О внесений изменений и дополнений в решение Железинского районного маслихата от 30 июня 2016 года № 22/6 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Железинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесений изменений и дополнений в решение Железинского районного маслихата от 30 июня 2016 года № 22/6 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Железинского района»
- Атауы (қаз.)
- Железинка аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы «Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»№ 22/6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 353/6
- Қабылданған күні
- 03.07.2019
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2020 133224_486195.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19PF006471
- ЭКБ идентификаторы
- 133224
- Редакция идентификаторы
- 133224_486195
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:16
0 Железинка аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы «Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 22/6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес, Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Железинка аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы «Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 22/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердімемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5176 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
9-тармақтың 10-6)тармақшасы алынып тасталсын;
10-тармақтың 4) тармақшасының екінші абзацында «7» саны «10» санымен ауыстырылсын;
9-тармақ келесі мазмұндағы 10-8) тармақшамен толықтырылсын:
«10-8) атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы отбасыларға;»;
10-тармақтың 2) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«осы Қағидалардың 9-тармағының 10-8) тармақшасында көрсетілген санаттарға коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеу үшін 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде, халықты жұмыспен қамту орталығымен ұсынылатын тізімнің негізінде.».