О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 90 «Об утверждении Правил аккредитации в области энергосбережения и повышения энергоэффективности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 90 «Об утверждении Правил аккредитации в области энергосбережения и повышения энергоэффективности»
- Атауы (қаз.)
- «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 90 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1126
- Қабылданған күні
- 30.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 17.05.2016 96829_153792.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012537
- ЭКБ идентификаторы
- 96829
- Редакция идентификаторы
- 96829_153792
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:22
0 «Энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттыру саласындағы
аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы № 90 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтар актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 41-3-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 90 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10421 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларында:
5-тармақта:
3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«3) штатта білікті персоналдың болуын растайтын құжаттар, атап айтқанда:
өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтерді көрсетуге энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттелетін энергия аудиторлық ұйымдар үшін - штатта энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестаты бар кемінде төрт энергия аудиторының болуы;
үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтерді көрсетуге энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттелетін энергия аудиторлық ұйымдар үшін - штатта энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестаты бар кемінде екі энергия аудиторының болуы;»;
4) тармақша алынып тасталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________Е.Досаев
2015 жылғы «___»___________