Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 9-1/71 «Об утверждении Правил субсидирования в рамках гарантирования и страхования займов субъектов агропромышленного комплекса»

Бұйрық · № 58 · қабылданған 02.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-9-171-ekb-153226/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 9-1/71 «Об утверждении Правил субсидирования в рамках гарантирования и страхования займов субъектов агропромышленного комплекса» Қолданыста Бұйрық ·№ 58 ·02.03.2021
02.03.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 9-1/71 «Об утверждении Правил субсидирования в рамках гарантирования и страхования займов субъектов агропромышленного комплекса»

Қолданыста Бұйрық ·№ 58 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 9-1/71 «Об утверждении Правил субсидирования в рамках гарантирования и страхования займов субъектов агропромышленного комплекса»
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрінің «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылдың 30 қаңтарындағы № 9-1/71 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
58
Қабылданған күні
02.03.2021
Көрсетілген редакция
02.03.2021 153226_514286.kaz
Соңғы өзгеріс
02.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022295
ЭКБ идентификаторы
153226
Редакция идентификаторы
153226_514286
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:23

0 Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрінің «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылдың 30 қаңтарындағы № 9-1/71 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрінің «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылдың 30 қаңтарындағы № 9-1/71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12183 болып тіркелген, 2015 жылдың 17 қарашасында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларында:
3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кепілдік бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қызмет түрлері бойынша және мынадай талаптарға сәйкес келетін кредиттік шарттар бойынша жүзеге асырылады::
1) банктер инвестицияларға және айналым қаражатын толықтыруға беретін (оның ішінде жаңартылатын негізде), бұл ретте айналым қаражатының мөлшері кредит сомасының 50 (елу) пайызынан (бұдан әрі – %) аспайды. Егер осы кредиттің мөлшері қарыз алушының жалпы кредиттелетін сомасының 50 (елу) %-ынан аспаса, 100 (жүз) % айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредит бойынша кепілдікті субсидиялауға жол беріледі;
2) кредит мерзімі – 10 (он) жылдан аспайды;
3) сыйақы мөлшерлемесі немесе ислам қағидаттарында қаржыландыруға қолданылатын кірістілік мөлшерлемесі теңгемен жылдық 17 (он жеті) %-дан артық емес мөлшерде;
4) кредит валютасы – теңге;
5) жеңілдікті кезең өткеннен кейін негізгі борышты жыл сайын тең үлестермен өтеумен
6) ең жоғары сомасы 5 (бес) миллиард теңгеден артық емес;
7) нысаналы мақсаты негізгі құралдарды сатып алу, құрылыс, ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен технологиялық жабдықты сатып алуға айналым қаражатын толықтыру болып табылады.
4. Кепілдік мөлшері – негізгі борыш сомасынан 50 (елу) % - ға дейін (қоса алғанда), бірақ осы Қағидалардың 5-тармағын қоспағанда, 1 500 000 000 (бір миллиард бес жүз миллион) теңгеден артық емес.
5. Басым инвестициялық жобалар бойынша кепілдік мөлшері жоба пайдалануға берілгенге дейін негізгі борыш сомасының 85 (сексен бес) % - ына (қоса алғанда) дейін, бірақ 2 550 000 000 (екі миллиард бес жүз елу миллион) теңгеден артық емес. Жобаны пайдалануға бергеннен кейін кепілдік мөлшері осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес мөлшерге дейін төмендейді.»;
Басым инвестициялық жобалардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалған.
Жоба бойынша ғимараттар мен құрылыс-жайларды пайдалануға беру актісін уәкілетті органда тіркеу және (немесе) уәкілетті органда техниканы тіркеу және /немесе құны жоба құнының кемінде 50 (елу) %-ын құрайтын жабдықтарды және (немесе) биологиялық активтерді қабылда-беру актісіне қол қою жобаны пайдалануға беру болып есептеледі.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Субсидиялар көлемі тиісті айға арналған қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемінен асатын кепілдік беру бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімдер бойынша төлем өтінімдер келіп түскен күнге сәйкес кезектілік бойынша келесі айда жүзеге асырылады.
Субсидиялар көлемі тиісті қаржы жылына арналған Қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемінен асатын кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған өтінімдер бойынша төлем өтінімдер келіп түскен күнге сәйкес кезектілік бойынша келесі қаржы жылында жүзеге асырылады.»;
көрсетілген Қағидаларға 7-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен 10 күн өткесін қолданысқа енгізіледі

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігіні

0 Кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған алдын-ала өтінім

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2021 жылғы 2 наурыздағы
№ 58 Бұйрыққа
қосымша
Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау
қағидаларына
7-қосымша
Форма
Кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған алдын-ала өтінім
Кімге___________________________________________________________________________________
(облыстық жергілікті атқарушы орган)
кімнен__________________________________________________________________________________
(Кепілгердің толық аты)
Осымен «ҚазАгро» Холдингі» акционерлік қоғамының кепілдік беру жөніндегі еншілес ұйымы (бұдан әрі – Кепілгер) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12183 тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларына сәйкес ___________ (қарыз алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі (бұдан әрі – АӘТ)/атауы) __________ қарыз алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі (бұдан әрі – АӘТ)/атауы) және ____________ (екінші деңгейдегі банктің (бұдан әрі – банк) атауы) кредитке өтінім берді, сол өтінім мақұлданған жағдайда кепілдемеге өтінім беру жоспарлануда.
Кепілдік кредиттік шарт бойынша _______ (қарыз алушының атауы) _______ (банктің атауы) алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде берілді.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты, сізден _________тенге (кепілдеме соммасынан 29,9 (жиырма тоғыз бүтін оннан тоғыз) пайыз (бұдан әрі – %) мөлшерінде субсидияны мынадай дерекетемелерге аударуды сұраймыз:
Өтінім беруші туралы мәліметтер
АӘТ/атауы_______________________________________________________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) ______________________________________________________________________________________________
Басшының АӘТ ___________________________________________________________________________
Мекенжайы: _____________________________________________________________________________
Телефон (факс) нөмірі: _____________________________________________________________________

2 2. Екінші деңгейдегі банктегі шот бойынша мәліметтер:

БСН_____________________________________________________________________________________
Бенефициар коды (бұдан әрі – Кбе)__________________________________________________________
Банк деректемелері:_______________________________________________________________________
Банктің атауы:____________________________________________________________________________
БСК (банктік сәйкестендіру коды)____________________________________________________________
ЖСК (жеке сәйкестендіру коды)______________________________________________________________
БСН______________________________________________________________________________________
Кбе______________________________________________________________________________________

3 3. Кредит туралы мәліметтер:

р/с№
Қарыз алушының атауы
Қарыз алушының ЖСН-сы/БСН-сы
Өнім (қаржыландыру) түрі (кредит немесе микрокредит)
1
2
3
4
кестенің жалғасы
Кредиттің/ кредит желісінің сомасы және валютасы
Кредит беру мақсаты
Кредиттің/ кредит желісінің мерзімі
Сыйақы мөлшерлемесі, %
5
6
7
8

4 4. Кепілдік туралы мәліметтер:

р/с№
Қарыз алушының атауы
Қарыз алушының ЖСН-сы/ БСН-сы
Кепілдік сомасы, теңге
Кепілдік мерзімі, жыл
1
2
3
4
5
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймыз, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтер берілгені үшін жауапкершілік туралы хабардармыз және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім береміз.
Кепілгер 20__ жылы «__» __________ сағат ____ қол қойып, жіберді:
Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер
ЭЦҚ қою күні мен уақыты
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
Жұмыс органы 20__ жылы «__» ___________сағат ____ қабылдады:
ЭЦҚ-дан алынған деректері
ЭЦҚ қою күні мен уақыты

Қолданыстағы