Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 30 июня 2015 года №153 «Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых местными исполнительными органами Западно-Казахстанской области в сфере семьи и детей»

Қаулы · № 136 · қабылданған 16.05.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no153-ekb-112851/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 30 июня 2015 года №153 «Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых местными исполнительными органами Западно-Казахстанской области в сфере семьи и детей» Күшін жойған Қаулы ·№ 136 ·16.05.2017
15.03.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 30 июня 2015 года №153 «Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых местными исполнительными органами Западно-Казахстанской области в сфере семьи и детей»

Күшін жойған Қаулы ·№ 136 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 30 июня 2015 года №153 «Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых местными исполнительными органами Западно-Казахстанской области в сфере семьи и детей»
Атауы (қаз.)
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 маусымдағы №153 «Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарымен отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
136
Қабылданған күні
16.05.2017
Көрсетілген редакция
15.03.2018 112851_310167.kaz
Соңғы өзгеріс
15.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17Z0004815
ЭКБ идентификаторы
112851
Редакция идентификаторы
112851_310167
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:06

0 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2015 жылғы 30 маусымдағы №153
«Батыс Қазақстан облысының жергілікті
атқарушы органдарымен отбасы және
балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік
қызметтер регламенттерін бекіту туралы»
қаулысына өзгеріс пен толықтырулар
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 маусымдағы

№153 «Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарымен отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3962 тіркелген, 2015 жылы 31 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) портал арқылы өтініш берген кезде: қаулы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі және сақталады.
Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші не Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Бұл ретте Мемлекеттік корпорацияның қызметкері стандарттың
4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.».
көрсетілген қаулымен бекітілген «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.».
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.».

2 2. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А.Ә.Мыңбаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары М.Л.Тоқжановқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы