О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 408 «Об утверждении Типовых квалификационных характеристик должностей руководителей, специалистов и других служащих организаций внутреннего водного транспорта»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 408 «Об утверждении Типовых квалификационных характеристик должностей руководителей, специалистов и других служащих организаций внутреннего водного транспорта»
- Атауы (қаз.)
- «Ішкі су көлігі ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 408 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 82
- Қабылданған күні
- 22.02.2024
- Көрсетілген редакция
- 22.02.2024 193700_685729.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034059
- ЭКБ идентификаторы
- 193700
- Редакция идентификаторы
- 193700_685729
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:03
0 «Ішкі су көлігі ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 408 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Ішкі су көлігі ұйымдарының басшылары, мамандарыжәне басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 408 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15454 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 16-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі су көлігі ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:
1-тарауда:
«Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылысының (шлюз) бастығы» деген 1-параграфта
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін;
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін;
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін;
Қазақстан Республикасының Су Кодексін;
«Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі –Күзет қызметі туралы заңы);
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Ішкі су көлігі туралы заңы);
«Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, зерттеп-қарау және жөндеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 550 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11915 болып тіркелген) (бұдан әрі – Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, зерттеп-қарау және жөндеу қағидалары);
«Кемелерді кеме қатынасы шлюздері арқылы өткізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 95 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6843 болып тіркелген) (бұдан әрі – Кемелерді кеме қатынасы шлюздері арқылы өткізу қағидасы);
«Ішкі су жолдарымен жүзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 537 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11347 болып тіркелген) (бұдан әрі – Ішкі су жолдарымен жүзу қағидалары);
кеме қатынасы шлюзінің, оның жекелеген элементтерінің, құрылыстары мен жабдықтарының тағайындалуы мен құрылысы, олардың техникалық сипаттамалары, оларды пайдалану жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтарды;
кеме қатынасы шлюзінің жалпы, оның жекелеген элементтерінің (жабдық, гидротехникалық құрылыстар) конструктивтік ерекшеліктері мен техникалық жай-күйін;
кеме қатынасы шлюзін пайдаланудың режимдері мен жеке ерекшеліктерін;
кеме қатынасы шлюзінде орнатылған бақылау-өлшеу аппаратурасының тағайындалуы, орналасуы, жұмыс қағидаты мен тәртібін;
кеме қатынасы шлюзінің өндірістік жоспарын;
кеме қатынасы шлюзі жұмыстарының өндіріс кестелерін;
экономика негіздері, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру;
ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарды білуі тиіс.»;
«Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыс (шлюз) бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары» деген 7-параграфта
2-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Азаматтық қорғау туралы заңы);»;
«Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыс (шлюз) бастығының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары» деген 8-параграфта
2-тармақтың төртінші және бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі);»;
«Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстың (шлюздің) бас механигі» деген 9-параграфта
2-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;»;
«Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстың (шлюздің) бас гидротехнигі» деген 10-параграфта
2-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңы);»;
11-параграфта «Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстың (шлюздің) бас энергетигі»
2-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;».
2 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі