О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 марта 2017 года № 326 «Об утверждении Положения о комиссии по лицензированию судебно-экспертной деятельности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 марта 2017 года № 326 «Об утверждении Положения о комиссии по лицензированию судебно-экспертной деятельности»
- Атауы (қаз.)
- «Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 326 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 891
- Қабылданған күні
- 05.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 05.06.2018 122570_331509.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800017054
- ЭКБ идентификаторы
- 122570
- Редакция идентификаторы
- 122570_331509
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:11
0 «Сот-сараптама қызметін
лицензиялау жөніндегі
комиссия туралы ережені
бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Әділет министрінің
2017 жылғы 30 наурыздағы № 326
бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 326 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14966 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот-сараптама қызметiн лицензиялау жөнiндегi комиссия туралы ережеде:
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің кемінде бес мүшесі қатысқан жағдайда заңды деп есептеледі.».
2 2. Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына
Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және орналастыру үшін жіберілуін қамтамасыз етсін.