О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 9-3/271 «Об утверждении Правил субсидирования заготовительным организациям в сфере агропромышленного комплекса суммы налога на добавленную стоимость, уплаченного в бюджет, в пределах исчисленного налога на добавленную стоимость»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 9-3/271 «Об утверждении Правил субсидирования заготовительным организациям в сфере агропромышленного комплекса суммы налога на добавленную стоимость, уплаченного в бюджет, в пределах исчисленного налога на добавленную стоимость»
- Атауы (қаз.)
- «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/271 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 496
- Қабылданған күні
- 10.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 15.03.2021 126905_517095.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800017921
- ЭКБ идентификаторы
- 126905
- Редакция идентификаторы
- 126905_517095
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:10
0 «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/271 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/271 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11008 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5 5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрiне жүктелсiн.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Ақпарат
және коммуникациялар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
0 Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 496 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің 2015 жылғы
30 наурыздағы № 9-3/271 бұйрығымен
бекітілген
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының
6-бабы 1-тармағының 41-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға (бұдан әрі – дайындаушы ұйымдар) есептелген қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) шегінде бюджетке төленген ҚҚС сомасын субсидиялау тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1 1) жеке шот – субсидиялауға арналған өтінімдерді тіркеу және олармен жасалатын операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген адамды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалар жиынтығы.
2
2) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін, облыстардың (қаланың) жергілікті атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы басқармасы немесе Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы (бұдан әрі – басқарма) айқындайтын адам;
3 3) өтінім – дайындаушы ұйымның есептелген ҚҚС шегінде бюджетке төленген ҚҚС сомасы мөлшерінде субсидиялар алуына арналған электрондық өтінім;
4 4) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер туралы, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтер жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;
5
5) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған, «электрондық үкімет» веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, субсидиялар алуға арналған өтінімді тіркеуге, сондай-ақ өтінімді субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;
6 6) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – Интернет желісінде орналасқан, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;
7 7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы;
8
8) «электрондық үкіметтің» веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
3
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) жыл сайын 1 наурызға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) қажетті ақпаратты қоса бере отырып, алдағы қаржы жылына арналған субсидиялау сомаларына деген болжамды қажеттілікті ұсынады.
Басқарма ағымдағы жылы субсидиялауды алдыңғы жылдың қорытындысы бойынша жүзеге асырады.
4 4. Басқарма ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде веб-порталда Қаржыландыру жоспарын орналастырады.
2 2-тарау. Субсидиялар алушылар
5
5. Субсидиялар Заңның 6-бабы 1- тармағының 41-1) тармақшасына сәйкес бекітілген агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында белгіленген тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) аккредиттеген дайындаушы ұйымдарға төленеді.
3 3-тарау. Субсидиялар алу шарттары
6 6. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:
1
1) ҚҚС бойынша және корпоративтік табыс салығы бойынша есептік жыл үшін декларациялар тапсыру жөніндегі салықтық міндеттеме орындалғаннан және бюджетке төлеуге жататын ҚҚС сомасы толықтай төленгеннен кейін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелген ҚҚС шегінде бюджетке төленген ҚҚС сомасы мөлшерінде субсидиялар аударуға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім) беру;
«Электрондық үкімет» веб порталының және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің өзара ақпараттық іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінім берген кезде дайындаушы ұйым субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде шартты жеке шот ашады;
2 2) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өтінімді тіркеу.
Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде дайындаушы ұйымның жеке шоты болған жағдайда, ол субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өтінімді өздігінен тіркеуді жүзеге асыруға құқылы, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол осындай тіркелген сәттен бастап берілген болып саналады;
3 3) деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорымен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталған, дайындаушы ұйымның субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шотының болуы;
4 4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен электрондық шот-фактураларды қабылдайтын және өңдейтін ақпараттық жүйенің өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде дайындаушы ұйымдардың ауыл шаруашылығы өнімін өткізгенін растау (дайындаушы ұйымның өткен жылы берілген тиісті электрондық шот-фактурасының болуы);
5
5) Заңның 11-бабының 5-тармағында көзделген ауыл шаруашылығы өнімін өткізуден түскен жылдық жиынтық кірістің (есептік жылға) кемінде 90 пайызын құрайтын жылдық жиынтық кіріс сомасы, алдыңғы жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін декларациялар бойынша төлеуге есептелген және есепке жазылған ҚҚС сомасы, субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен Қазақстан Республикасының интеграцияланған салықтық ақпараттық жүйесінің өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде алдыңғы жылға есептелген ҚҚС шегінде төленген ҚҚС сомасы жөніндегі мәліметтерді растау.
4 4-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі
7 7. Дайындаушы ұйымдарға субсидиялар тиісті алдыңғы жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін есептелген ҚҚС шегінде бюджетке төленген ҚҚС сомасы бойынша төленеді.
Субсидияларды есептеуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 813 қаулысымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға субсидияланатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерін айқындау үшін қолданылатын, жеке қосалқы шаруашылықтан сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормаларын ескере отырып, өтінімге қосымшаға сәйкес дайындаушы ұйым жүргізеді.
8
8. Егер, дайындаушы ұйым өткізген өнімнің нақты құны осы Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасына субсидияларды есептеу кезінде дайындаушы ұйым қолданатын ауыл шаруашылығы өнімі бірлігінің барынша жол берілетін құнынан жоғары болса, субсидиялар мөлшері барынша жол берілетін құнды пайдалана отырып есептеледі.
9
9. Егер, дайындаушы ұйым өткізген өнімнің нақты құны осы Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасына субсидияларды есептеу кезінде дайындаушы ұйым қолданатын ауыл шаруашылығы өнімі бірлігінің барынша жол берілетін құнынан төмен болса, субсидиялар мөлшері өнімнің нақты құнын пайдалана отырып есептеледі.
Бұл ретте, дайындаушы ұйым тиісті есептік жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін декларациялар бойынша төлеуге есептелген ҚҚС сомасынан төмен ҚҚС сомасын төлеген жағдайда, субсидиялар мөлшері нақты төленген ҚҚС сомасына тең болады.
10 10. Дайындаушы ұйым тиісті есептік жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін декларациялар бойынша есептелгеннен артық ҚҚС сомасын төлеген жағдайда, субсидиялар мөлшері есептік жылдың тиісті салықтық кезеңдері үшін декларациялар бойынша төлеуге есептелген ҚҚС сомасына тең болады.
5 5-тарау. Субсидияларды төлеу және субсидиялар шегінде алынған қаржы құралдарын қайтару тәртібі
11 11. Өтінім қабылдау дайындаушы ұйымның орналасқан жері (заңды мекенжайы) бойынша есептік жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан бастап
1 желтоқсаны (қоса алғанда) аралығында жүзеге асырылады.
12 12. Веб-портал арқылы тізілім деректеріне (бұдан әрі – Жеке кабинет) қолжетімділік беру үшін:
1 1) дайындаушы ұйымның субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өз бетінше тіркелуі үшін ЭЦҚ-сы болады;
2 2) басқарма жыл сайын көрсетілетін қызметті жеткізушіге ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердің өзекті етілген тізімдерін жібереді.
13 13. Дайындаушы ұйым Жеке кабинетте тіркелуі үшін мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1 1) заңды тұлғалар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары (өкілдіктері) үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы; бірінші басшының немесе Жеке кабинетте тіркелуге уәкілетті адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және ЖСН-сы.
2 2) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы);
3 3) екінші деңгейдегі банктің ағымдағы шотының деректемелері;
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, дайындаушы ұйым бір жұмыс күні ішінде Жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.
14 14. Өтінімді қалыптастыру және тіркеу Жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1 1) осы Қағидалардың 6-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің тексеруі үшін оған қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім қалыптастырылады;
2 2) өтінім субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде оған дайындаушы ұйымның ЭЦҚ-сы қойылу жолымен тіркеледі және басқарманың Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Басқарманың электрондық мекенжайына қарауға өтінім келіп түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.
Егер, басқарма төлем тапсырмаларын қалыптастырған сәтке дейін тіркелген өтінімде қателер анықталса, дайындаушы ұйым себебін көрсете отырып, өтінімді қайтарып алуға құқылы.
15
15. Басқарма өтінімді тіркеген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тиісті хабарламаға қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды. Осы хабарлама дайындаушы ұйымның субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өз бетінше тіркелген жағдайда дайындаушы ұйымның Жеке кабинетінде қолжетімді болады.
16 16. Басқарма:
1 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі;
2 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
17 17. Басқарма осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес өтінім қабылданғаны расталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде веб-порталда «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады.
Субсидиялар көлемі Қаржыландыру жоспарында тиісті айға көзделген бюджет қаражаты көлемінен асатын өтінімдер бойынша субсидиялар төлеу келесі айда кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.
1 ______жыл үшін есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасы мөлшерінде субсидиялар аударуға арналған өтінім
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
дайындаушы ұйымдарға есептелген
қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Кімге:_______________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
Кімнен:______________________________________________________________
(дайындаушы ұйымның атауы)
Өтінім берген сәттегі өтінім берушінің мемлекеттік кіріс органдарында тіркеліп
есепке алынған орны: _________________________________________________
____________________________________________________________________
______жыл үшін есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасы мөлшерінде субсидиялар аударуға арналған өтінім
Маған _____ жыл үшін есептелген қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) шегінде бюджетке төленген ҚҚС сомасы мөлшерінде ________теңге көлемінде субсидия төлеуді сұраймын.
1 1. Дайындаушы ұйымның деректері:
Атауы________________________________
БСН _____________________________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ___________________________________
мекенжайы _______________________________________
телефон (факс) нөмірі: ________________________
2 2. Дайындаушы ұйымның екінші деңгейлі банктегі ағымдағы шотының мәліметтері
БСН ___________________________________________________________
Кбе _________________________________________________________________
Банк деректемелері: ___________________________________________________
Банктің атауы: _______________________________________________________
БСК ________________________________________________________________
ЖСК _______________________________________________________________
3 3. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, ауыл шаруашылығы кооперативтері және дайындаушы ұйым арасындағы сатып алу-сату шарты жөніндегі мәліметтер:
Р/с №
Ауыл шаруашылығы өнімін сатушының атауы және ЖСН/БСН
Шарттың нөмірі
Шарттың жасалған күні
ҚҚС-мен бірге бағасы, теңге
Ауыл шаруашылығы өнімін сатушының орналасқан жерінің мекенжайы
Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы
Өнім көлемі, килограмм
Төлеу мерзімі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1
2
4 4. Дайындаушы ұйымның ауыл шаруашылығы өнімінің өткізілгенін растайтын шот-фактуралары туралы мәліметтер:
шот-фактура нөмірі______________________________________________
берілген күні___________________________________________________
ауыл шаруашылығы өнімінің атауы ________________________________
өлшем бірлігі __________________________________________________
ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі ________________________________
ҚҚС-мен бірге бағасы (теңге) _________________
бүкіл өткізу құны (теңге)_________________________________
5 5. Салық декларациясынан алынған мәліметтер
(теңге)
1.
Есептік жыл үшін декларациялар бойынша төлеуге есептелген ҚҚС сомасы
2.
Есептік жыл үшін декларациялар бойынша бюджетке төленген ҚҚС сомасы
3.
Есептік жыл үшін жылдық жиынтық кіріс сомасы
4.
Есептік жыл үшін «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5-тармағында белгіленген тізбе (бұдан әрі - тізбе) бойынша өнімдерді өткізуден түскен кіріс сомасы
5.
Тізбе бойынша өнімдерді өткізуден түскен кірістің жылдық жиынтық кірістің жалпы сомасындағы үлес салмағы (кемінде 90 %)
6.
Дайындаушы ұйымның шотына аударылатын субсидиялар сомасы
7.
Мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдағаны туралы деректемелері
Субсидиялар сомаларының есептемесі осы өтінімге қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса беріледі.
Ұсынылған ақпараттың дұрыс екендігін растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.
Тексеру кезінде ұсынылған мәліметтердің және субсидиялар сомалары есептемесінің сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, он жұмыс күні ішінде заңсыз алынған қаражатты қайтаруға міндеттенеміз.
20__ жылғы «__» __________ сағат 00:00-де қол қойылып, өтінім берушіге жіберілді:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні және уақыты
Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:
20__ жылғы «__» ______ сағат 00:00-де басқарма қабылдады:
ЭСҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні және уақыты
1.1 _____ жыл үшін субсидиялар сомаларының есептемесі
Есептелген қосылған құн салығы
шегінде бюджетке төленген қосылған
құн салығы сомасы мөлшерінде субсидиялар
аударуға арналған өтінімге қосымша
Нысан
_____ жыл үшін субсидиялар сомаларының есептемесі
(теңге)
Р/с №
Электрондық шот-фактураның нөмірі
Толтырылған күні
Алушының атауы
Тауардың атауы
Саны (көлемі)
Тауар бірлігінің ҚҚС-сыз бағасы
1
2
3
4
5
6
7
1
2
3
кестенің жалғасы
Тауардың ҚҚС-сыз құны
ҚҚС сомасы
Өнім бірлігінің ҚҚС-сыз барынша жол берілген құны
Өткізудің барынша жол берілген құны бойынша ҚҚС-сыз сомасы
ҚҚС сомасы
Субсидиялауға жататын ҚҚС сомасы*
8
9
10
11
12
13
8-баған= 6-баған х
7-баған
9-баған = 8-баған х 12%
11-баған = 6-баған х 10-баған
12-баған =11-баған х 12%
1) егер 7-баған 10-бағаннан көп немесе тең болса, 13-баған= 12-баған;
2) егер 7-баған 10-бағаннан кем болса, 13-баған=9-баған
Ескертпе: * субсидиялауға жататын ҚҚС сомасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 813 қаулысымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға субсидияланатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерін айқындау үшін қолданылатын, жеке қосалқы шаруашылықтан сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормалары ескеріле отырып, салық төлеушінің жеке шоты бойынша есептік жылға есептелген ҚҚС шегінде бюджетке төленген ҚҚС сомасынан аспауы тиіс (Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаның 4-тармағына сәйкес мәліметтер).
2 Есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасына субсидияларды есептеу кезінде дайындаушы ұйым қолданатын ауыл шаруашылығы өнімі бірлігінің барынша жол берілген құны
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
дайындаушы ұйымдарға есептелген
қосылған құн салығы шегінде бюджетке
төленген қосылған құн салығы сомасын
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
Есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасына субсидияларды есептеу кезінде дайындаушы ұйым қолданатын ауыл шаруашылығы өнімі бірлігінің барынша жол берілген құны
(теңге)
№
Тауардың атауы
Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптауышының кодтары
Өлшем бірлігі
Барынша жол берілген құны
1
2
3
4
5
1.
Тірі ірі қара мал
килограмм
471
2.
Тірі жылқылар және басқа да жылқы тұқымдас жануарлар
014310
килограмм
554
3.
Тірі түйелер және түйе тектестер
014410
килограмм
534
4.
Тірі қойлар мен ешкілер
014511,
014512
килограмм
480
5.
Тірі шошқалар
014610
килограмм
394
6.
Тірі үй құсы
01471
килограмм
266
7.
Тауықтың жаңа қабықты жұмыртқасы
014721
ондық
148
8.
Ірі қара малдың жас немесе салқындатылған еті
101111
килограмм
1 079
9.
Қойлардың, ешкілердің жас немесе салқындатылған еті
101113,
101114
килограмм
1 072
10.
Шошқалардың жас немесе салқындатылған еті
101112
килограмм
846
11.
Жылқылар мен жылқы тұқымдас жануарлардың жас немесе салқындатылған еті
101115
килограмм
1 240
12.
Сүтті табындағы ірі қара малдың шикі сүті
014120
литр
78
13.
Үй құсының жас немесе тоңазытылған еті
101210
килограмм
504
14.
Картоп
011351
килограмм
55
15.
Сәбіз
011341
килограмм
62
16.
Қырыққабат
011312
килограмм
51
17.
Баялды
011333
килограмм
70
18.
Қызанақ
011334
килограмм
135
19.
Қияр
011332
килограмм
99
20.
Сарымсақ
011342
килограмм
420
21.
Пияз
011343
килограмм
38
22.
Қант қызылшасы
011371
килограмм
12
23.
Алма
012410
килограмм
182
24.
Алмұрт
012421
килограмм
249
25.
Айва
012422
килограмм
450
26.
Өрік
012423
килограмм
211
27.
Шие
012424
килограмм
242
28.
Шабдалы
012425
килограмм
259
29.
Қара өрік
012427
килограмм
202
30.
Түтілген жүн
101141
тонна
300 000
31.
Ірі қара малдың терісі, иленбеген былғарысы
101142
бірлік
2 700
32.
Жылқы тұқымдас жануарлардың терісі, иленбеген былғарысы
101142
бірлік
2 500