Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата города Алматы от 30 ноября 2017 года № 4/496 «Об утверждении регламентов государственных услуг в трудовой сфере»

Қаулы · № 3/486 · қабылданған 09.08.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2017-no-4496/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата города Алматы от 30 ноября 2017 года № 4/496 «Об утверждении регламентов государственных услуг в трудовой сфере» Күшін жойған Қаулы ·№ 3/486 ·09.08.2019
20.10.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата города Алматы от 30 ноября 2017 года № 4/496 «Об утверждении регламентов государственных услуг в трудовой сфере»

Күшін жойған Қаулы ·№ 3/486 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата города Алматы от 30 ноября 2017 года № 4/496 «Об утверждении регламентов государственных услуг в трудовой сфере»
Атауы (қаз.)
Алматы қаласы әкімдігінің «Еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы № 4/496 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3/486
Қабылданған күні
09.08.2019
Көрсетілген редакция
20.10.2020 134182_491121.kaz
Соңғы өзгеріс
20.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19R0001579
ЭКБ идентификаторы
134182
Редакция идентификаторы
134182_491121
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:51

0 Алматы қаласы әкімдігінің «Еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы № 4/496 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» және  2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Алматы қаласы әкімдігінің «Еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы № 4/496 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1437 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 желтоқсанда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
1 тармақтың бірінші азат жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін «Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;
аталған қаулымен бекітілген «Жұмыссыздар ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
1 тармақтың екінші азат жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметке құжаттар қабылдау және нәтижесін беру «Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) арқылы жүзеге асырылады.».

2 2. Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы