О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 марта 2017 года № 326 «Об утверждении Положения комиссии по лицензированию судебно-экспертной деятельности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 марта 2017 года № 326 «Об утверждении Положения комиссии по лицензированию судебно-экспертной деятельности»
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы «Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы» № 326 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 88
- Қабылданған күні
- 05.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 05.03.2020 140237_449652.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020121
- ЭКБ идентификаторы
- 140237
- Редакция идентификаторы
- 140237_449652
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:47
0 Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 2017 жылғы
30 наурыздағы «Сот-сараптама
қызметін лицензиялау жөніндегі
комиссия туралы ережені бекіту туралы»
№ 326 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы «Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы» № 326 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14966 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот-сараптама қызметiн лицензиялау жөнiндегi комиссия туралы ережеде:
5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«5. Комиссияның құрамы тақ саннан тұрады (кемінде бес адам). Комиссия төрағасы Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры немесе оның міндетін атқарушы тұлға болып табылады.
Комиссия құрамына Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің, сондай-ақ арнайы ғылыми білімі, ғылыми дәрежесі немесе осы салада кемінде бес жыл ғылыми-сараптамалық жұмыс тәжірибесі бар Министрліктің сот-сараптама органдарының өкілдері кіреді.
Біліктілік талаптарына сәйкес келмегені үшін немесе заңнама талаптарын бұзғаны үшін сот-сараптама қызметімен айналысу лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұратын, тоқтатылатын жағдайда, Комиссия құрамына қосымша Сот сарапшылары палатасының Төрағасы, сондай-ақ қызметтің көрсетілген түрі бойынша сәйкес мамандығы бар сот сарапшысы қосылады.