Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики от 30 ноября 2016 года № 292 «Об утверждении Методики по формированию и распространению официальной статистической информации в электронном виде»

Бұйрық · № 4 · қабылданған 21.01.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2016-no-292/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики от 30 ноября 2016 года № 292 «Об утверждении Методики по формированию и распространению официальной статистической информации в электронном виде» Күшін жойған Бұйрық ·№ 4 ·21.01.2020
12.08.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики от 30 ноября 2016 года № 292 «Об утверждении Методики по формированию и распространению официальной статистической информации в электронном виде»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 4 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики от 30 ноября 2016 года № 292 «Об утверждении Методики по формированию и распространению официальной статистической информации в электронном виде»
Атауы (қаз.)
«Ресми статистикалық ақпаратты электронды түрде қалыптастыру және тарату бойынша әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 292 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4
Қабылданған күні
21.01.2020
Көрсетілген редакция
12.08.2024 138990_717132.kaz
Соңғы өзгеріс
12.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000019917
ЭКБ идентификаторы
138990
Редакция идентификаторы
138990_717132
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:16

0 «Ресми статистикалық ақпаратты электронды түрде қалыптастыру

және тарату бойынша әдістемені бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 30 қарашадағы
№ 292 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Ресми статистикалық ақпаратты электронды түрде қалыптастыру және тарату бойынша әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы

30 қарашадағы № 292 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14568 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ресми статистикалық ақпаратты электронды түрде қалыптастыру және тарату бойынша әдістемеде:
22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Қызмет түрі және/немесе басқа жіктелімдердің элементтері бойынша аудан және/немесе облыс (республикалық маңызы бар қала және/немесе астана) бөлінісінде жалғыз болып табылатын респондентпен ұсынылған алғашқы статистикалық деректер респонденттің келісімінсіз жарияланбайды және жарияланымдарда «Х» белгісімен белгіленеді.
Құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері ресми статистикалық ақпаратты жариялауы кезінде алғашқы статистикалық деректердің жариялануын болдырмау үшін құпия деректерді жасырудың келесі әдістерін қолданады:
алғашқы деректерді тікелей белгілеу арқылы деректерді жариялау;
жіктелімнің жоғары деңгейіндегі деректерді жариялау;
жіктелімнің басқа элементіне ауыстыру арқылы деректерді жариялау;
жіктелімнің бір элементіне басқа деректерді біріктіру арқылы деректерді жариялау.
23. Бір аудан немесе бір облыс (республикалық маңызы бар қала немесе астана) және/немесе басқа жіктелім элементтері бойынша «Х» белгісі бар аудандар немесе облыстар (республикалық маңызы бар қалалар немесе астана) бөлінісінде ресми статистикалық ақпаратты жариялау барысында құпия деректердің жанама белгіленуін болдырмау үшін келесі ең аз респонденттер саны немесе келесі ең аз өндіріс көлемі, қызмет көрсету көлемі бойынша деректері бар басқа аудан немесе облыс (республикалық маңызы бар қала немесе астана) бойынша және/немесе басқа жіктелім элементтері бойынша деректер қосымша «Х» белгісімен белгіленеді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Пайдаланушылармен жұмыс басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Пайдаланушылармен жұмыс басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Н.Ж. Көшкімбаев) жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы