Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 марта 2017 года № 335 «Об утверждении Правил приема экзаменов для присвоения квалификации судебного эксперта»

Бұйрық · № 1512 · қабылданған 04.12.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2017-no-335/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 марта 2017 года № 335 «Об утверждении Правил приема экзаменов для присвоения квалификации судебного эксперта» Қолданыста Бұйрық ·№ 1512 ·04.12.2017
04.12.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 марта 2017 года № 335 «Об утверждении Правил приема экзаменов для присвоения квалификации судебного эксперта»

Қолданыста Бұйрық ·№ 1512 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 марта 2017 года № 335 «Об утверждении Правил приема экзаменов для присвоения квалификации судебного эксперта»
Атауы (қаз.)
«Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1512
Қабылданған күні
04.12.2017
Көрсетілген редакция
04.12.2017 116676_265108.kaz
Соңғы өзгеріс
04.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700016089
ЭКБ идентификаторы
116676
Редакция идентификаторы
116676_265108
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:02

0 «Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін

емтихандарды қабылдау қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы
№ 335 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15031 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларына:
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Емтихандар адамның таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде 2 кезеңде жүргізіледі:
1) тестілеу: сот сарапшылары және сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтары бойынша сот сарапшылары үшін (алғашқы мамандықты игеру бойынша) 100 сұрақ;
сот сарапшылары және сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтары бойынша сот сарапшылары үшін – қылмыстық-процестік құқық бойынша (20 сұрақ), азаматтық-процестік құқық бойынша (20 сұрақ), криминалистика бойынша (20 сұрақ), әкімшілік құқық бойынша (20 сұрақ), Заң бойынша (20 сұрақ);
2) білімін тексеру: сот сарапшылары және сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтары бойынша сот сарапшылары үшін – үш сұрақты қамтитын, сот сараптамасының белгілі бір түрі бойынша емтихан билеттері бойынша;
7. Сот сарапшылары және сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтары бойынша сот сарапшылары үшін тестілеу уақыты 90 минутты құрайды.
Емтихандарды тапсыру барысында адамның көмекші құжаттарды (анықтамалықтарды, арнайы әдебиеттерді), байланыс құралдарын, электрондық тасығыштағы қандай да бір жазбаларды пайдалануына жол берілмейді.».

2 2. Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы