Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 30 марта 2016 года № 85 «О некоторых вопросах приватизации коммунального имущества Восточно-Казахстанской области на 2016-2020 годы»

Қаулы · № 174 · қабылданған 10.07.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2016-no-85-2016-2020-ekb-114097/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 30 марта 2016 года № 85 «О некоторых вопросах приватизации коммунального имущества Восточно-Казахстанской области на 2016-2020 годы» Қолданыста Қаулы ·№ 174 ·10.07.2017
10.07.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 30 марта 2016 года № 85 «О некоторых вопросах приватизации коммунального имущества Восточно-Казахстанской области на 2016-2020 годы»

Қолданыста Қаулы ·№ 174 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 30 марта 2016 года № 85 «О некоторых вопросах приватизации коммунального имущества Восточно-Казахстанской области на 2016-2020 годы»
Атауы (қаз.)
«Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 85 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
174
Қабылданған күні
10.07.2017
Көрсетілген редакция
10.07.2017 114097_215536.kaz
Соңғы өзгеріс
10.07.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17V0005165
ЭКБ идентификаторы
114097
Редакция идентификаторы
114097_215536
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:33

0 «Шығыс Қазақстан облысының

коммуналдық мүлкін
2016-2020 жылдарға арналған
жекешелендірудің кейбір
мәселелері туралы»
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2016 жылғы 30 наурыздағы № 85 қаулысына
толықтырулар енгізу туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабының 2), 4) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 194, «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулыларының негізінде, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1.«Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 85 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4492 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 мамырда «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 12 мамырдағы № 54 (19806) «Рудный Алтай», 2016 жылғы 13 мамырдағы № 54 (17294) «Дидар» газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Жергілікті атқарушы органдар:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12717 болып тіркелген) бекітілген іске асырылуы жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту тәртібіне сәйкес 1 және 2-қосымшаларда көзделген объектілерді мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанында іске асыра алады;
2) қажет болған жағдайда, экономикалық орындылық мақсатында 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген заңды тұлғаларды сауда-саттық өткізбестен тарата алады деп айқындалсын».
Аталған қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілген 2016-2020 жылдарға арналған бәсекелес ортаға беруге жататын облыстық коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 14 жолмен толықтырылсын:
«
14
«Қалқымалы өткел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
»;
аталған қаулының 2 қосымшасына сәйкес 2016-2020 жылдарға арналған бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 25, 26, 27, 28 жолдармен толықтырылсын:
«
25
«Аягөз-Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
».
26
«Ақтоғай қанағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
27
«Семей қаласының көпсалалы пайдалану кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
28
«Сәулет және қала құрылысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы