О внесении изменения в решение Железинского районного маслихата от 30 июня 2016 года № 22/6 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Железинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Железинского районного маслихата от 30 июня 2016 года № 22/6 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Железинского района»
- Атауы (қаз.)
- Железинка аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы «Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 22/6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 284/6
- Қабылданған күні
- 08.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2020 126818_486199.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18PF006146
- ЭКБ идентификаторы
- 126818
- Редакция идентификаторы
- 126818_486199
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:41
0 Железинка аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы
«Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»
№ 22/6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Железин ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Железинка аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы «Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 22/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5176 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
10-тармақтың 4) тармақшасында:
үшінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«осы Қағидалардың 9-тармағының 7-2) тармақшасында (бірінші топ мүгедектері ғана) көрсетілген санаттарға емделу және қаралу үшін (санаторлық-курорттық емделуді қоса алғанда) 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде «Железинка аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізімнің негізінде».