Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение Шалкарского районного маслихата от 30 октября 2017 года № 136 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Шалкарском районе»

Өзге акт · № 64 · қабылданған 26.05.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2017-no-136/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение Шалкарского районного маслихата от 30 октября 2017 года № 136 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Шалкарском районе» Күшін жойған Өзге акт ·№ 64 ·26.05.2023
27.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение Шалкарского районного маслихата от 30 октября 2017 года № 136 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Шалкарском районе»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 64 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение Шалкарского районного маслихата от 30 октября 2017 года № 136 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Шалкарском районе»
Атауы (қаз.)
Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 136 «Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
64
Қабылданған күні
26.05.2023
Көрсетілген редакция
27.10.2023 182400_662211.kaz
Соңғы өзгеріс
27.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23CM008358
ЭКБ идентификаторы
182400
Редакция идентификаторы
182400_662211
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:44

0 Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 136 «Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 136 «Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5692 тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
көрсетілген шешіммен айқындалған Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерінде және тәртібінде:
1 тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалғадаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 5 (бес) пайызы мөлшерінде белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармағымен толықтырылсын:
«6-1. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 16 қазандағы № 539 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 21500 болып тiркелген) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.»;
7 тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы