Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Железинского районного маслихата от 30 июня 2016 года № 22/6 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Железинского района»

Ереже · № 71/6 · қабылданған 07.03.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2016-no-226-ekb-110651/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Железинского районного маслихата от 30 июня 2016 года № 22/6 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Железинского района» Күшін жойған Ереже ·№ 71/6 ·07.03.2017
30.09.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение Железинского районного маслихата от 30 июня 2016 года № 22/6 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Железинского района»

Күшін жойған Ереже ·№ 71/6 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Железинского районного маслихата от 30 июня 2016 года № 22/6 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Железинского района»
Атауы (қаз.)
Железинка аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы «Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 22/6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
71/6
Қабылданған күні
07.03.2017
Көрсетілген редакция
30.09.2020 110651_486187.kaz
Соңғы өзгеріс
30.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17PF005418
ЭКБ идентификаторы
110651
Редакция идентификаторы
110651_486187
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:51

0 Железинка аудандық мәслихатының

2016 жылғы 30 маусымдағы
«Железинка ауданындағы әлеуметтік
көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларын бекіту
туралы» № 22/6 шешіміне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Железинка аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы «Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 22/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5176 болып тіркелген, аудандық «Туған өлке», «Родные просторы» газеттерінің 2016 жылғы 30 шілдедегі № 31 жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
9-тармақ келесі мазмұндағы 2-4) тармақшамен толықтырылсын:
«2-4) қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған тұлғалар;»;
9-тармақтағы 4-1) тармақша "қызметшілердің" сөзінен кейін "бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқандардың (қайтыс болғандардың)" сөздерімен толықтырылсын;
10-тармақтағы 3) тармақшадағы алтыншы абзац келесі редакцияда мазмұндалсын:
«осы Қағидалардың 9-тармағының 7-1) тармақшасында көрсетілген санаттарға емделу және қаралу үшін бірге жүрушілердің 40 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің негізінде, медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының, медициналық мекеме жолдамасының, тұрғаны үшін және барып келгенге дейінгі шығынды растайтын түбіртектер ұсынумен;»;
10-тармақтағы 4) тармақшадағы алтыншы абзац келесі редакцияда мазмұндалсын:
«осы Қағидалардың 9-тармағының 7-4) тармақшасында көрсетілген санаттарға балаларды балабақшада ұстауға төлеу үшін әр балаға 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің, балалардың тууы туралы куәлігінің, медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының, балабақшадан анықтаманың негізінде;»;
11-тармақтағы 2) тармақшадағы төртінші абзац келесі редакцияда мазмұндалсын:
«осы Қағидалардың 9-тармағының 10-7) тармақшасында көрсетілген санаттарға әр балаға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің негізінде;».

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Железинка аудандық мәслихатының тұрақты бюджет және әлеуметтік – экономикалық даму комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы