Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 904 «Об утверждении форм актов государственных инспекторов труда»

Бұйрық · № 304 · қабылданған 13.08.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-904/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 904 «Об утверждении форм актов государственных инспекторов труда» Қолданыста Бұйрық ·№ 304 ·13.08.2020
13.08.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 904 «Об утверждении форм актов государственных инспекторов труда»

Қолданыста Бұйрық ·№ 304 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 904 «Об утверждении форм актов государственных инспекторов труда»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 904 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
304
Қабылданған күні
13.08.2020
Көрсетілген редакция
13.08.2020 145517_476078.kaz
Соңғы өзгеріс
13.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021091
ЭКБ идентификаторы
145517
Редакция идентификаторы
145517_476078
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:13

0 «Мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 904 бұйрығына

өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы
Еңбек кодексінің 195-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 904 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12498 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарының бұзушылықтарын жою туралы нұсқама нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы нұсқама нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жарақаттану қаупі бар және апатты жағдайлардың туындауына жол бермеу үшін өндірістік объектілер мен жабдықтарда, сондай-ақ өндірістік процестерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы нұсқама нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының қызметін және жабдықтардың, механизмдердің пайдаланылуын немесе тұтастай қызметті тоқтата тұру
(тыйым салу) туралы нұсқама нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторы қорытындысының нысаны бекітілсін.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын;
бұйрыққа 2-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 904 бұйрығына 3-қосымша»;
бұйрыққа 3-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 904 бұйрығына 4-қосымша»;
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының қызметін және жабдықтардың, механизмдердің пайдаланылуын немесе тұтастай қызметті тоқтата тұру (тыйым салу) туралы нұсқама»;
бұйрыққа 4-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 904 бұйрығына 5-қосымша»;
бұйрыққа 5-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 904 бұйрығына 6-қосымша»;
бұйрыққа 6-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 904 бұйрығына 7-қосымша»;
бұйрыққа 7-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 904 бұйрығына 8-қосымша».

2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қоғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы НҰСҚАМА № ___ 20__ жылғы «__» __________

Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2020 жылғы 13 тамызы
№ 304
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 904 бұйрығына 2-қосымша
Нысан
Кімге ____________________________
____________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы немесе тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер,
жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – ЖСН), егер жұмыс беруші заңды тұлға болған жағдайда – оның атауы, тұрғылықты жері, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi
Елдi мекеннің атауы
Жұмыс берушінің жалақы
төлеуі туралы
НҰСҚАМА № ___
20__ жылғы «__» __________
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы
Еңбек кодексінің 193-бабы 4) тармақшасына сәйкеc 20___ жылғы
«___» ______________ мерзіміне дейін келесі жұмыскерге (жұмыскерлерге):
1) Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), ___ ____________ ____________ ж.т., ЖСН: ____________________, тұрғылықты жерінің мекенжайы: _____________________ _________________ теңге мөлшерінде;
2) Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), ___ ____________ ____________ ж.т., ЖСН: ____________________, тұрғылықты жерінің мекенжайы: _____________________ _________________ теңге мөлшерінде;
3) Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), ___ ____________ ____________ ж.т., ЖСН: ____________________, тұрғылықты жерінің мекенжайы: _____________________ _________________ теңге мөлшерінде жалақы төленсін деп нұсқама беремін.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы
Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес 20__ жылғы
«__» _______ дейін осы нұсқаманың орындалуы туралы жазбаша ақпарат
мына мекенжайға: ____________________________________________________
берілсін.
Мемлекеттік еңбек инспекторы
_________ ________________________
Қолы Тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде)
Нұсқамаға жоғары тұрған мемлекеттік еңбек инспекторына немесе сотқа оны алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде шағым жасалуы мүмкін.
Нұсқама мемлекеттік еңбек инспекторы белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда және шағым жасауға арналған мерзім өткеннен кейін, егер оған шағым жасалмаса, әрбір жұмысшыға қатысты нұсқаманың данасы көрсетілген мерзімдер өткен соң үш жұмыс күнінен кешіктірмей «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңына сәйкес аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберіледі.
Нұсқамаға сот тәртібімен шағым жасалған жағдайда, әрбір жұмысшыға қатысты нұсқаманың данасы сот актісі заңды күшіне еңген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының
2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңына сәйкес аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберіледі.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы
Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 12) тармақшасының негізінде
бұл нұсқаманың міндетті күші бар.
Нұсқаманы алдым:
____________ _______________________________________
Қолы Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде),
алған күні

Қолданыстағы