол­тү­стік бө­лі­гін­де­гі мем­ле­кет­тік қо­рық ай­ма­ғын­да ша­ру­а­шы­лық қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ра­тын жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы өн­ді­рі­стік қыз­мет­ті жос­пар­лау және одан әрі жү­зе­ге асы­ру ке­зе­ңі­нен ба­стап жыл сай­ын (мұз­бен жа­бы­л­ған те­ңіз ак­ва­то­ри­я­сын­да қы­сқы ке­зең­де­гі мо­ни­то­ринг­ті қо­с­па­ған­да,төрт кли­мат­тық мау­сым бой­ын­ша) бар­лық ке­лі­сім­шарт ау­ма­ғы бой­ын­ша қор­ша­ған ор­та­ға өн­ді­рі­стік мо­ни­то­ринг жүр­гіз­беу
Бол­ма­шы
Өн­ді­рі­стік мо­ни­то­ринг өт­кі­зу ке­зін­де жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы өт­кен жыл­дар­да­ғы қа­да­ға­ла­у­лар­дың нәти­же­ле­рін ес­ке­руі және қа­да­ға­ла­уды ұзақ мер­зім қа­та­ры­нан жал­ға­сты­ру мақ­са­тын­да жұ­мыс ала­ңын­да (ке­лі­сім­шар­ттық аумақ ше­гін­де және оның ай­на­ла­сын­да) ор­на­лас­қан, жұ­мыс іс­теп тұр­ған стан­ци­я­лар­дың көр­сет­кіш­те­рін пай­да­ла­ну­ға ти­іс
Бол­ма­шы
Ава­ри­я­лық жағ­дай­лар туын­да­ған жағ­дай­да қор­ша­ған ор­та­ның ава­ри­я­лық ла­ста­ну сал­да­ры­ның мо­ни­то­рин­гі кі­ді­ріс­сіз ұй­ым­да­сты­ры­ла­ды
Бол­ма­шы
Өн­ді­ріс және тұ­ты­ну қал­дық­та­ры­мен жұ­мыс іс­теу ке­зін­де­гі жал­пы эко­ло­ги­я­лық та­лап­тар
Ша­ру­а­шы­лық қыз­ме­ті про­це­сін­де қал­дық­тар тү­зі­ле­тін же­ке және заң­ды тұ­лға­лар олар­мен қа­уіп­сіз жұ­мыс іс­теу ша­ра­ла­рын көз­де­у­ге, эко­ло­ги­я­лық және са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар­ды сақ­та­у­ға және олар­ды кә­де­ге жа­ра­ту, қай­та өң­деу, за­лал­сыздан­ды­ру және қа­уіп­сіз жою жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар­ды орын­да­у­ға мін­дет­ті
Еле­улі
Қал­дық­тар­ды кө­му ке­зін­де то­пы­рақ се­уіп, тығ­ы­здап жа­бу үшін қа­уіп­сіз қал­дық­тар­ды қол­да­ну жағ­дай­ла­рын қо­с­па­ған­да, қа­уіп­ті қал­дық­тар­ды қа­уіп­сіз қал­дық­тар­мен, сон­дай-ақ әр­түр­лі қа­уіп­ті қал­дық­тар­ды өн­ді­ру, та­сы­мал­дау және сақ­тау про­це­сін­де олар­ды өза­ра ара­ла­сты­руы
Өрес­кел
жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­дың ше­шім­де­рі­мен ай­қын­дал­ма­ған орын­дар­да­қал­дық­тар­ды ор­на­ла­сты­ру мен жою
Еле­улі
Қал­дық­тар­ды қал­пы­на кел­тір­ген­ге неме­се өң­де­ген­ге дей­ін үш жыл­дан ас­пай­тын неме­се олар­ды көм­ген­ге дей­ін бір жыл­дан ас­пай­тын мер­зім­ге қа­уіп­сіз сақ­тау үшін ар­нал­ған қал­дық­тар­ды уа­қыт­ша сақ­тау орын­да­ры­ның бол­мауы
Еле­улі
І және ІІ са­нат­та­ғы та­би­ғат пай­да­ла­ну­шы бе­кіт­кен қал­дық­тар­ды бас­қа­ру бағ­дар­ла­ма­сы­ның бол­мауы; қал­дық­тар­ды кә­де­ге жа­ра­ту­ды және қай­та өң­де­уді неме­се олар­дың кө­ле­мін және қа­уіп­ті қа­си­ет­те­рін өзге де тә­сіл­дер­мен азай­ту­ды жү­зе­ге асы­ра­тын, сон­дай-ақ өн­ді­ріс және тұ­ты­ну қал­дық­та­рын ор­на­ла­сты­ру­мен бай­ла­ны­сты қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын тұ­лға­лар­да қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­га­ны­мен бе­кі­ті­л­ген қал­дық­тар­ды бас­қа­ру бағ­дар­ла­ма­сы­ның бол­мауы
Бол­ма­шы
Қа­уіп­ті қал­дық­тар пас­пор­ты­ның бол­мауы
Бол­ма­шы
қа­уіп­ті­лік қа­си­ет­те­рін көр­се­те оты­рып, қа­уіп­ті қал­дық­тар­дың бу­ма­сын­да таң­ба­ла­удың бол­мауы. Мұн­дай қал­дық­тар­ды бас­қа тұ­лға­лар­ға бел­гі­лі бір мер­зім­ге бер­ген кез­де қал­дық­тар­дың мен­шік ие­сі олар­ды осы қал­дық­тар­дың қа­уіп­ті қа­си­ет­те­рі ту­ра­лы және олар­мен жұ­мыс іс­теу ке­зін­де сақ­тық ша­ра­ла­ры ту­ра­лы жа­з­ба­ша ны­сан­да ха­бар­лай­ды
Еле­улі
По­ли­гон­ның ие­сін­де учас­ке­де қа­был­дан­ған қал­дық то­бы­ның алын­ға­нын жа­з­ба­ша рас­та­уы­ның бол­мауы және құ­жат­та­ма­ны бес жыл бойы сақ­та­мауы
Бол­ма­шы
Қа­уіп­ті қал­дық­тар ор­на­ла­сты­ры­л­ған жер қал­дық­тың тү­рі, оның қа­уіп­ті­лік дең­гейі және кө­мі­л­ген кү­ні көр­се­ті­ле оты­рып, жақ­сы кө­рі­не­тін жер­де ай­ы­рым бел­гі­ле­рі­нің бол­мауы
Еле­улі
Қа­уіп­ті қал­дық­тар­ды жи­на­уды, кә­де­ге жа­ра­ту­ды, та­сы­мал­да­уды және ор­на­ла­сты­ру­ды жү­зе­ге асы­ра­тын кә­сі­по­рын­дар­дың тө­тен­ше және ава­ри­я­лық жағ­дай­лар ке­зін­де іс-қи­мыл­дар жос­пар­ла­ры­ның бол­мауы
Еле­улі
Жой­ы­луы қиын ор­га­ни­ка­лық ла­ста­уы­шта­ры бар қал­дық­тар­ды сақ­тау пункт­те­рін­де жой­ы­луы қиын ор­га­ни­ка­лық ла­ста­уы­штар­дың қор­ша­ған ор­та­ға және ха­лық­тың ден­са­улы­ғы­на әсе­рін бол­ғы­з­ба­уды қам­та­ма­сыз ете­тін қор­ға­ныс құ­рал­да­ры­ның бол­мауы
Еле­улі
Қал­дық­тар­ды сақ­тау кей­ін­нен кә­де­ге жа­ра­ту, өң­деу неме­се түп­кі­лік­ті кө­му мақ­са­тын­да әр­бір қал­дық түр­ле­рі үшін бел­гі­лен­ген ке­зең­ге ар­найы жаб­дық­тал­ған жер­лер­дің (алаң­дар­да, көм­бе­лер­де, қой­ма­лар­да) бол­мауы
Өрес­кел
Қал­дық­тар­ды кө­му үшін ар­найы жаб­дық­тал­ған по­ли­гон­дар­дың бол­мауы
Гру­бое
Әр­бір по­ли­гон­да олар­дың қор­ша­ған ор­та­ға те­ріс әсе­рі­нің ал­дын алу үшін ат­мо­сфе­ра­лық шы­ға­рын­ды­лар­дың (қо­қыс га­зы), сақ­та­у­ға қой­ы­л­ған қал­дық­тар­да құ­ра­ла­тын сүзін­ді су­дың және сар­қын­ды су­лар­дың мо­ни­то­рин­гі жүй­е­сі­нің бо­луы
Еле­улі
био­ло­ги­я­лық іри­тін қал­дық­тар­ды кө­му кө­ле­мін азай­ту және қо­қыс га­з­ды ба­қы­лау мен кә­де­ге жа­ра­ту жүй­е­ле­рін ен­гі­зу ар­қы­лы по­ли­гон­да ме­тан­ның құ­ра­луын азай­ту жө­нін­де ша­ра­лар­дың бол­мауы
Еле­улі
Қал­дық­тар­ды кө­му по­ли­го­ны­ның қыз­ме­ті қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­мен ке­лі­сі­л­ген мер­зім­де учас­ке­ні эко­ло­ги­я­лық та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ті­ру жө­нін­де­гі жос­па­ры­ның бол­мауы
Бол­ма­шы
По­ли­гон­ның мен­шік ие­сін­де по­ли­гон жа­бы­л­ған­нан кей­ін жер­лер­ді ре­куль­ти­ва­ци­я­лау жө­нін­де­гі іс-ша­ра­ла­ры және қор­ша­ған ор­та­ға әсер­дің мо­ни­то­рин­гін жүр­гі­зу үшін та­ра­ту қо­ры­ның бол­мауы.
Өрес­кел
По­ли­гон ие­сі бе­кі­те­тін және қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау са­ла­сын­да уәкі­лет­ті ор­га­ны­мен ке­лі­сі­л­ген, кө­му­ге қа­был­да­на­тын қал­дық­тар­ды қа­был­дау және сы­нып­тау рә­сім­де­рін рас­тай­тын құ­жат­тар­дың бол­мауы
Бол­ма­шы
Қор­ша­ған ор­та­ға ба­қы­ла­уды, мо­ни­то­ринг­ті және (неме­се) тал­да­уды жүр­гізу­ге мен­шік­ті ак­кре­дит­тел­ген зерт­ха­на­лар­дың неме­се ак­кре­дит­тел­ген зерт­ха­на­лар­мен шар­ттың бол­мауы
Еле­улі
Тұр­мыстық қат­ты қал­дық­тар по­ли­го­ны­ның әр­бір сек­ци­я­сы үшін газ мо­ни­то­рин­гін жүр­гіз­беу
Бол­ма­шы
Жер асты су­ла­ры­нан алын­ған сы­на­ма­лар­да тал­да­на­тын па­ра­метр­лер осы жер­де­гі сүзін­ді су­дың кү­ті­ліп отыр­ған құ­ра­мы­на және жер асты су­ла­ры­ның са­па­сы­на негіз­де­лу­ге ти­іс. Тал­да­ма есе­бі үшін па­ра­метр­лер­ді таң­дау про­це­сін­де жер асты су­ла­ры­ның жыл­дамды­ғы мен ағыс ба­ғы­ты ай­қын­да­лу­ға ти­іс
Бол­ма­шы
По­ли­гон (по­ли­гон­ның бө­лі­гі) жа­бы­л­ған­нан кей­ін по­ли­гон­ның ие­сі аумақ­ты ре­куль­ти­ва­ци­я­ла­уды жү­зе­ге асыр­мауы және 1-сы­нып­та­ғы по­ли­гон­дар үшін – отыз жыл бойы, 2-сы­нып по­ли­гон­да­ры үшін жиыр­ма жыл бойы қо­қыс га­з­дың және сүзін­ді су­дың шы­ға­рын­ды­ла­ры­на мо­ни­то­ринг жүр­гіз­бе­уі
Еле­улі
Бү­лін­ген жер­лер­де ре­куль­ти­ва­ци­я­лау жө­нін­де жұ­мыстар­ды жүр­гіз­беу;
Қал­дық­тар­ды ор­на­ла­сты­ру объ­ек­ті­ле­рін пай­да­ла­ну аяқ­тал­ған­нан кей­ін олар­дың қор­ша­ған ор­та­ға әсе­рін ба­қы­ла­уды өт­кіз­бе­уі
Еле­улі
Өн­ді­ру­ші­лер­дің (им­порт­та­у­шы­лар­дың) ке­ңей­ті­л­ген мін­дет­те­ме­ле­рі қол­да­ны­ла­тын өнім (та­у­ар­лар) тіз­бе­сіне сәй­кес өнім­ді (та­у­ар­лар­ды) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да өн­ді­ру­ді және (неме­се) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на әке­лу­ді жү­зе­ге асы­ра­тын же­ке және заң­ды тұ­лға­лар өн­ді­ру­ші­лер­дің (им­порт­та­у­шы­лар­дың) ке­ңей­ті­л­ген мін­дет­те­ме­ле­рі қол­да­ны­ла­тын өнім­нің (та­у­ар­лар­дың) тұ­ты­ну­шы­лық қа­си­ет­те­рі жо­ғал­ған­нан кей­ін пай­да болған қал­дық­тар­ды және оның (олар­дың) ора­ма­сын жи­на­уды, та­сы­мал­да­уды, қай­та өң­де­уді, за­лал­сыздан­ды­ру­ды, пай­да­ла­ну­ды және (неме­се) кә­де­ге жа­ра­ту­ды қам­та­ма­сыз ету­ге мін­дет­ті
Еле­улі
Қал­дық­тар­ды жи­на­удың, қай­та өң­де­удің және кә­де­ге жа­ра­ту­дың мен­шік­ті жүй­е­сі бар өн­ді­ру­ші­лер (им­порт­та­у­шы­лар) қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ай­қын­да­ған тәр­тіп­ке сәй­кес өн­ді­ру­ші­лер­дің (им­порт­та­у­шы­лар­дың) ке­ңей­ті­л­ген мін­дет­те­ме­ле­рі бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер­ді орын­да­ға­нын рас­тау ре­т­ін­де өн­ді­ру­ші­лер­дің (им­порт­та­у­шы­лар­дың) ке­ңей­ті­л­ген мін­дет­те­ме­ле­рі­нің опе­ра­то­ры­на өн­ді­ру­ші­лер­дің (им­порт­та­у­шы­лар­дың) ке­ңей­ті­л­ген мін­дет­те­ме­ле­рі қол­да­ны­ла­тын өнім­нің (та­у­ар­лар­дың) тұ­ты­ну­шы­лық қа­си­ет­те­рі жо­ғал­ған­нан кей­ін пай­да болған қал­дық­тар­ды және оның (олар­дың) ора­ма­сын жи­на­уды, қай­та өң­де­уді және кә­де­ге жа­ра­ту­ды рас­тай­тын құ­жат­тар­ды ұсы­на­ды
Еле­улі
Ра­дио­ак­тив­ті қал­дық­тар­ды сақ­тау және (неме­се) кө­му пункт­те­ріне қой­ы­ла­тын эко­ло­ги­я­лық та­лап­тар
Жер үсті су­ла­ры­ның, ыза­су­лар­дың және жер асты су­ла­ры­ның ра­дио­ак­тив­ті ла­ста­ну есе­бі ері­т­ін­ді­лер­дің сүзі­лу­і­нің және ла­ста­ну­дың жыл­дамды­ғын, олар­дың та­ра­лу қа­бі­лет­те­рін және су си­я­тын тау жы­ны­ста­ры­ның сорб­ци­он­дық мүм­кін­дік­те­рін ай­қын­дау үшін орын­да­ла­тын ар­найы гид­ро­ло­ги­я­лық және гид­ро­гео­ло­ги­я­лық зерт­те­улер жүр­гі­зу негі­зін­де орын­да­ла­ды
Еле­улі
Пар­ник­тік га­з­дар шы­ға­рын­ды­ла­ры мен сі­ңі­ру­ле­рі са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік рет­теу
Қыз­ме­тін эко­но­ми­ка­ның мұ­най-газ, электр энер­ге­ти­ка, тау-кен ме­тал­лур­ги­я­сы, хи­мия са­ла­ла­рын­да, құ­ры­лыс ма­те­ри­ал­да­рын өн­ді­ру бө­лі­гін­де: це­мент, әк, гипс және кір­піш са­ла­сын­да пар­ник­тік га­з­дар шы­ға­рын­ды­ла­рын жы­лы­на кө­мір­те­гі қо­сто­тығ­ы­ның жиыр­ма мың тон­на­сы­на тең ке­ле­тін мөл­шер­ден аса­тын пар­ник­тік га­з­дар шы­ға­рын­ды­ла­ры­на кво­та­лар ал­май қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­руы­на жол бе­ріл­мей­ді.
Ти­іс­ті ке­зең­де­гі пар­ник­тік га­з­дар шы­ға­рын­ды­ла­ры­на сер­ти­фи­кат­та бел­гі­лен­ген кво­та­дан асып тү­су­ге жол бе­ріл­мей­ді
Өрес­кел
Пар­ник­тік га­з­дар­дың және озон­ды бұ­за­тын заттар­дың шы­ға­рын­ды­ла­ры­на жол бе­рі­ле­тін ша­ру­а­шы­лық және өзге де қыз­мет­ке қой­ы­ла­тын жал­пы та­лап­тар
Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­мен бе­рі­ле­тін озон­ды бұ­за­тын заттар­ды пай­да­ла­на оты­рып жұ­мыстар жүр­гі­зу, құ­ра­мын­да озон­ды бұ­за­тын заттар бар жаб­дық­ты жөн­деу, мон­таж­дау, оған қыз­мет көр­се­ту жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге рұқ­сат­тың бо­луы
Еле­улі
рас­тал­ған­ша­ғым­дар­ме­нары­здар­дың­бо­луы­ж­әне­са­ны
Бір­си­патты­еме­с­рас­тал­ға­нү­ш­ж­ә­нео­данда­кө­пө­ті­ні­шпен­ша­ғым­ның­бо­луы
Өрес­кел
Бір си­патты емес рас­тал­ған екі өті­ніш пен ша­ғым­ның бо­луы
Еле­улі
Рас­тал­ған бір өті­ніш неме­се ша­ғым­ның бо­луы
Бол­ма­шы
жүр­гі­зі­л­ген мін­дет­ті эко­ло­ги­я­лық аудит нәти­же­ле­рі
эко­ло­ги­я­лық аудит­тiң есебiн қа­ра­удың нәти­же­лерi бой­ын­ша қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау са­ла­сын­да­ғы уәкiлет­тi ор­ган­ға аудит­те­летiн субъ­ек­тiнiң қыз­метiн тоқ­та­та тұ­ру ту­ра­лы та­лап қою ар­қы­лы сот­қа жү­гi­ну­ге мүм­кін­дік бе­ре­тін фак­ті­лер­дің бо­луы
Өрес­кел
эко­ло­ги­я­лық аудит­тiң есебiн қа­ра­удың нәти­же­лерi бой­ын­ша қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау са­ла­сын­да­ғы уәкiлет­тi ор­ган­ға эко­ло­ги­я­лық рұқ­сат та­лап­та­ры­на өзгерiстер ен­гiзу­ге неме­се та­би­ғи ре­сур­стар­ды пай­да­ла­ну және алып қою, қор­ша­ған ор­та­ға эмис­си­я­лар­ға рұқ­сат шар­тта­ры­ның (келiсiм­шар­ттар­дың) және та­би­ғат пай­да­ла­ну­ға өзге де рұқ­сат­тар­дың та­лап­та­рын өзгер­ту ту­ра­лы ұсы­ны­спен ар­найы уәкiлет­тi мем­ле­кет­тiк ор­ган­дар­ға жү­гi­ну­ге мүм­кін­дік бе­ре­тін фак­ті­лер­дің бо­луы
Еле­улі
эко­ло­ги­я­лық аудит­тiң есебiн қа­ра­удың нәти­же­лерi бой­ын­ша қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау са­ла­сын­да­ғы уәкiлет­тi ор­ган­ға өн­дiрiстiк эко­ло­ги­я­лық ба­қы­лау бағ­дар­ла­ма­сы­на өзгерiстер ен­гi­зу ұсы­ным­да­рын бе­ру­ге мүм­кін­дік бе­ре­тін фак­ті­лер­дің бо­луы
Бол­ма­шы
Өзге ны­сан ба­қы­ла­у­лар­дың қор­тын­ды­ла­ры
Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның құ­ра­мы­на кі­ре­тін зерт­ха­на жүр­гі­зе­тін ана­ли­ти­ка­лық ба­қы­лау нәти­же­ле­рі­мен анық­тал­ған са­ни­тар­лық-қор­ға­ныш ай­ма­ғы­нан тыс та­би­ғат пай­да­ла­ну­шы­лар­дың қор­ша­ған ор­та са­па­сы­ның нор­ма­тив­те­рін сақ­та­мауы
Өрес­кел
Ме­ке­ме­лер­ден және уәкі­лет­ті ор­ган­дар­дан ке­ліп түс­кен мә­лі­мет­те­рі­нің ана­ли­зі қо­ры­тындысы
Ат­мо­сфе­ра­лық ауа­ның, жер үсті, жер асты су­лар­дың, то­пы­рақ жа­мы­л­ғы­сы­ның жо­ғар­ғы және экс­тре­мал­ды жо­ғар­ғы ла­ста­нуы
Өрес­кел
Қо­лай­сыз оқи­ға­лар­дың, ава­рия және өрт­тің бо­луы
Өрес­кел
Та­би­ғат қор­ғау заң­на­ма­сы бұ­зу­шы­лы­ғын қай­та жі­бе­ру (заң­на­ма нор­ма­ла­рын соң­ғы жыл­да 2 рет қай­та­лап бұ­зу)
Өрес­кел

2 Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 15 желтоқсан
№ 419 және Қазақстан
Республикасы Энергетика
министрінің 2017 жылғы 12 желтоқсан
№ 448 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының 2015
жылғы 30 желтоқсандағы
№ 835 және Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 721 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тексеру парағы
____________________________________________________________қатысты
(тексерілетін субъектілердің біртекті тобының атауы)
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт______________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы__________________________
____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес
сәйкестендіру нөмірі ________________________________________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы ________________________________________
_____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі
Талап етіледі
Талап етілмейді
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1
2
3
4
5
6
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы есеп және есептілік
1.
Өндiрiстiк экологиялық бақылау нәтижелерi бойынша есептiң болуы және оны жүргізуі
2.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қалдықтарды көму полигонының қоршаған ортаға әсеріне мониторинг жүргізілгені туралы жыл сайынғы берілген есептің болуы
3.
Экологиялық рұқсатқа енгізілген табиғат пайдалану шарттарының орындалуы туралы рұқсат берген органға ұсынылған тоқсан сайынғы есептің болуы
4.
Қалдықтарды есепке алу журналының болуы және оны жүргізу;
Қалдықтардың меншік иелері қалдықтардың есебі жөніндегі құжаттамаларды бес жыл бойы сақтауға тиіс
5.
Қалдықтарды түгендеу жөніндегі жыл сайынғы есептің болуы.
6.
Қалдықтарды орналастыру объектісі бойынша кадастрлық істің болуы
7.
Есепті кезеңдегі парниктік газдарды түгендеу туралы немесе парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің нақты көлемі туралы есептің болуы және оны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға беру
Жалпы экологиялық талаптар
8.
Өнеркәсiп, энергетика, көлiк және байланыс объектiлерiн, ауыл шаруашылығы мақсатындағы және мелиорациялау объектiлерiн пайдалану белгiленген экологиялық талаптар ескерiлiп және экологиялық тұрғыдан негiзделген технологиялар, қоршаған ортаның ластануын болдырмайтын қажеттi тазарту құрылыстары мен санитарлық күзет аймақтары пайдаланыла отырып жүзеге асырылуға тиiс. Аталған объектiлердi пайдалану кезiнде экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар енгiзiлуге тиiс
9.
Қоршаған ортаны қорғау сапасының нормативтерін сақтауын қамтамасыз ететін қауіпті қалдықтарды, шығарындыларды, төгінділерді тазарту, залалсыздандыру және кәдеге жарату бойынша қондырғылар мен жабдықтардың болуы
10.
Өндiрiстiк экологиялық бақылауды ұйымдастыруға, жүргiзуге және бақылаушы органдармен өзара iс-қимыл жасауға жауап беретiн арнайы бөлiмшенің немесе қызметкердi тағайындау туралы бұйрықтың болуы
11.
Табиғат пайдаланушының өндiрiстiк экологиялық бақылаудың бекітілген бағдарламасының болуы және оның орындалуы
12.
Анықталған сәттен бастап екі сағаттың ішінде қоршаған ортаны ластауымен авария болғаны туралы, сонымен қатар үш жұмыс күні ішінде өндiрiстiк экологиялық бақылау жүргiзу процесiнде анықталған Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу фактiлерi туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға хабарлау
13.
Аккредиттеу туралы куәліктің немесе Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен аккредиттелген өндiрiстiк немесе тәуелсiз зертханалармен шарттың болуы
14.
Шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын тұлғалар үшін «Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мiндеттi экологиялық сақтандыру шартының болуы
15.
Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатының болуы
16.
Қоршаған ортаға терiс әсерiн тигiзетiн автомобиль және өзге де көлiк құралдары үшін белгіленген шекті жол берiлетiн шығарындылар нормативтерiн сақтау
17.
Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатта көрсетiлген табиғат пайдалану шарттарының орындалуы
18.
Табиғат пайдаланушыда өзінің жауапты лауазымды адамдары анықталған кемшiлiктердi жоюдың мерзiмдерiн көрсетiп, техникалық және экологиялық қауiпсiздiктiң жай-күйiн жазатын тексеру журналдарының болуы
19.
Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының бұзылуының, дүлей зiлзалалар мен табиғи катаклизмдердiң нәтижесiнде туындаған авариялық жағдайларды жою немесе оқшаулау жөнiндегi iс-қимылдар жоспарының болуы
20.
Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы берілген нұсқамаларды орындау
Мемлекеттiк экологиялық сараптама oбъектiлерi
21.
Айқындалған кезеңдерге сәйкес, қоршаған ортаға әсердің оған iлеспе бағалау материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасына мемлекеттiк экологиялық сараптамасының болуы және оның талаптарының орындалуы
22.
Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң жобаларына мемлекеттiк экологиялық сараптамасының болуы және оның талаптарының орындалуы
23.
Іске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобаларына мемлекеттiк экологиялық сараптамасының болуы
24.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларына мемлекеттiк экологиялық сараптамасының болуы
25.
Өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi ресурстарын алу мен пайдалануға арналған биологиялық негiздемелеріне мемлекеттiк экологиялық сараптамасының болуы және оның талаптарының сақтауы
26.
Қалалар мен аумақтарды, оның iшiнде арнайы экономикалық аймақтар аумақтарын және шаруашылық қызметін жүргiзудiң айрықша режимiндегi аумақтарды салудың (дамытудың) бас жоспарларының жобаларына мемлекеттiк экологиялық сараптамасының болуы және оның талаптарының орындалуы
27.
Осы аумақтарды экологиялық зілзала немесе төтенше экологиялық жағдай аймақтарына жатқызуды негiздейтiн аумақтарды зерттеу материалдарына мемлекеттiк экологиялық сараптамасының болуы және оның талаптарының орындалуы
28.
Шектес мемлекеттердiң қоршаған ортасына әсер етуi мүмкiн немесе оны жүзеге асыру үшiн шектес мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді пайдалану қажет болатын не шектес мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған, оның ішінде «Байқоңыр» кешені бойынша мүдделерiн қозғайтын шаруашылық қызмет жобаларына мемлекеттiк экологиялық сараптамасының болуы және оның талаптарының орындалуы
Жердi пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
29.
Топырақтың ластануына, қоқыстануына, тозуына және құнарлылығының төмендеуiне, топырақтың құнарлы қабатын алуға жол бермеу
Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiндегi экологиялық талаптар
30.
Уытты заттардың табиғи объектiлерге көшуiн болғызбау үшiн технологиялық алаңдарды гидрологиялық оқшаулай отырып, жер қойнауын пайдаланудың қалдықтарын ұйымдасқан түрде жинау мен сақтаудың инженерлiк жүйесiнің болуы және оны қолдану
31.
Ұңғыма құрылысы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда салынған жағдайларда, тек қана ұрасыз технологияның болуы және оны қолдану
32.
Шламдарды кәдеге жарату және бұрғылау процесiнде қайтадан пайдалану, қоршаған ортаға қайтару үшiн, пайдаланылған бұрғылау ерiтiндiлерiн, бұрғылаудан, карьерлерден және шахтадан шыққан сарқынды суды бейтараптандыру
33.
Қызметi жер асты суы объектiлерiнiң жай-күйiне зиянды әсер ететiн немесе зиянды әсер етуi мүмкiн жеке және заңды тұлғалар су объектiлерiнiң ластануын және тартылуын болғызбайтын шаралар қабылдауға міндетті
34.
Пайдаланудан шығарылған суды сiңiрме ұңғымаларға айдау жүргiзiлетiн ауданда жақын жердегi ұңғымалардағы, судың сапасына қоршаған ортаны қорғау бойынша мемлекеттiк органдарымен келiсiлген жоспар бойынша су пайдаланушылардың күшiмен жүйелi зертханалық байқаулар ұйымдастыру жоспарының болуы және оның орындалуы
Жер асты суларын барлау және (немесе) шығару кезiндегi экологиялық талаптар
35.
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптарды орындау бөлігінде жер асты суларының кен орындарын барлау мен игеру келiсiмшартының шарттарын сақтау
36.
Жер асты суларына барлау және (немесе) өндiру процесiнде жарамсыз күйге келтiрiлген жер учаскелерiнде кешендi қалпына келтiру жұмыстарының жүргiзiлуі
37.
Ашылған су тұтқыш жиектерiнің ластануын болғызбайтындай оны сенiмдi оқшаулаумен қамтамасыз ету
Су объектiлерiн пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
38.
Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды қоршаған ортаны қорғаудың, жер қойнауын қорғаудың, су ресурстарын молайту мен ұтымды пайдаланудың талаптары мен ережелерiн сақтай отырып, сондай-ақ аталған объектiлер қызметiнiң экологиялық салдарларын ескере отырып орналастыру
Сарқынды суды ағызып жiберу кезiндегi экологиялық талаптар
39.
Сарқынды суларды бар табиғат пайдаланушылар олардың қоршаған ортаға әсерiн болғызбау жөніндегі қажеттi шараларды қабылдауға мiндеттi
40.
жерасты сулары минералға қаныққан, ауызсу, бальнеологиялық, техникалық қажеттіліктер үшін, сондай-ақ ирригация және мал шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын немесе пайдалануға болмайтын, жерасты сутұтқыш белдеулерге сарқынды суларды айдауды қоспағанда, сондай-ақ қосымша ілесіп шыққан шахта және карьер суларын жинақтауыш тоғандарға және (немесе) буландырғыш тоғандарға ағызуды қоспағанда, нормативтiк көрсеткiштерге дейін тазартылмаған сарқынды суларды төгу
41.
Сарқынды суды, олардың тазалану деңгейiне қарамастан, орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң санитарлық қорғалу аймақтарындағы, курорттардағы, суға түсуге арналған жерлердегi су айдындарына ағызып жiберуге жол берiлмейді
42.
Сарқынды суды су объектілеріне, жер қойнауына, сарқынды су жинақтауыштарға, жергілікті жердің рельефіне ағызуды жүзеге асыратын немесе су бөлудің тұйықталған циклінде жұмыс істейтін табиғат пайдаланушылар су көлемін есептеу аспаптарының және су тұтыну мен су бөлуді есепке алу журналының болуы және оны жүргізу
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар
43.
Айналымға тартылмайтын және жер қойнауына айдалмайтын бұрғылау қалдықтарын (шламдар мен ерітінділерді) залалсыздандыру мен сақтау жөніндегі барлық операциялар Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағынан тысқары жерде арнайы полигонның болуы
44.
Теңіздегі өндірістік (бұрғылау, өндіру, пайдалану) объектілерде және оларға қызмет көрсететін кемелерде сарқынды суларды тазарту мен залалсыздандыруға немесе сарқынды суларды жинауға, сақтауға және кейіннен арнаулы кемелерге немесе жағалаудағы қабылдау құрылғыларына беруге арналған қондырғының болуы. Қоқысты жинау немесе өңдеу (ұнтақтау немесе сығымдау) үшін тиісті құрылғылардың болуы.
45.
Бұрғылау қондырғыларының Халықаралық теңіз ұйымының тұншықтыратын газ шығарындыларының шекті мәндері жөніндегі талаптарына сай келетін іштен жану двигательдерінің болуы және қолдануы
46.
Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде, мұнай мен құрамында мұнай бар жүктерді тасымалдайтын әрбір теңіз құрылысында және әрбір кемеде төгілудің зардаптарын шектеу және жинау үшін материалдар мен абсорбенттердің орналастырылуы
Теңізде барлау мен өндіру кезіндегі экологиялық талаптар
47.
Кеме қатынауға болатын акваторийде мұз қабаты болған жағдайда бұрғылау баржасынан немесе платформасынан бұрғылау жұмыстарын жүргізу, көмірсутегінің ықтимал төгілуін тұмшалау үшін қажетті жабдықтары бар мұзжарғыш түріндегі кеменің ұдайы бірге болуымен жүзеге асырылуға тиіс.
48.
Жер қойнауын пайдаланушы мұнай операцияларын жүргізу кезінде авариялық төгілулердің алдын алу, оларды оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етуге тиіс.
Кеме жүзуіне қойылатын экологиялық талаптар
49.
Кемелер отынды жабық алып жүру жүйелерімен, ластанған сулар мен тұрмыстық қоқыстарды жинайтын ыдыстармен жабдықталуы, ашық су айдынына төгінділер мен шығарындыларға мүмкіндік бермейтін құрылғылармен жарақталуы және қолдануы
50.
Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу заңнамасының талаптарына сәйкес сусымалы материалдарды, химиялық реагенттер мен қауіпті жүктерді тасымалдау олардың қоршаған ортаға жайылуын болдырмайтын жабық контейнерлердің және арнаулы ыдыстардың болуы және қолдануы
51.
Теңізде кемелерге май құю кезінде отынның және жанар-жағар май материалдарының төгілуі мен ағып кетуін болдырмайтын жүйелердің болуы және қолдануы
52.
Кемелер кеме палубаларының мұнай өнімдерімен ластануына, су айдындарына ластанған сарқынды сулардың ағуына жол бермейтін жабдықпен жарақталуы және қолдануы
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағындағы қоршаған ортаның мониторингі
53.
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында шаруашылық қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы өндірістік қызметті жоспарлау және одан әрі жүзеге асыру кезеңінен бастап жыл сайын (мұзбен жабылған теңіз акваториясында қысқы кезеңдегі мониторингті қоспағанда, төрт климаттық маусым бойынша) барлық келісімшарт аумағы бойынша қоршаған ортаға өндірістік мониторинг жүргізуі
54.
Өндірістік мониторинг өткізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы өткен жылдардағы қадағалаулардың нәтижелерін ескеруі және қадағалауды ұзақ мерзім қатарынан жалғастыру мақсатында жұмыс алаңында (келісімшарттық аумақ шегінде және оның айналасында) орналасқан, жұмыс істеп тұрған станциялардың көрсеткіштерін пайдалануға тиіс
55.
Авариялық жағдайлар туындаған жағдайда қоршаған ортаның авариялық ластану салдарының мониторингі кідіріссіз ұйымдастырылады
Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі жалпы экологиялық талаптар
56.
Шаруашылық қызметі процесінде қалдықтар түзілетін жеке және заңды тұлғалар олармен қауіпсіз жұмыс істеу шараларын көздеуге, экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға және оларды кәдеге жарату, қайта өңдеу, залалсыздандыру және қауіпсіз жою жөніндегі іс-шараларды орындауға міндетті.
57.
Қалдықтарды көму кезінде топырақ сеуіп, тығыздап жабу үшін қауіпсіз қалдықтарды қолдану жағдайларын қоспағанда, қауіпті қалдықтарды қауіпсіз қалдықтармен, сондай-ақ әртүрлі қауіпті қалдықтарды өндіру, тасымалдау және сақтау процесінде оларды өзара араластыруға болмайды.
58.
Қалдықтарды орналастыру мен жоюдың жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен айқындалған орындарының болуы
59.
Қалдықтарды қалпына келтіргенге немесе өңдегенге дейін үш жылдан аспайтын немесе оларды көмгенге дейін бір жылдан аспайтын мерзімге қауіпсіз сақтау үшін қалдықтарды сақтау орындарының болуы.
60.
қалдықтарды кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді немесе олардың көлемін және қауіпті қасиеттерін өзге де тәсілдермен азайтуды жүзеге асыратын, сондай-ақ өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырумен байланысты қызметті жүзеге асыратын І және ІІ санаттағы табиғат пайдаланушы бекіткен қалдықтарды басқару бағдарламасының болуы;
61.
Қауіпті қалдықтар паспортының болуы
62.
Бүлінген жерлерде рекультивациялау жөнінде жұмыстар жүргізу;
Объектілерді пайдалану аяқталғаннан кейін олардың жай-күйі мен қоршаған ортаға әсерін бақылауды жүргізуі
63.
Қауіпті қалдықтардың меншік иесі қауіптілік қасиеттерін көрсете отырып, қауіпті қалдықтардың бумасында таңбалаудың болуы. Мұндай қалдықтарды басқа тұлғаларға белгілі бір мерзімге берген кезде қалдықтардың меншік иесі оларды осы қалдықтардың қауіпті қасиеттері туралы және олармен жұмыс істеу кезінде сақтық шаралары туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
64.
Полигонның иесінде учаскеде қабылданған қалдық тобының алынғаныны туралы жазбаша растаудың болуы және осы құжаттаманы бес жыл бойы сақталуы.
65.
Қауіпті қалдықтар орналастырылған жер қалдықтың түрі, оның қауіптілік деңгейі және көмілген күні көрсетілген, айырым белгілерінің жақсы көрінетін жерде орналастырылуы
66.
Қауіпті қалдықтарды жинауды, кәдеге жаратуды, тасымалдауды және орналастыруды жүзеге асыратын кәсіпорындарда төтенше және авариялық жағдайлар кезінде іс-қимылдар жоспарларының болуы
67.
Жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтарды сақтау пункттерінде жойылуы қиын органикалық ластауыштардың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін болғызбауды қамтамасыз ететін қорғаныс құралдарының болуы.
68.
Қалдықтарды сақтау кейіннен кәдеге жарату, өңдеу немесе түпкілікті көму мақсатында әрбір қалдық түрлері үшін жобалау құжаттамасында белгіленген кезеңге арнайы жабдықталған жерлердің (алаңдарда, көмбелерде, қоймаларда) болуы
69.
Қалдықтарды көмуге арнайы жабдықталған полигондардың болуы.
70.
Әрбір полигон олардың қоршаған ортаға теріс әсерінің алдын алу үшін атмосфералық шығарындылардың (қоқыс газы), сақтауға қойылған қалдықтарда құралатын сүзінді судың және сарқынды сулардың мониторингі жүйесінің болуы
71.
Полигонның иесі биологиялық іритін қалдықтарды көму көлемін азайту және қоқыс газды бақылау мен кәдеге жарату жүйелерін енгізу арқылы полигонда метанның құралуын азайту жөнінде шаралар қабылдауға тиіс.
72.
Қалдықтарды көму полигонының қызметі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген мерзімде учаскені экологиялық талаптарға сәйкестікке келтіру жөніндегі жоспардың болуы,
73.
Полигон жабылғаннан кейін жерлерді рекультивациялау жөніндегі іс-шараларды және қоршаған ортаға әсердің мониторингін жүргізу үшін тарату қорының болуы.
74.
Көму үшін қабылданатын қалдықтарды қабылдау мен сыныптау рәсімін растайтын құжаттардың болуы.
Көму үшін қабылданатын қалдықтарды қабылдау мен сыныптау рәсімін полигон иесі белгілейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.
75.
Бақылауды, мониторингті және (немесе) талдауды жүргізетін аккредиттелген зертханалардың болуы немесе аккредиттелген зертханалармен жасалған шарттың болуы.
76.
Тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының әрбір секциясы үшін газ мониторингін жүргізу.
77.
Жер асты суларынан алынған сынамаларда талданатын параметрлер осы жердегі сүзінді судың күтіліп отырған құрамына және жер асты суларының сапасына негізделуге тиіс. Талдама есебі үшін параметрлерді таңдау процесінде жер асты суларының жылдамдығы мен ағыс бағыты айқындалуға тиіс.
78.
Полигон (полигонның бөлігі) жабылғаннан кейін полигонның иесі аумақты рекультивациялауды жүзеге асырады және 1-сыныптағы полигондар үшін - отыз жыл бойы, 2-сынып полигондары үшін – жиырма жыл бойы қоқыс газдың және сүзінді судың шығарындыларына мониторинг жүргізеді.
79.
Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнім (тауарлар) тізбесіне сәйкес өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды қамтамасыз етуге міндетті
80.
Қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілер (импорттаушылар) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері бойынша міндеттемелерді орындағанын растау ретінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторына өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды растайтын құжаттарды ұсынады
Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе)көму пункттеріне қойылатын экологиялық талаптар
81.
Жер үсті суларының, ызасулардың және жер асты суларының радиоактивті ластану есебі ерітінділердің сүзілуінің және ластанудың жылдамдығын, олардың таралу қабілеттерін және су сиятын тау жыныстарының сорбциондық мүмкіндіктерін айқындау үшін орындалатын арнайы гидрологиялық және гидрогеологиялық зерттеулер жүргізу негізінде орындалады.
Парниктік газдардың және озонды бұзатын заттардың шығарындыларына жол берілетін шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын жалпы талаптар
82.
Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізу, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеу, монтаждау, оған қызмет көрсету қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсаттың болуы
Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу
83.
Қызметін мұнай-газ, электроэнергетика, тау-кен өндіруші, металлургия, химияның реттеуші салаларында, құрылыс материалдарын: цемент, әк, гипс және кірпіш өндіруге қатысты өңдеуші салада жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылардың парниктік газдар шығарындыларын жылына көміртегі қостотығының жиырма мың тоннасына тең келетін мөлшерден асатын парниктік газдар шығарындыларына квоталарының болуы.
Лауазымды адам (адамдар):______________ _____________ ______________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
______________ _____________ ______________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің басшысы: ____________ _____________ ____________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Қолданыстағы