Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 908 «Об утверждении Единых правил исчисления средней заработной платы»

Бұйрық · № 78 · қабылданған 19.03.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-908-ekb-194899/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 908 «Об утверждении Единых правил исчисления средней заработной платы» Қолданыста Бұйрық ·№ 78 ·19.03.2024
19.03.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 908 «Об утверждении Единых правил исчисления средней заработной платы»

Қолданыста Бұйрық ·№ 78 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 908 «Об утверждении Единых правил исчисления средней заработной платы»
Атауы (қаз.)
«Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
78
Қабылданған күні
19.03.2024
Көрсетілген редакция
19.03.2024 194899_691064.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034176
ЭКБ идентификаторы
194899
Редакция идентификаторы
194899_691064
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:31

0 «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығына

өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12533 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларында:
7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1. Жұмыс уақытының жиынтық есебі кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы төлемінен басқа қызметкердің орташа жалақысы орташа сағаттық жалақыны орташа күндік жұмыс сағаттарының санына және оқиғаның күнтізбелік күндер санына көбейту жолымен есептеледі.
Орташа күндік жұмыс сағаттарының саны мынадай формула бойынша айқындалады:
ОртКЖС = ОртАЖС / ОртАКК, мұндағы:
ОртКЖС – орташа күндік жұмыс сағаттарының саны;
ОртАЖС – оқиғаның басына қолданыста болатын күнтізбелік жылдың жұмыс уақытының теңгеріміне сәйкес бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасындағы орташа айлық жұмыс сағаттарының саны;
ОртАКК – оқиғаның басына қолданыста болатын күнтізбелік жылдың жұмыс уақытының теңгеріміне сәйкес мереке күндерін есептегемегенде күнтізбелік күндердің орташа айлық саны.
Жұмыс уақытының жиынтық есебі кезінде жұмыс берушінің актісінде егер қызметкерлердің жағдайын нашарлатпайтын болса, орташа жалақыны есептеудің өзге тәртібі көзделуі мүмкін.».

2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы