О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 мая 2016 года № 148 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет по делам спорта и физической культуры Министерства культуры и спорта Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 мая 2016 года № 148 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет по делам спорта и физической культуры Министерства культуры и спорта Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 112
- Қабылданған күні
- 22.04.2019
- Көрсетілген редакция
- 22.04.2019 130714_400840.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G19KS000112
- ЭКБ идентификаторы
- 130714
- Редакция идентификаторы
- 130714_400840
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:15
0 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік
мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы
№ 148 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығына («Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 15 кіреберіс.»;
14-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«7) Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;»;
32) тармақша мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«32) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық шарттарды әзірлеуге қатысу, олардың орындалуын қамтамасыз ету, халықаралық спорт ұйымдарында және халықаралық спорттық іс-шараларда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;»;
19-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«7) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды, Комитет қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«11) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.»;
Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.».
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бір апталық мерзімде оны электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;