О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 апреля 2016 года № 262 «Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2016 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на апробирование подушевого финансирования организаций среднего образования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 апреля 2016 года № 262 «Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2016 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на апробирование подушевого финансирования организаций среднего образования»
- Атауы (қаз.)
- «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 сәуірдегі № 262 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 788
- Қабылданған күні
- 09.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 09.12.2016 108175_127907.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1600000788
- ЭКБ идентификаторы
- 108175
- Редакция идентификаторы
- 108175_127907
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:58
0
«Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы
30 сәуірдегі № 262 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына және 15-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 сәуірдегі № 262 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 25-26, 149-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Нысаналы трансферттер:
1) жұмыс берушінің жарналарын ескере отырып, жан басына қаржыландырылатын орта білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы төлеуге;
2) жан басына қаржыландырылатын орта білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына бір лауазымдық жалақы мөлшеріндегі сауықтыруға арналған жәрдемақыларды төлеуге жұмсалатын шығыстарға;
3) 1-11-сыныптардың бір оқушысына ағымдағы қаржы жылына белгіленген кемінде нөл бүтін оннан тоғыз айлық есептік көрсеткіш есебінен оқу шығыстарын (зертханалық ыдыстар, қағаздар, химикаттар мен металдар, еңбекке оқытуға арналған материалдар, оқу тақталары және тағы сол сияқты) төлеуге;
4) 1-11-сыныптардың бір оқушысына ағымдағы қаржы жылына белгіленген кемінде нөл бүтін оннан үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде оқушылардың ғылыми, спорттық және зияткерлік конкурстар мен іс-шараларға дайындалуына және қатысуына байланысты шығыстарды төлеуге;
5) пошта және телефон байланысы қызметін төлеуге;
6) ғимараттарды, құрылыстарды, технологиялық жабдықтарды, компьютерлік және ұйымдастыру техникасын ағымдағы жөндеуді жүргізуге, ұстауға және оларға қызмет көрсетуге;
7) білім беру ұйымының қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті, білім беру процесінде қолданылмайтын, құндық мәні ағымдағы қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің қырық еселік мөлшерінен аспайтын тауарларды сатып алуға;
8) осы Қағидаларда көзделген шығыстарды жүргізуге байланысты банктік (қаржылық) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге пайдаланылады.
Жалақы мен жұмыс берушінің жарналары бойынша жыл бойына қалыптасқан үнем бекітілген көлемнің үстінен оқу шығыстарын ұлғайтуға ғана пайдаланылуы мүмкін.».