Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата Жанааркинского района от 30 января 2017 года № 06/01 «Об определении единого организатора государственных закупок»

Қаулы · № 06/01 · қабылданған 26.01.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2017-no-0601/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата Жанааркинского района от 30 января 2017 года № 06/01 «Об определении единого организатора государственных закупок» Күшін жойған Қаулы ·№ 06/01 ·26.01.2018
11.04.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата Жанааркинского района от 30 января 2017 года № 06/01 «Об определении единого организатора государственных закупок»

Күшін жойған Қаулы ·№ 06/01 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата Жанааркинского района от 30 января 2017 года № 06/01 «Об определении единого организатора государственных закупок»
Атауы (қаз.)
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 06/01 «Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
06/01
Қабылданған күні
26.01.2018
Көрсетілген редакция
11.04.2019 118697_405557.kaz
Соңғы өзгеріс
11.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18KL004601
ЭКБ идентификаторы
118697
Редакция идентификаторы
118697_405557
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:01

0 Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2017

жылғы 30 қаңтардағы № 06/01
«Мемлекеттік сатып алудың
бірыңғай ұйымдастырушысын
анықтау туралы» қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарына, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы №06/01 «Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4140 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылдың 28 ақпанда, «Жаңаарқа» аудандық газетінің №8 (9797) санында 2017 жылы 18 ақпанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға басшылық ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Жаңаарқа ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 26 қаңтардағы
№ 06/01 қаулысына
қосымша
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 30 қаңтардағы
№ 06/01 қаулысына
қосымша
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Р/с

Атауы
1.
Жұмыстар:
1.1.
бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде жаңа құрылыс немесе қолданыстағы нысандарға күрделі жөндеуден өткізу және қайта жабдықтау
1.2.
Аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын күрделі, орташа және ой-шұңқырларды жөндеу
1.3.
Аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын қысқы және жазғы күтіп ұстау
1.4.
бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде нысандар салуға және жаңғыртуға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу немесе қолданыстағы жобалау-сметалық құжаттаманы түзету
1.5.
аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын орташа және күрделі жөндеу кезінде жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу немесе қолданыстағы жобалау-сметалық құжаттаманы түзету
1.6.
коммуналдық меншіктегі ғимараттарды, үй-жайларды күрделі, орташа және ағымды жөндеу
1.7.
аббаттандыру бойынша жұмыстар
1.8.
елді мекендердің даму және құрылыс сызбасын әзірлеу және қайта әзірлеу
2.
Қызметтер:
2.1.
бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде нысандар салу және қайта жабдықтау кезінде тапсырыс беруші атынан техникалық қадағалау жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету
2.2.
аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын орташа және күрделі жөндеу кезінде тапсырыс берушінің атынан техникалық қадағалау жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету
2.3
мемлекеттік ақпараттық саясатты газеттер мен журналдар арқылы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің жұмысы және жалпы алғанда республиканың, облыстың, ауданның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өмірі туралы ақпараттандыру қызметтерін көрсету
2.4.
мемлекеттік ақпараттық саясатты телеарна арқылы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің жұмысы және жалпы алғанда республиканың, облыстың, ауданның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өмірі туралы ақпараттандыру қызметтерін көрсету
2.5.
діни экстремизмнің алдын алу мақсатында кешенді іс-шаралар қызметің көрсету

Қолданыстағы