О внесении изменения и дополнения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 30 марта 2016 года № 85 «О некоторых вопросах приватизации коммунального имущества Восточно-Казахстанской области на 2016-2020 годы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 30 марта 2016 года № 85 «О некоторых вопросах приватизации коммунального имущества Восточно-Казахстанской области на 2016-2020 годы»
- Атауы (қаз.)
- «Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 85 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 113
- Қабылданған күні
- 18.04.2019
- Көрсетілген редакция
- 18.04.2019 130915_402077.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19V0005886
- ЭКБ идентификаторы
- 130915
- Редакция идентификаторы
- 130915_402077
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:18
0 «Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 85 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17-бабының 2), 4) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 қарашадағы № 733 «Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына өзгерістер енгізу туралы», 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» қаулыларының негізінде, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 85 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4492 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 мамырда «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 12 мамырдағы № 54 (19806) «Рудный Алтай», 2016 жылғы 13 мамырдағы № 54 (17294) «Дидар» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
аталған қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілген 2016-2020 жылдарға арналған бәсекелес ортаға беруге жататын облыстық коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесінен 8 жол алынып тасталсын;
аталған қаулының 2 қосымшасына сәйкес 2016-2020 жылдарға арналған бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 29 жолмен толықтырылсын:
«
29
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Семей» көгалдандыру және көркейту жөніндегі мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
».
2 2. Облыстың мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;