Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 мая 2016 года № 148 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет по делам спорта и физической культуры Министерства культуры и спорта Республики Казахстан»

Бұйрық · № 353 · қабылданған 10.12.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2016-no-148-ekb-126659/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 мая 2016 года № 148 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет по делам спорта и физической культуры Министерства культуры и спорта Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 353 ·10.12.2018
10.12.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 мая 2016 года № 148 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет по делам спорта и физической культуры Министерства культуры и спорта Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 353 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 мая 2016 года № 148 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет по делам спорта и физической культуры Министерства культуры и спорта Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
353
Қабылданған күні
10.12.2018
Көрсетілген редакция
10.12.2018 126659_377216.kaz
Соңғы өзгеріс
10.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G18KS000353
ЭКБ идентификаторы
126659
Редакция идентификаторы
126659_377216
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:09

0 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығына өзгерістер

мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Допингке қарсы ұлттық орталық» республикалық мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Допингке қарсы ұлттық орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны етіп қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 540 қаулысына, «Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Ат спортынан республикалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 785 қаулысына, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Өскемен қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 наурыздағы № 104 қаулысына, «Спорт объектілерінің құрылысын салу жөніндегі дирекция» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тарату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 273 қаулысына, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 шілдедегі № 447 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығына («Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің келісімі арқылы Министрліктің Жауапты хатшысымен бекітіледі.»;
12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Комитеттің мүлкі»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату»;
Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.»;
мынадай редакциядағы 19-1-тармағымен толықтырылсын:
«19-1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Допингке қарсы ұлттық орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.»;
20 және 21-тармақтар алып тасталсын;
Комитеттің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесінде 5-тармақ алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бір апталық мерзімде оның көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2 2) осы бұйрық күшіне енгізілген күнінен бастап он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы