О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 88 «Об утверждении цен на услуги, реализуемые субъектом государственной монополии в сферах электронного документа и электронной цифровой подписи, информатизации и в области связи и телерадиовещания»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 88 «Об утверждении цен на услуги, реализуемые субъектом государственной монополии в сферах электронного документа и электронной цифровой подписи, информатизации и в области связи и телерадиовещания»
- Атауы (қаз.)
- «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттандыру салаларындағы және байланыс, телерадио хабарларын тарату салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 88 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 30
- Қабылданған күні
- 27.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2019 110161_395562.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700014852
- ЭКБ идентификаторы
- 110161
- Редакция идентификаторы
- 110161_395562
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:21
0
«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттандыру салаларындағы және байланыс, телерадио хабарларын тарату салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 88 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттандыру салаларындағы және байланыс, телерадио хабарларын тарату салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 88 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10493 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде ресми жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларында:
реттік нөмірі 1 жолы мына редакцияда жазылсын:
«
1.
ақпараттық жүйені, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын және мемлекеттік органның интернет-ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттаудан өткізу:
локальдық (монолиттік) ақпараттық жүйені, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын және мемлекеттік органның интернет-ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттаудан өткізу
1 жүйе/
кіші жүйе
951 084, 8
1 065 215
облыс деңгейінде аумақтық бөлінген ақпараттық жүйені, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттаудан өткізу
1 нүкте*
97 547, 3
109 253
өңірлік деңгейде аумақтық бөлінген ақпараттық жүйені, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттаудан өткізу
1 нүкте*
8 331, 3
9 331
ақпараттық жүйені, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын және мемлекеттік органның интернет-ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аспаптық тексеру
1 IP мекенжай*
15 538, 4
17 403
»;
реттік нөмірі 4 жолы мына редакцияда жазылсын:
«
4.
Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін және «элктрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзін сүйемелдеу
1 қызмет**
37 933 274
42 485 267
»;
реттік нөмірі 7 жолы мына редакцияда жазылсын:
«
мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын қауіпсіз қолдану мақсатында олардың мониторингі және ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне әрекет ету:
7
мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын қауіпсіз қолдану мақсатында олардың мониторингі және ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне әрекет ету
1 қызмет**
163 758 431
183 409 443
зиянды бағдарламаларды зерттеудің ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне әрекет ету
1 инцидент
1 401 050
1 569 176
ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне әрекет ету – қызмет көрсетуден бас тарту (DDoS- шабуылдар)
1 қарсы іс-қимыл
6 762, 5
7 574
алаяқтық іс-әрекеттерді зерттеудің ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне әрекет ету (antifraud);
1 зерттеп қарау
726 522, 3
813 705
ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне әрекет ету – бағдарламалық қамтылымның функционалын техникалық зерттеп қарау
1 инцидент
825 911, 6
925 021
»;
ескертпе мына редакцияда жазылсын:
«Ескертпелер:
* Аумақтық бөлінген ақпараттық жүйені немесе локальдық (монолиттік) бөлінген ақпараттық жүйені тексерген кезде көрсетілген қызметтердің белгіленген бағаларына қосымша қызметтік іссапарлар шығыстарының өтемақы сомалары енгізіледі.
** Қызметтер ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның ведомствосына көрсетіледі.».
2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті (А.Ғ. Қожықовқа) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жолдауды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
________________Б. Атамқұлов
2017 жылғы 27 қантар
«КЕЛІСІЛДІ»: Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________Т. Сулейменов
2017 жылғы 30 қантар