Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата города Алматы от 30 октября 2017 года № 4/444 «Об утверждении Правил перевозок пассажиров городским рельсовым транспортом города Алматы»

Қаулы · № 3/488 · қабылданған 06.09.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2017-no-4444/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата города Алматы от 30 октября 2017 года № 4/444 «Об утверждении Правил перевозок пассажиров городским рельсовым транспортом города Алматы» Қолданыста Қаулы ·№ 3/488 ·06.09.2024
06.09.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата города Алматы от 30 октября 2017 года № 4/444 «Об утверждении Правил перевозок пассажиров городским рельсовым транспортом города Алматы»

Қолданыста Қаулы ·№ 3/488 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата города Алматы от 30 октября 2017 года № 4/444 «Об утверждении Правил перевозок пассажиров городским рельсовым транспортом города Алматы»
Атауы (қаз.)
Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының қалалық рельсті көлігімен жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 30 қазандағы № 4/444 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3/488
Қабылданған күні
06.09.2024
Көрсетілген редакция
06.09.2024 200654_719446.kaz
Соңғы өзгеріс
06.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24R0178902
ЭКБ идентификаторы
200654
Редакция идентификаторы
200654_719446
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:45

0 Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының қалалық рельсті көлігімен жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 30 қазандағы № 4/444 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының қалалық рельсті көлігімен жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 30 қазандағы № 4/444 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1423 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген Алматы қаласы қалалық рельсті көлігімен жолаушыларды тасымалдау қағидаларындағы:
1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. Алматы қаласының қалалық рельсті көлігімен жолаушыларды тасымалдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 11 бабына, «Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын жете тексеруді жүргізу қағидалары мен талаптарын бекіту туралы» 2022 жылғы 27 мамырдағы № 301 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28298 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығына сәйкес әзірленді және Алматы қаласының қалалық рельсті көлігімен жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.»;
11 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«11. Көлік қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолаушылардың қол жүгін тексеру «Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын жете тексеруді жүргізу қағидалары мен талаптарын бекіту туралы» 2022 жылғы 27 мамырдағы № 301 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28298 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.»;

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы