Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 908 "Об утверждении Единых правил исчисления средней заработной платы"

Бұйрық · № 177 · қабылданған 04.03.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-908-ekb-101724/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 908 "Об утверждении Единых правил исчисления средней заработной платы" Қолданыста Бұйрық ·№ 177 ·04.03.2016
04.03.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 908 "Об утверждении Единых правил исчисления средней заработной платы"

Қолданыста Бұйрық ·№ 177 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 908 "Об утверждении Единых правил исчисления средней заработной платы"
Атауы (қаз.)
«Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
177
Қабылданған күні
04.03.2016
Көрсетілген редакция
04.03.2016 101724_76061.kaz
Соңғы өзгеріс
04.03.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013630
ЭКБ идентификаторы
101724
Редакция идентификаторы
101724_76061
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:08

0 «Орташа жалақыны есептеудің

бірыңғай қағидаларын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің 2015 жылғы
30 қарашадағы № 908 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабы 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12533 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларында:
3-тармақ алып тасталсын;
12,13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Егер қызметкер жұмысқа орналасқан кезде есептелген жалақы сомасы болмаса не оқиға алдындағы 24 ай бойы жалақысы болмаған жағдайда, онда оқиға орын алған жағдайда орташа күндік (сағаттық) жалақы қызметкердің күндік (сағаттық) тарифтік мөлшерлемесін (лауазымдық жалақысын) негізге ала отырып есептеледі.
Қызметкердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі тарифтік мөлшерлемесін (лауазымдық жалақысын) тиісті күнтізбелік жылдағы жұмыс уақытының балансына сәйкес бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы кезіндегі ағымдағы айдағы жұмыс күндерінің (сағаттарының) санына бөлу жолымен есептеледі.
13. Лауазымдық жалақы арттырылған жағдайда орташа жалақыны есептеу арттыру коэффициентін ескере отырып, мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) егер арттыру есеп айырысу кезеңінде жүргізілсе, арттырудың алдындағы әрбір ай үшін орташа жалақы арттыру коэффициентін ескере отырып есептеледі;
2) егер арттыру есеп айырысу кезеңінен кейін оқиға болғанға дейін жүргізілсе, есеп айырысу кезеңі үшін орташа жалақы арттыру коэффициентін ескере отырып есептеледі;
3) егер арттыру оқиға кезеңінде жүргізілсе, орташа жалақының бір бөлігі лауазымдық жалақы (мөлшерлеме) арттырылған күнінен бастап көрсетілген кезең аяқталғанға дейін арттыру коэффициентін ескере отырып есептеледі.
Арттыру коэффициенті арттыру айында белгіленген тарифтік мөлшерлемені (лауазымдық жалақыны) арттыруға дейін белгіленген тарифтік мөлшерлемеге (лауазымдық жалақыға) бөлу жолымен есептеледі.
Арттыру коэффициенті негізгі персоналдың азаматтық қызметшілері (В2, В3, В4 буындардағы) үшін арттыру айында белгіленген лауазымдық жалақыны, егер орташа жалақыны есептеу кезінде 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген жалақы сомасы қосылған жағдайда, біліктілік санаты үшін қосымша ақыны есепке ала отырып арттыруға дейін белгіленген лауазымдық жалақыға бөлу жолымен есептеледі.
Арттыру коэффициенті есеп айырысу кезеңінің шегінде әрбір тиісті айға есептелген жалақының жалпы сомасына қолданылады.
Арттыру коэффициенті:
1) қызметкерді бір лауазымнан екіншісіне ауыстырған кезде;
2) лауазымдық жалақысының мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін қызметкердің мамандығы бойынша жұмыс өтілінің немесе жұмысшының біліктілік разрядының артуы кезінде қолданылмайды.».

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгiленген тәртiппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

2 2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде оны мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жiберудi;

3

3) осы бұйрық көшірмелерін олар алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсiн.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________ Б. Сұлтанов
2016 жылғы 10 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2016 жылғы 28 наурыз

Қолданыстағы