Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 409 «Об утверждении Правил государственной регистрации гражданских воздушных судов Республики Казахстан и прав на них»

Бұйрық · № 131 · қабылданған 26.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2017-no-409-ekb-153935/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 409 «Об утверждении Правил государственной регистрации гражданских воздушных судов Республики Казахстан и прав на них» Қолданыста Бұйрық ·№ 131 ·26.03.2021
26.03.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 409 «Об утверждении Правил государственной регистрации гражданских воздушных судов Республики Казахстан и прав на них»

Қолданыста Бұйрық ·№ 131 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 409 «Об утверждении Правил государственной регистрации гражданских воздушных судов Республики Казахстан и прав на них»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 409 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
131
Қабылданған күні
26.03.2021
Көрсетілген редакция
26.03.2021 153935_515488.kaz
Соңғы өзгеріс
26.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022421
ЭКБ идентификаторы
153935
Редакция идентификаторы
153935_515488
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:02

0 «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы №409 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

1

1. «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 409 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15553 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Азаматтық әуе кемесі оның меншік иесінің (иеленушінің) немесе оны пайдаланушының өтініші бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тек қана мынадай шартпен тіркеледі, егер:
1) әуе кемесі басқа мемлекетте тіркелмеген болса;
2) Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғасы әуе кемесінің меншік иесі немесе пайдаланушысы болып табылса;
3) сот шешімі бойынша тәркіленген және (немесе) өндіріп алынған әуе кемесін қоспағанда, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген адам әуе кемесінің меншік иесі немесе пайдаланушысы болып табылмаса;
4) әуе кемесі типінің сертификатын немесе соған ұқсас басқа құжатты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берсе немесе жарамды деп таныса;
5) жүктерді тасымалдауға арналған әуе кемелерін пайдаланудың күнтізбелік мерзімі (әуе кемесі шығарылған күннен бастап тіркелген күнге дейін есептелетін мерзім) жиырма бес жылдан аспаса;
6) жүктерді тасымалдауға арналған, ұшу циклдарының саны бойынша және сағат бойынша есептелетін әуе кемесінің белгіленген зауыт ресурсының үштен екісінен аспайтын ресурсы (дайындаушы зауыттың немесе конструкторлық бюроның ресми растауымен);
7) жерүсті және спутниктік арналар арқылы жүктерді тасымалдауға арналған борттың жай-күйі мен орналасқан жері туралы деректерді беруді қамтамасыз ететін жабдықтың болуы.
Қазақстан Республикасы Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілетін әуе кемесі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12038 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық нормаларына (бұдан әрі – ұшуға жарамдылық нормалары) және ұшу жарамдылығын айқындайтын дайындаушы зауыттың немесе конструкторлық бюроның пайдалану-техникалық құжаттамасының талаптарына сәйкес келеді.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Азаматтық әуе кемесінің ісі, оның ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген іс оны пайдаланудың бүкіл мерзімі ішінде уәкілетті ұйымда сақталады және ол мемлекеттік тізілімнен шығарылғаннан кейін бір жылдан соң Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 575 қаулысымен бекітілген Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы, есепке алуы және пайдалануы қағидаларына сәйкес мұрағатқа тапсырылады.
Азаматтық әуе кемесінің ісінен қандай да бір құжаттарды немесе олардың бөліктерін жоюға немесе алуға жол берілмейді.»;
23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Мемлекеттік тізілімге және мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер енгізуді уәкілетті ұйым:
1) азаматтық әуе кемесінің меншік иесі (иеленушісі);
2) азаматтық әуе кемесін пайдаланушысы;
3) азаматтық әуе кемесінің қайта жабдықталуына байланысты оның мақсаты;
4) оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өтініш беруші өтініш жасаған кезде Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі өзгерген жағдайларда портал арқылы жүзеге асырады.
24. Азаматтық әуе кемесінің меншік иесінің, пайдаланушысының, әуе кемесінің мақсатының өзгеруіне байланысты, ол қайта жабдықталғаннан немесе мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің қолданылу мерзімінен кейін өтініш беруші Стандартта көзделген тізбе бойынша құжаттарды портал арқылы уәкілетті ұйымға ұсынады.»;
26-тармақ алып тасталсын;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Ұсынылған құжаттарды қараудың оң нәтижелері кезінде өтініш беруші қажетті құжаттарды берген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйым Мемлекеттік тізілімге өзгерістер енгізуді және өтініш берушіге азаматтық әуе кемесінің тіркелген күні туралы белгіні толтыра отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беруді жүзеге асырады.
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік берілгеннен кейін бұрын берілген Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік күшін жояды.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, уәкілетті ұйым техникалық іркілістердің туындағанын анықтаған сәттен бастап бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жіберу арқылы «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын мемлекеттік қызметтің атауы, әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі бойынша ақпарат ұсыныла отырып, әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе өтініш берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі, авторландыру сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате туындаған сәтке дейінгі қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, дереу хабардар етеді.»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Азаматтық әуе кемесі:
1) әуе кемесі есептен шығарылған немесе пайдаланудан алып тасталған;
2) әуе кемесі шет мемлекетке, шетелдік жеке немесе заңды тұлғаға сатылған немесе берілген;
3) азаматтық әуе кемесін Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерінің тізілімінде немесе шет мемлекеттердің тізілімінде тіркелген;
4) мүліктің ауыртпалығы болған жағдайларды қоспағанда, күнтізбелік пайдалану мерзімі әуе кемесі шығарылған күннен бастап қырық жылдан асатын, бір жылдан астам ұшуға жарамдылығының жарамды сертификаты болмаған;
5) әуе кемесі хабарсыз жоғалып кеткен деп танылған;
6) қайтарылмайтын өкілеттікті атқарған жағдайларда Мемлекеттік тізілімнен шығарылады.
Кепілдегі әуе кемесін Мемлекеттік тізілімнен шығару кепіл ұстаушының келісімімен жүзеге асырылады.»;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұсынылған құжаттар сәйкес келген кезде уәкілетті ұйым өтініш берушіге осы қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығару туралы куәлік береді.»;
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Уәкілетті ұйым кепіл туралы шарттарды және (немесе) оларға қосымша келісімдерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады.
Тіркеу үшін әуе кемесінің кепіл берушісі немесе кепіл ұстаушысы өтініштен басқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) әрбір салық салу обьектісі үшін азаматтық әуе кемесінің кепілі және ипотеканы тіркегені үшін алым төленгендігін растайтын құжаттың көшірмесі;
2) азаматтық әуе кемесінің кепілі немесе ипотекасы туралы шарттың және оған қосымша келісімнің 3 данада көшірмесі;
3) құрылтайшылық құжаттың көшірмесі (шетелдік заңды тұлғалар үшін) немесе жеке басты куәландыратын құжат (шетелдік жеке тұлғалар үшін).»;
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«56. Ең жоғары ұшу массасы 1,5 кг-дан асатын ұшқышсыз ұшу аппараттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 706 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15553 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларына сәйкес айқындалған, ең жоғары ұшу массасы 0,25 кг-дан асатын «ерекше» санатында операцияларды орындайтын ұшқышсыз ұшу аппараттары есепке алуға жатады.»;
мынадай мазмұндағы 57-1-тармақпен толықтырылсын:
«57-1. Есепке қою кезінде уәкілетті ұйым пилотсыз ұшу аппаратына борттық нөмірді береді.
Берілген борттық нөмір жеті белгіден тұрады және судың әсері кезінде нөмірдің сақталуы мен оқылуын қамтамасыз ететін тәсілмен пилотсыз ұшу аппаратына кемінде 5 мм қаріппен жазылады.
Ең жоғары ұшу массасы 250 кг-дан 1,5 кг-ға дейінгі «ерекше» санатындағы операцияларды орындайтын пилотсыз ұшу аппараттарына таңбалау үш жерде, ал салмағы 1,5 кг-дан асатын пилотсыз ұшу аппараттары үшін бес жерде жазылады.
Берілген борттық нөмір мынадай ақпаратты қамтиды:
1) Қазақстан Республикасының тиесілігі – «Q»;
2) ең жоғары ұшу массасының жіктеуіші;
3) конструкция типінің жіктеуіші;
4) есептік нөмірі.
Борттық нөмірді пилотсыз ұшу аппаратының иесі оны пайдалануды бастағанға дейін жазады.»;
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«60. Пайдалану мақсатында пилотсыз ұшу аппараттарын сатып алатын адамдар уәкілетті ұйымның кеңсесіне не мынадай құжаттарды қоса бере отырып, пилотсыз ұшу аппаратын сатып алған немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пилотсыз ұшу аппаратын есепке алуға арналған өтінімді уәкілетті ұйымның электрондық поштасына ұсынады:
1) құрылтай құжатының көшірмесі (шетелдік заңды тұлғалар үшін) немесе жеке басты куәландыратын құжат (шетелдік жеке тұлғалар үшін);
2) сатып алу-сату шартының көшірмесі немесе меншік құқығын растайтын өзге де құжат не сот шешімі;
3) жалдау, лизинг, мүліктік жалдау шартының көшірмесі, пилотсыз ұшу аппаратын пайдалану құқығын растайтын өзге де құжат;
4) ұшқышсыз авиациялық жүйе сипаттамаларының сипаттамасы бар дайындаушы құжатының көшірмесі (ең жоғары ұшу массасы, ең жоғары жылдамдық, ұшудың ең жоғары биіктігі, ұшудың ең ұзақ уақыты, басқару арнасы, ұшу қашықтығы, басқару қашықтығы);
5) пилотсыз ұшу аппаратының типі мен сериялық (зауыттық) нөмірі, қозғалтқыштың нөмірі (қозғалтқыш нөміріне қол жеткізу болған кезде) және сыртқы пилот станциясының нөмірі (болған кезде) (паспорт);
6) үлгі сертификатының немесе пилотсыз ұшу аппаратын әзірлеушінің немесе дайындаушының мемлекет стандарттарына сәйкестігін растайтын өзге де құжаттың көшірмесі;
7) пилотсыз ұшу аппаратының, басқару станциясының (бар болса) және сериялық нөмірінің қарама-қарсы және нақты фотосуреті;
8) пилотсыз ұшу аппаратын шет мемлекеттің есебінен шығару туралы куәлік (егер пилотсыз ұшу аппараты шет мемлекеттің есебінде тұрған жағдайда);
9) тіркелетін пилотсыз ұшу аппаратында әскери және тыңдайтын жабдықтың болмауы туралы өтініш берушінің еркін жазбаша нысандағы растамасы.»
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
7-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі»

1 Қазақстан Республикасының

Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетін атқарушының
2021 жылғы 26 наурыздағы
№ 131 Бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемелерін және
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Әуе ке­ме­сін мем­ле­кет­тік тір­ке­у­ге өті­нім
1
әуе ке­ме­сін (ӘК үл­гі­сі) мем­ле­кет­тік тір­ке­уді жүр­гі­зу­ді сұ­рай­мын) ________________:
Бе­ріл­сін:
мы­на­дай өзге­рі­стер­ге бай­ла­ны­сты аза­мат­тық әуе ке­ме­сін мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­ке өзге­рі­стер ен­гі­зу:
аза­мат­тық әуе ке­ме­сі­нің мен­шік ие­сі (ие­сі);
аза­мат­тық әуе ке­ме­сін пай­да­ла­ну­шы;
аза­мат­тық әуе ке­ме­сін қай­та жаб­дық­та­у­ға бай­ла­ны­сты оның мақ­са­ты;
аза­мат­тық әуе ке­ме­сін мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің қол­да­ны­лу мер­зі­мі;
2.
2. Әуе ке­ме­сі ту­ра­лы де­ректер:
2.1
2.1 аза­мат­тық әуе ке­ме­сін бұ­рын­ғы тір­ке­ген мем­ле­кет:
(бұ­рын­ғы тір­кел­ген мем­ле­кет­тің ата­уы және ай­ы­рым бел­гі­сі)
2.2
та­ну бел­гі­сі:
2.3
се­ри­я­лық (за­уыт­тық) нө­мі­рі
2.4
за­уыт­тан шы­ға­ры­л­ған кү­ні: (кү­ні, айы, жы­лы)
2.5
дай­ын­да­у­шы (за­уыт, мем­ле­кет):
2.6
аза­мат­тық әуе ке­ме­сі­нің мақ­са­ты
2.7
аза­мат­тық әуе ке­ме­сі­нің сы­ны­бы
2.8
қоз­ғалт­қыш қу­а­ты
2.9
ең жо­ға­ры ұшу сал­ма­ғы
3.0
соң­ғы жөн­деу жүр­гі­зі­л­ген кү­ні мен ор­ны
3.1
тех­ни­ка­лық бай­қа­уды неме­се ұшу сы­на­ғын кім және қа­шан жүр­гіз­ді
3.2
жөн­де­у­ге дей­ін­гі әуе ке­ме­сі ре­сур­сы­ның қал­ды­ғы (са­ғат­пен, қо­ну­мен, жыл­дар­мен)
3.3
әуе ке­ме­сі­нің тұ­рақ­ты ор­на­ла­су ор­ны:
3.4
әуе ке­ме­сіне құқық тү­рі (қа­жет­ті­сі­нің астын сы­зу):
1) мен­шік құқы­ғы;
2) пай­да­ла­ну құқы­ғы;
3) же­дел бас­қа­ру құқы­ғы;
4) ша­ру­а­шы­лық бас­қа­ру құқы­ғы
4.
Шар­ттың нө­мі­рі және са­тып алу кү­ні:
Мен­шік ие­сі
№____«__»________20__ жыл
Пай­да­ла­ну­шы
№____«__»________20__ жыл
Мен­шік ие­сі­нің са­на­ты (астын сы­зу):
1) же­ке тұл­ға;
2) заң­ды тұл­ға.
5.
Мен­шік ие­сі құ­жа­ты­ның са­на­ты (заң­ды тұл­ға үшін):
заң­ды тұл­ға­ның ата­уы:
заң­ды тұл­ға­ның БСН
мен­шік ие­сі­нің заң­ды ме­кен­жайы (об­лыс, аудан, ел­ді ме­кен, кө­ше, үй­дің нө­мі­рі, пәтер))
мен­шік ие­сі­нің те­ле­фон, факс нө­мі­рі және e-mail ме­кен­жайы
6.
Мен­шік ие­сі құ­жа­ты­ның са­на­ты (же­ке тұл­ға үшін)
Құ­жат­тың се­ри­я­сы және бе­рі­л­ген кү­ні:
№ ___ «__» ______ 20__ жыл
Те­гі, Аты, Әке­сі­нің аты (бар бол­са), ту­ған кү­ні
________ «__» ____20__ жыл
ЖСН
ме­кен-жайы (об­лыс, аудан, ел­ді ме­кен, кө­ше, үй нө­мі­рі, пәтер)
те­ле­фон, факс нө­мі­рі және e-mail ме­кен-жайы
7.
Пай­да­ла­ну­шы құ­жа­ты­ның са­на­ты (заң­ды тұл­ға үшін):
заң­ды тұл­ға­ның ата­уы
Заң­ды тұл­ға­ның БСН
пай­да­ла­ну­шы­ның заң­ды ме­кен­жайы (об­лыс, аудан, ел­ді ме­кен, кө­ше, үй­дің нө­мі­рі, пәтер))
пай­да­ла­ну­шы­ның те­ле­фон, факс нө­мі­рі және e-mail ме­кен­жайы
8.
Пай­да­ла­ну­шы құ­жа­ты­ның са­на­ты (же­ке тұл­ға үшін):
Құ­жат­тың се­ри­я­сы және бе­рі­л­ген кү­ні
№ ___ «__» _____ 20__ жыл
Те­гі, Аты, Әке­сі­нің аты (бар бол­са), ту­ған кү­ні
_____ «__» ______20__ жыл
ЖСН
ме­кен-жайы (об­лыс, аудан, ел­ді ме­кен, кө­ше, үй нө­мі­рі, пәтер)
те­ле­фон, факс нө­мі­рі және e-mail ме­кен-жайы
9.
Алым нө­мі­рі, кү­ні және со­ма­сы:
№____ «__»_____20___­жы­л­ғы­_________ тең­ге.
10.
Бай­ла­ны­су­шы тұл­ға (Те­гі, Аты, Әке­сі­нің аты (бар бол­са), ла­у­а­зы­мы, те­ле­фон, факс нө­мі­рі және e-mail ме­кен-жайы)
11.
Қыз­мет­тер­ді ал­ған жағ­дай­да (шуыл бой­ын­ша сер­ти­фи­кат, ра­ди­о­та­рат­қыш ап­па­ра­ту­ра ре­т­ін­де) тө­мен­де көр­се­ті­л­ген кесте­лер бой­ын­ша де­ректер­ді тол­ты­ры­ңыз
12.
Алым нө­мі­рі, кү­ні және со­ма­сы:№ ____ «__» __________ 20___ жы­л­ғы _________ тең­ге.
Шуыл бой­ын­ша сер­ти­фи­кат алу үшін
+/-
си­патта­ңыз
Ұшақ
Ті­кұ­шақ
бас­қа
Әуе вин­ті­нің де­ректе­рі (бар бол­са)
Әуе ке­ме­сі­нің ең жо­ға­ры ұшу мас­са­сы
Әуе ке­ме­сі­нің ең жо­ға­ры қо­ну мас­са­сы
Шуыл­ды сер­ти­фи­кат­тау стан­дар­ты
Қол­да­ны­ла­тын шуыл бой­ын­ша сер­ти­фи­кат­тау стан­дарт­та­ры­на сәй­кес кел­ті­ру мақ­са­тын­да ен­гі­зі­л­ген қо­сым­ша мо­ди­фи­ка­ция
Ұшу-қо­ну жо­ла­ғы­ның бүй­і­рін­де­гі шу дең­гейі / то­лық қу­ат ре­жи­мін­де
Қо­ну ке­зін­де шу дең­гейі
Ұшу ке­зін­де­гі шу дең­гейі
Ұшу ке­зін­де­гі шу дең­гейі
Ұшу ке­зін­де­гі шу дең­гейі
аза­мат­тық әуе ке­ме­ле­рін­де ор­на­ты­л­ған ра­ди­о­та­ра­ту­шы ап­па­ра­ту­ра­ны пай­да­ла­ну­ға рұқ­сат алу үшін
Ұшақ
Ті­кұ­шақ
бас­қа
Авиа­ци­я­лық ра­дио­жи­і­лік диа­па­зо­нын­да жұ­мыс іс­тей­тін ра­ди­о­та­ра­ту­шы құ­ры­л­ғы­лар­дың тіз­бе­сі:
Тір­ке­ле­тін аза­мат­тық әуе ке­ме­сіне ауырт­па­лық­тың жоқ­тығ­ын рас­тау ту­ра­лы мә­лі­мет _________________________________________________________
Аза­мат­тық әуе ке­ме­ле­рін мем­ле­кет­тік тір­кеу неме­се қай­та тір­кеу үшін алым­ның тө­лен­ге­нін рас­тай­тын мә­лі­мет
Ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де қам­ты­л­ған за­ң­мен қор­ға­ла­тын құ­пи­я­ны құ­рай­тын мә­лі­мет­тер­ді пай­да­ла­ну­ға ке­лі­се­мін кес (мен­шік ие­сі/ Пай­да­ла­ну­шы)
Аза­мат­тық әуе ке­ме­сі­нің мен­шік ие­сі (заң­ды тұл­ға үшін)
Аза­мат­тық әуе ке­ме­сін пай­да­ла­ну­шы (заң­ды тұл­ға үшін)
Мөр ор­ны (бар бол­са) «__» ___________ 20__­жыл
(же­ке тұл­ға үшін):: _____________________________________
қо­лы, те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
«__» ___________ 20__­жыл.

2 «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетін атқарушының
2021 жылғы 26 наурыздағы
№ 131 Бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемелерін және
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
2-1 қосымша
«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
«Қа­зақ­стан­ның авиа­ци­я­лық әкім­ші­лі­гі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі ( қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры)
пор­тал­да
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
20 (жиыр­ма) жұ­мыс кү­ні.
«Бір өті­ніш» қа­ғи­да­ты бой­ын­ша қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі 25 жұ­мыс кү­нін құ­рай­ды, оның ішін­де:
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тық әуе ке­ме­ле­рін мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­тер­ді бе­ру мер­зі­мі 20 (жиыр­ма) жұ­мыс кү­нін құ­рай­ды;
шуыл бой­ын­ша әуе ке­ме­сі­нің сер­ти­фи­ка­тын бе­ру және (неме­се) ра­дио­мен ха­бар­лау ап­па­ра­ту­ра­сын пай­да­ла­ну­ға рұқ­сат бе­ру мер­зі­мі - 5 (бес) жұ­мыс кү­нін құ­рай­ды.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) / «Бір өті­ніш» қа­ғи­да­ты бой­ын­ша қыз­мет көр­се­ті­луі.
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Аза­мат­тық әуе ке­ме­сін мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік бе­ру, аза­мат­тық әуе ке­ме­сін мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­ке өзге­рі­стер ен­гі­зу не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) / «бір өті­ніш» қа­ғи­да­ты бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де өті­ніш бе­ру­ші­ден алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Сер­ти­фи­кат­тау үшін «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы» 2017 жы­л­ғы 25 жел­тоқ­сан­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ко­дек­сін­де (Са­лық ко­дек­сі) ай­қын­да­ла­тын тәр­тіп­пен және мөл­шер­де алым алы­на­ды.
Аза­мат­тық әуе ке­ме­сін тір­кеу үшін алым мөр­шер­ле­ме­ле­рі:
1) Аза­мат­тық әуе ке­ме­ле­рін мем­ле­кет­тік тір­ке­ге­ні үшін – алым тө­лен­ген кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 7 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш;
2) аза­мат­тық әуе ке­ме­ле­рін қай­та тір­ке­ге­ні үшін – алым тө­лен­ген кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 7 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш.
Алым­ды тө­леу екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы қол­ма-қол және қол­ма-қол емес ны­сан­да, сон­дай-ақ «элек­трон­дық үкі­мет» тө­лем шлю­зі ар­қы­лы қол­ма-қол емес ны­сан­да жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) пор­тал-жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды);
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
8
Аза­мат­тық әуе ке­ме­сін мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті алу үшін мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
1) әуе ке­ме­сін мем­ле­кет­тік тір­ке­у­ге өті­нім;
2) құ­ры­л­тай құ­жа­ты­ның (заң­ды тұ­лға­лар үшін) элек­трон­дық кө­шір­ме­сі неме­се же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың (ше­тел­дік же­ке тұ­лға­лар үшін) не но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған құ­ры­л­тай құ­жат­та­ры­ның (ше­тел­дік заң­ды тұ­лға­лар үшін) элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі);
3) мем­ле­кет­тік және (неме­се) орыс тіл­де­рін­де мен­шік құқы­ғын рас­тай­тын са­тып алу-са­ту шар­ты­ның неме­се өзге де құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі неме­се но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған са­тып алу-са­ту шар­ты­ның неме­се ре­сми аудар­ма­сы бар ағы­л­шын ті­лін­де мен­шік құқы­ғын рас­тай­тын өзге де құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (ше­тел­дік же­ке және заң­ды тұ­лға­лар үшін);
4) әуе ке­ме­сіне ор­тақ мен­шік құқы­ғын­да­ғы үле­сті әуе ке­ме­сіне мен­шік­ке қа­ты­су­шы бо­лып та­был­май­тын тұл­ға­ға са­ту ке­зін­де (үле­стік мен­шік ке­зін­де) үле­стік мен­шік­ке қа­ты­су­шы­лар­дың жа­з­ба­ша ке­лі­сі­мін рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі);
5) жал­дау, ли­зинг, мү­лік­тік жал­дау шар­ты­ның, әуе ке­ме­сін мем­ле­кет­тік және (неме­се) орыс тіл­де­рін­де пай­да­ла­ну құқы­ғын рас­тай­тын өзге де құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі неме­се но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған жал­дау, ли­зинг, мү­лік­тік жал­дау шар­ты­ның, әуе ке­ме­сін ағы­л­шын ті­лін­де пай­да­ла­ну құқы­ғын рас­тай­тын өзге де құ­жат­тың ре­сми аудар­ма­сы бар элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (ше­тел­дік же­ке және заң­ды тұ­лға­лар үшін);
6) аза­мат­тық әуе ке­ме­сін қа­был­дау-тап­сы­ру ак­ті­сі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
7) әуе ке­ме­сі­нің тех­ни­ка­лық жай-күй­ін тек­се­ру ак­ті­сі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
8) аза­мат­тық әуе ке­ме­сін әзір­ле­у­ші мем­ле­кет бер­ген үл­гі сер­ти­фи­ка­ты­ның неме­се оның ұшу­ға жа­рам­ды­лық нор­ма­ла­ры­на сәй­кест­і­гін ку­әлан­ды­ра­тын оған ба­ла­ма құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
Болған жағ­дай­да ке­ле­сі құ­жат­тар ұсы­ны­ла­ды:
1) Аза­мат­тық әуе ке­ме­сі­нің мем­ле­кет­тік авиа­ция ті­зі­лі­мі­нен неме­се шет мем­ле­кет­тің аза­мат­тық әуе ке­ме­ле­рі ті­зі­лі­мі­нен шы­ға­ры­л­ға­нын рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
2) ұшу­ға жа­рам­ды­лы­ғы­ның экс­порт­тық сер­ти­фи­ка­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
3) әуе ке­ме­сін қай­та жаб­дық­тау ту­ра­лы құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
4) әуе ке­ме­сі­нің ұшу­ға жа­рам­ды­лы­ғы ту­ра­лы дай­ын­да­у­шы за­уыт бер­ген уа­қыт­ша ку­ә­лік­тің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
аза­мат­тық әуе ке­ме­сін мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­ке өзге­рі­стер ен­гі­зу үшін:
аза­мат­тық әуе ке­ме­сі­нің мен­шік ие­сі және (неме­се) пай­да­ла­ну­шы­сы өзгер­ген кез­де:
1) әуе ке­ме­сін мем­ле­кет­тік тір­ке­у­ге өті­нім;
2) құ­ры­л­тай құ­жа­ты­ның (заң­ды тұ­лға­лар үшін) элек­трон­дық кө­шір­ме­сі неме­се же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың (ше­тел­дік же­ке тұ­лға­лар үшін) не но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған құ­ры­л­тай құ­жат­та­ры­ның (ше­тел­дік заң­ды тұ­лға­лар үшін) элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі);
3) мем­ле­кет­тік және (неме­се) орыс тіл­де­рін­де мен­шік құқы­ғын рас­тай­тын са­тып алу-са­ту шар­ты­ның неме­се өзге де құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі неме­се но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған са­тып алу-са­ту шар­ты­ның неме­се ре­сми аудар­ма­сы бар ағы­л­шын ті­лін­де мен­шік құқы­ғын рас­тай­тын өзге де құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (ше­тел­дік же­ке және заң­ды тұ­лға­лар үшін);
4) әуе ке­ме­сіне ор­тақ мен­шік құқы­ғын­да­ғы үле­сті әуе ке­ме­сіне мен­шік­ке қа­ты­су­шы бо­лып та­был­май­тын тұл­ға­ға са­ту ке­зін­де (үле­стік мен­шік ке­зін­де) үле­стік мен­шік­ке қа­ты­су­шы­лар­дың жа­з­ба­ша ке­лі­сі­мін рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі);
5) жал­дау, ли­зинг, мү­лік­тік жал­дау шар­ты­ның, әуе ке­ме­сін мем­ле­кет­тік және (неме­се) орыс тіл­де­рін­де пай­да­ла­ну құқы­ғын рас­тай­тын өзге де құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі неме­се но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған жал­дау, ли­зинг, мү­лік­тік жал­дау шар­ты­ның, әуе ке­ме­сін ағы­л­шын ті­лін­де пай­да­ла­ну құқы­ғын рас­тай­тын өзге де құ­жат­тың ре­сми аудар­ма­сы бар элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (ше­тел­дік же­ке және заң­ды тұ­лға­лар үшін);
6) аза­мат­тық әуе ке­ме­сін қа­был­дау-тап­сы­ру ак­ті­сі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
әуе ке­ме­сі­нің мақ­са­ты өзгер­ген кез­де, оны қай­та жаб­дық­та­ған­нан кей­ін:
1) әуе ке­ме­сін мем­ле­кет­тік тір­ке­у­ге өті­нім;
2) аза­мат­тық әуе ке­ме­сін қай­та жаб­дық­тау құқы­ғы­на ар­нал­ған құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
3) аза­мат­тық әуе ке­ме­сін қай­та жаб­дық­тау бой­ын­ша жүр­гі­зі­л­ген жұ­мыстар ак­ті­сі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
4) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша әуе ке­ме­сі­нің тех­ни­ка­лық жай-күй­ін тек­се­ру ак­ті­сі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
5) құ­ры­л­тай құ­жа­ты­ның (заң­ды тұ­лға­лар үшін) элек­трон­дық кө­шір­ме­сі неме­се же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың (ше­тел­дік же­ке тұ­лға­лар үшін) не но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған құ­ры­л­тай құ­жат­та­ры­ның (ше­тел­дік заң­ды тұ­лға­лар үшін) элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі қо­са бе­рі­ле­ді.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) өті­ніш бе­ру­ші ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
2) өті­ніш бе­ру­ші­нің және (неме­се) ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­дың та­лап­та­ры­на, ұшу­ға жа­рам­ды­лы­ғы нор­ма­ла­ры­на, Заң­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) өті­ніш бе­ру­ші­ге қа­ты­сты қыз­мет­ті неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
4) өті­ніш бе­ру­ші­ге қа­ты­сты заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де өті­ніш бе­ру­ші көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры мы­на­дай ин­тер­нет-ре­сур­стар­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған:
Ми­ни­стр­лік­тің – www.​miid.​gov.​kz, «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мі, «Аза­мат­тық авиа­ция ко­ми­те­ті» бө­лі­мі;
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мы­на­лар­ды алу­ға мүм­кін­ді­гі бар:
ЭЦҚ болған жағ­дай­да пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту;
пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның те­ле­фо­ны: 1414, 8 800 080 7777.

3 Рәміз Уәкілетті ұйымның атауы Қазақстан Республикасы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның атауы, адресі, телефоны, e-maіl, интернет адресі Name of Civil Aviation Authorized Organization Republic of Kazakhstan address, telephone, e-mail, the internet address Қазақстан Республикасының Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығуы туралы куәлік Certificate of cancellation from the state register civil aircraft Republic of Kazakhstan №

Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетін атқарушының
2021 жылғы 26 наурыздағы
№ 131 Бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
азаматтық әуе кемелерін және
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
7-қосымша
Нысан
Рәміз
Уәкілетті ұйымның атауы
Қазақстан Республикасы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның
атауы, адресі, телефоны, e-maіl, интернет адресі
Name of Civil Aviation Authorized Organization Republic of Kazakhstan address,
telephone, e-mail, the internet address

Қазақстан Республикасының Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен
шығуы туралы куәлік

Certificate of cancellation from the state register civil aircraft Republic of Kazakhstan

Осымен куәландырамыз, әуе кемесінің үлгісі :__________________
Thіs confіrm the followіng model aіrcraft type: ________________________
Сериялық (зауыттық) нөмірі: ___________________________________
Serіal Number: ___________________________________________________
Бұрынғы мемлекеттік тіркеу және айырым белгісі:
Former natіonalіty and regіstratіon marks:
______________________________________________
Бұрынғы меншік иесі: _________________________________
Formerly owned by: _____________________________________________
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шықты.
Негіз: ____________
Reason: ____________
Was cancelled from the state register civil aircraft Republic of Kazakhstan.
Уәкілетті ұйымның қызметшісі немесе оның уәкілеттік берген тұлғасы
Employee authorized organization or Employee authorized by him
Берілген күні:
Date of issue:

Қолданыстағы