Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Ерейментауского районного маслихата от 30 ноября 2016 года № 6С-8/6-16 «О повышении (понижении) ставок земельного налога на земельные участки сельских населенных пунктов Ерейментауского района»

Өзге акт · № 6С-20/4-18 · қабылданған 24.01.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2016-no-6-86-16-ekb-118760/on/2026-09-04/
Басып шығарылды 2026-09-04 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Ерейментауского районного маслихата от 30 ноября 2016 года № 6С-8/6-16 «О повышении (понижении) ставок земельного налога на земельные участки сельских населенных пунктов Ерейментауского района» Күшін жойған Өзге акт ·№ 6С-20/4-18 ·24.01.2018
06.10.2022 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
04.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Ерейментауского районного маслихата от 30 ноября 2016 года № 6С-8/6-16 «О повышении (понижении) ставок земельного налога на земельные участки сельских населенных пунктов Ерейментауского района»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 6С-20/4-18 · 04.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Ерейментауского районного маслихата от 30 ноября 2016 года № 6С-8/6-16 «О повышении (понижении) ставок земельного налога на земельные участки сельских населенных пунктов Ерейментауского района»
Атауы (қаз.)
Ерейментау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 6С-8/6-16 «Ерейментау ауданы ауылдық елді мекендерінің жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6С-20/4-18
Қабылданған күні
24.01.2018
Көрсетілген редакция
06.10.2022 118760_596280.kaz
Соңғы өзгеріс
06.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18BI006388
ЭКБ идентификаторы
118760
Редакция идентификаторы
118760_596280
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:02

0 Ерейментау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 6С-8/6-16 «Ерейментау ауданы ауылдық елді мекендерінің жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 510-бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Ерейментау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 6С-8/6-16 «Ерейментау ауданы ауылдық елді мекендерінің жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5657 болып тiркелген, 2017 жылғы 14 қаңтарында аудандық «Ереймен» газетiнде, 2017 жылғы 14 қаңтарында аудандық «Ерейментау» газетiнде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:
«Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 510-бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша «жоғарылату», «(төмендету)», «жоғарылатылсын» ,«(төмендетілсін)» сөздері «арттыру», «(азайту)», «арттырылсын» , «(азайтылсын)» сөздеріне ауыстырылсын.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, әлеуметтік-экономикалық даму, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛДІ»
Ерейментау ауданының әкімі Е. Нұғыманов
24 қаңтар 2018 жыл
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Ерейментау ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы»
республикалық мемлекеттік
мекемесiнің басшысы Ж. Тубеков
24 қаңтар 2018 жыл

Қолданыстағы