Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 мая 2016 года № 148 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет по делам спорта и физической культуры Министерства культуры и спорта Республики Казахстан»

Бұйрық · № 258 · қабылданған 26.09.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2016-no-148-ekb-187457/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 мая 2016 года № 148 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет по делам спорта и физической культуры Министерства культуры и спорта Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 258 ·26.09.2023
26.09.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 мая 2016 года № 148 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет по делам спорта и физической культуры Министерства культуры и спорта Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 258 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 мая 2016 года № 148 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет по делам спорта и физической культуры Министерства культуры и спорта Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
258
Қабылданған күні
26.09.2023
Көрсетілген редакция
26.09.2023 187457_660184.kaz
Соңғы өзгеріс
26.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23TS000258
ЭКБ идентификаторы
187457
Редакция идентификаторы
187457_660184
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 16:39

0 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығына өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2688 Конституциялық заңының 22-бабы 2-2 тармағы үшінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі»;
1-тарауда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асырады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесі.»;
3-тарауда:
19-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аппарат басшысына Комитеттің штат саны бойынша ұсыныстар береді;»;
Комитет қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Республикалық спорт колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
5. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
6. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
7. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
8. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Алматы» Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
9. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
10. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
11. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
12. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Допингке қарсы ұлттық орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
13. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
14. «Қазспортинвест» акционерлік қоғамы.
15. «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Комитеттің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:
1. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:

1 1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы