Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Шалкарского районного маслихата от 30 октября 2017 года № 136 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Шалкарском районе»

Өзге акт · № 493 · қабылданған 26.06.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2017-no-136-ekb-144466/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Шалкарского районного маслихата от 30 октября 2017 года № 136 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Шалкарском районе» Күшін жойған Өзге акт ·№ 493 ·26.06.2020
27.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Шалкарского районного маслихата от 30 октября 2017 года № 136 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Шалкарском районе»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 493 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Шалкарского районного маслихата от 30 октября 2017 года № 136 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Шалкарском районе»
Атауы (қаз.)
Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 136 «Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
493
Қабылданған күні
26.06.2020
Көрсетілген редакция
27.10.2023 144466_662209.kaz
Соңғы өзгеріс
27.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20CM007239
ЭКБ идентификаторы
144466
Редакция идентификаторы
144466_662209
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:51

0 Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 136 «Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 136 «Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5692 тіркелген, 2017 жылы 22 қарашада «Шалқар» газетінде жарияланған ) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен айқындалған Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерінде және тәртібінде:
1 тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
1) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды;
2) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 5 (бес) пайызы мөлшерінде белгіленеді.»;
3 тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.»;
5 тармақ алып тасталынсын.

2 2. «Шалқар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімді Ақтөбе облысы Әділет департаментіне мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы