Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 мая 2016 года № 146 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет по развитию языков и общественно-политической работы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан»

Бұйрық · № 35 · қабылданған 16.02.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2016-no-146-ekb-112831/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 мая 2016 года № 146 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет по развитию языков и общественно-политической работы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан» Күшін жойған Бұйрық ·№ 35 ·16.02.2017
22.10.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 мая 2016 года № 146 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет по развитию языков и общественно-политической работы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 35 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 мая 2016 года № 146 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет по развитию языков и общественно-политической работы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 146 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
35
Қабылданған күні
16.02.2017
Көрсетілген редакция
22.10.2021 112831_545195.kaz
Соңғы өзгеріс
22.10.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G17KS000035
ЭКБ идентификаторы
112831
Редакция идентификаторы
112831_545195
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:09

0 «Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрлігінің
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси
жұмыс комитеті» мемлекеттік мекемесінің
ережесін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Мәдениет және спорт
министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы
№ 146 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 329 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 594 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 146 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасындағы қоғамдық келісімді қамтамасыз ету саласындағы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Комитеттің функциялары:
1) тиісті салаларда нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;
2) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуды, оның халықаралық беделiн нығайтуды қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру, республикалық терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету;
4) орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылау;
5) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру;
6) тиiстi органдарға Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдарға тәртiптiк жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгiзу;
7) тілдерді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтің ақпараттық, әдістемелік қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;
8) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру жөніндегі қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылдарды жүзеге асыру;
9) қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;
10) этносаралық келiсiмдi нығайтуға, тілдерді дамытуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де iс-шаралар, акциялар мен конкурстар өткiзу;
11) ономастикалық комиссиясының жұмысын үйлестіру;
12) Қазақстан халқы Ассамблеясымен және өзге де ұйымдармен Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
13) Мемлекеттік рәміздер және ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның қызметін қамтамасыз ету;
14) Комитет құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсiндiру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
15) Комитет құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау iс-шараларын жүзеге асыру;
16) Комитет құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
17) Тiлдер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшiн әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасау;
18) Комитетке қарасты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясына) басшылықты жүзеге асыру;
19) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Төрағаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрліктің Жауапты хатшысымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын екі орынбасары болады.»;
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
2-тармақ алып тасталсын.

2

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің интернет-ресурстарында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы