Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 ноября 2016 года № 629 «Об утверждении Инструкции по проведению бюджетного мониторинга»

Бұйрық · № 1076 · қабылданған 13.12.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2016-no-629-ekb-127056/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 ноября 2016 года № 629 «Об утверждении Инструкции по проведению бюджетного мониторинга» Қолданыста Бұйрық ·№ 1076 ·13.12.2018
13.12.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 ноября 2016 года № 629 «Об утверждении Инструкции по проведению бюджетного мониторинга»

Қолданыста Бұйрық ·№ 1076 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 ноября 2016 года № 629 «Об утверждении Инструкции по проведению бюджетного мониторинга»
Атауы (қаз.)
«Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1076
Қабылданған күні
13.12.2018
Көрсетілген редакция
13.12.2018 127056_378494.kaz
Соңғы өзгеріс
13.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017963
ЭКБ идентификаторы
127056
Редакция идентификаторы
127056_378494
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:03

0 «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы

№ 629 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14623 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бюджеттiк мониторинг жүргізу нұсқаулығында:
24-тармақтың үшінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бюджет қаражатын өзге де үнемдеу: бағамдық айырма, кредиттер, қарыздар бойынша сыйақы (мүдде) мөлшерлемесінің өзгеруі, инфляция индексінің өзгеруі, бағаның және табиғи тұтыну көлемінің өзгеруі есебінен қалыптасқан түгел пайдаланылмаған қаражат қалдығы, іссапар шығыстары бойынша үнемдеу, жоспарланғанға қарағанда бюджет қаражатын алушылардың іс жүзіндегі санының азаюы, іс-шараларға шығу және өткізу мерзімінің көшірілуіне байланысты ағымдағы шығындар бойынша іс-шаралар жоспарының өзгеруі, өкілдік шығындар мен шетелдік іссапарларды қоса алғанда, бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінбеген қалдық, бюджет қаражатын нәтижелерге қол жеткізу шартымен қысқарту немесе оңтайландыру нәтижесінде алынған үнемдеу.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
______________________________
2018 жылғы «_____» ____________

Қолданыстағы