О внесении дополнений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 мая 2016 года № 146 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет языковой политики Министерства культуры и спорта Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 мая 2016 года № 146 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет языковой политики Министерства культуры и спорта Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 146 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 44
- Қабылданған күні
- 21.02.2019
- Көрсетілген редакция
- 22.10.2021 129186_545193.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G19KS000044
- ЭКБ идентификаторы
- 129186
- Редакция идентификаторы
- 129186_545193
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:02
0 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 146 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 925 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 146 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
13-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) ұлттық әдебиет қорын қалыптастыру және қоғамдық маңызы бар кітаптарды шығару;»;
14-тармақ мынадай мазмұндағы 23-1) және 23-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«23-1) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату жөніндегі жұмысты республикалық деңгейде ұйымдастыру;
23-2) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағидаларын әзірлеу;».
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрықтың көшірмелерін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;