О внесении изменений в решение Железинского районного маслихата от 30 июня 2016 года № 22/6 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Железинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Железинского районного маслихата от 30 июня 2016 года № 22/6 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Железинского района»
- Атауы (қаз.)
- Железин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы «Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 22/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 150/6
- Қабылданған күні
- 26.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2020 115894_486193.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17PF005675
- ЭКБ идентификаторы
- 115894
- Редакция идентификаторы
- 115894_486193
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:31
0 Железин аудандық мәслихатының
2016 жылғы 30 маусымдағы «Железинка
ауданындағы әлеуметтік көмек
көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларын бекіту
туралы» № 22/6 шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2 - 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 Қаулысына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Железин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы «Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 22/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5176 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 шілдедегі аудандық «Туған өлке», «Родные просторы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Железин ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2-тармақтың 12), 13), 14), 15) тармақшалары, 9-тармақтың 12) тармақшасы, 11-тармақтың 2) тармақшасында төртінші, бесінші абзацтар, 27-тармақ және 4-бөлім алынып тасталсын;
10-тармақтың 4) тармақшасында:
бесінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
«осы Қағидалардың 9-тармағының 7-4) тармақшасында көрсетілген санаттарға балабақшада балаларды қамтамасыз етуге төлеу үшін әр балаға 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің, балалардың тууы туралы куәлігінің, медициналық - әлеуметтік сараптама анықтамасының, балабақшадан қатысу табелін ұсынумен анықтаманың негізінде.».